RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: 8 мая 2008 г. 17:02

Дата публикации: 27 маpта 2008 г.

Для изучающих казахский язык. 27 марта 2008 г.

 [21/554]
на печать печатная версия статьи без элементов оформления комментарии комментарии читателей к статье

Бірігейік, бауырлар!

Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.

Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.

Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

***

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.

Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.

Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Просим не засорять ветку другими сообщениями.


Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:     Пароль:      Автоматически входить при каждом посещении    
Комментарии читателей [21]    Читать через форум   Поиск

Имя [ аноним / ввести пароль ]:
Заголовок сообщения:
Текст сообщения:


Введите код, который вы видите на этом изображении
Введите код, который вы видите на изображении:


Внимание. Максимальная длина сообщения 3500 знаков.      
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 662

Сообщение Чт Мар 27, 2008 10:46  БИСМИЛЛАХИ Р-РАХМАН Р-РАХИМ
Ассалаумағалейкум Алаштың азаматтары!

Соңғы кезде қазақ тіліне салғырт қарап бара жатқан сыңайларың бар, не болып қалды?!
Осы істің басын бастағандар қараларын да көрсетпестен кете барды. Олардың шала ісін бүркемелеймін деп мен жүрмін шамам келгенше мына беттің жабылмауына септігімді тигізейін деп... Сонда қазақ тілі Злойға, Алты Алашқа, Жасминге, Казбекке, толағайға, ВХУЗ және тағы бір үш-төрт азаматқа ғана керек болғаны ма?
Жарайды, ешқайсыңа жалынбаймын, ондайдан құдайым сақтасын, менікі осы істің басы-қасында жүрген соң, әйтеуір мына бет жабылып қалмасын деген ізгі ой еді.
Қарыз емес парызымнан құтылып қалайын деп мына бір қасиетті сөздің мән-мағынасын талдап берейін. Өзім де жақында жол жүрейін деп отыр едім, сондықтан шамам келгенше біраз дүниені сендерге ұсынып кетейін дегендік еді менікі.

Ас адамның арқауы десе, таза қазаққа нан мен еттен артық қандай қасиетті ас бар?
ЕТ I 1. Тамаққа жарату үшін сойылған малдың тұтас етінің бөлшектері. Шикі (жас, сүр, қақталған, пісірілген) 2. Адамның жалаңаш денесі. Мысалы: Свобода слова газетіне Назарбаевтың су жағасында жалаңаштанған еті қатпар-қатпар суреті басылып шығып, тиражды кейбір тоғышарлар сол үшін сотқа берді.
Ет бұзды – етті жіліктеп бөлшектеді, мүшеледі. Ет алды – семірді, қоңданды. Ет асатты – табақта қалған етті дастарқан басындағыларға шетінен бір-бір асату дәстүрі. Ет асым (пісірім) – асқан ет пісетіндей уақыт. Ет ашумен – жаны ашып, күйіп, ашумен іс істеу. Ет бауыр (жақын, туыс) – ең жақын, бірге туған туыс. Ет бауыры елжіреді – а) іші жылыды, еміренді: ә) көңілі босады, егілді. Ет бітті – оңалды, жетілді. Ет желін – сүт аз шығатын мал. Ет жемес де сорпа ішкендей болды – а) қара терге түсті; ә) ұялып қысылды. Ет-жеңді адам – семіз, толық кісі. Ет-жүрегі езілді – іші күйді, уайымдады. Ет жүрек – а) рухани жан дүние; ә) қорқақ, жүрексіз. Ет көйлек – ең жақын, сырлас адам. Ет қоректі – етпен қоректенетін, ет жеп күн көретін. Ет қызу – а) алғашқы қарқын; ә) қатты жараланып қалғанын кезінде сезбей қалды. Етпен қайнап, сүйекке сіңген - әдетке айналған, үйреніскен. Еттен өтіп, сүйекке жетті а) қатты батты; ә) төзбестік халге ұшырады. Еті ауыр – а) денелі, семіз; ә) жайбасар, жалқау. Еті ауырмады – а) жақын адамының ұрысқанын елемейді; ә) жаны ашымады. Еті қашты – арыды, жүдеді. Еті қызды – а) еліріп көтерілді; ә) қарқындады, шабытына келді. Етінен ет кессе де мыңқ (былқ) етпейді – а) мінезі салмақты, шыдамды; ә) без бүйрек. Еті ояздады – арықтады, қоңы түсті. Еті өлді – еті үйренді, көндікті. Еті тірі – пысық, ширақ. Еті тітіркенді – жиіркенді. Еті үйренді – көндікті, көнді. Биліктің озбырлығына, аярлығына, мерездігіне, оңбағандығына, ұрлығына қазақ халқының еті үйреніп, бәріне де көндіккен түрі бар...
2
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5431

Сообщение Чт Мар 27, 2008 12:47  
уа, Әбішұлы Нұрсұлтан!
болып тұрсыз бізге Хан!
Халық кезінде Сізге,
жарылған еді ағынан.

уақыт өтті бірталай,
айтылды сөз мадақтай
Халық, артқан Үмітті
ұмытылды, бұл қалай???

уа, Әбішұлы Нұрсұлтан!
болып жүрсіз бізге Хан!
жүре тұра бар жерде
тек орысша сайраған,
қазақ тілін ысырып
айналайын тағыңнан
Сізге сонша не болған?

балық шірір басынан,
кебін киген түріміз
бола берсек осылай
тарихқа түсер күніміз
Тілі өшкен Халықта
құт-береке болып па?
ана жүрген еврей,
түсініп соны кезінде
көтерген ТІЛін езіле!
мәртебе қандай Тіліне!

біз айтпасақ енді кім?
ашынып салар жүрек үн
жүрген жерде қазағым
керек сөйлеп жазғаның
АНАлы осы ТІЛіңде
мұрасы ата-бабаның!
3
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5431

Сообщение Чт Мар 27, 2008 14:10  
құрметті қазақ азаматтары мен азаматшалары!!!

тілімізді дамытып, алға итермелеу біздің мойынға салынған жүк....

сондықтан, осы тақырып аясында, күніне ең құрығанда бір рет кіріп, АНА ТІЛдеріңізде жазып тұрыңыздар...

басқа қазақи сайттарда жүрген, қазақтарды тартыңыздар осы тақырып аясына.....

көп түкірсе көл болар!
4
you-ЖАН
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424

Сообщение Чт Мар 27, 2008 15:14  
Орыстілділер қазақстандықпын деуді көбейтті. Билік ондайларға төлейтін шығар.

Түпнұсқа атауы: Мен әлемнің қай түкпірінде жүрсем де өзімді қазақстандық санаймын»-Бари
Алибасов.

Ақмолалықтар «Көкшетау» мәдениет сарайында есімі әлемге кеңінен танымал болған, жиырма
жылдық тарихы бар «На-На» тобының өнерін тамашалап, өнер саңлақтарын гүл шоқтарына
бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өңірге осымен екінші рет ат басын
тіреп отырған өнер жұлдыздарының жетекшісі Бари Алибасов төрт халықаралық
академияның мүшесі, Ресейге еңбегі сіңген әртіс, тамаша ұйымдастырушы, Семей
өңірінің тумасы. Сол жерде білім алып, өнерге талпыныс жасады. Әскери борышын
өтеп, қалған ғұмырын өнерге арнап келеді. Сахна төріне шығар алдында республикалық
және жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында ол «әлемнің
қай түкпірінде жүрсем де мен өзімді қазақстандық санаймын», деп азаматтық ұстанымының
беріктігін тиянақтап өтті. Шығармашылығында да қазақ өнері, оның ішінде жақсы
сыйлас-досы, композитор Төлеген Мұхамеджановтың туындыларына ерекше ден
қоятын көрінеді. Бұған дейін жаңа концерттік бағдарламасымен Петропавлда
болса, алдағы күндері еліміздің шығыс өңірінде өнер көрсететін болады. Топ
мүшелері Владимир Политов, Слава Жеребкин, Ярослав Стаховский, Паша Соколовтардың
әрқайсысы концерттік сапармен болған елдің тіліне деген сүйіспеншіліктерін
білдіріп, ауыз-екі сөйлеуді меңгеріп отыратындықтарын жеткізді. Бұл үрдіс
қазақ жерінде де жалғасын тапқан. Баспасөз өкілдері өнер шеберлерінің Көкшетау
қаласының келбеті, өздерінің сүйікті тағамдары мен спортпен айналысуы, басқа
да ұстанымдары турасында сан алуан сауалдарына жауап алды. Кездесу соңы көптің
көңілінен шыққан қызықты концертке ұласты

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/




KIDC: Kazakh International Development Center, 2008. Contact us.
5
you-ЖАН
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424

Сообщение Чт Мар 27, 2008 15:19  
Бұл заман мәңкүрттерді көтереді,
Әлде сол 86 бекер ме еді?
Қазақтың заңы қайда, жері қайда?
Бір сөзбен дауды жеңген биі қайда?
6
you-ЖАН
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424

Сообщение Чт Мар 27, 2008 15:22  


Комментарий удален модератором.
7
WXYZ+
Аноним
Сообщение Чт Мар 27, 2008 16:02  
[quote:8c3ebf91a9="you-ЖАН"]Орыстілділер қазақстандықпын деуді көбейтті. Билік ондайларға төлейтін шығар.

Түпнұсқа атауы: Мен әлемнің қай түкпірінде жүрсем де өзімді қазақстандық санаймын»-Бари Алибасов.

[/quote:8c3ebf91a9]


Ал енді көрейікші - Неге Бари өзін қазақпын деп айта алмайды?

Өйткені:
1) оның ұлты татар (шешесінен, әкесі қазақ болса да), және
2) Кеңес өкіметі кезінде Семейде туып-өскен.

Демек, ол тәуелсіз Қазақстанның азаматы болған да емес, және қаны да - қазақ емес...

Ал қазіргі кезде Ресей азаматы басқа елге барып, сол елдің ұлтына жақындығын айтуды - "дәрежесін" түсіргендей боп көрінгісі келмейді.

Сондықтан: Б.Алибасовқа ешқандай өкініш-талаптын шығатын көзін көріп отырған жоқпын, бауырым Ю-Жан... Ол - "россиянин" қатарында, шындығына келсек!

---------


Одан да, осындағы, арамыздағы, билеп-төстеуші шалақазақтарымызды - калтасы қалын, және өз ұлтынын қолдауынсыз-ақ, әрі қарай байи бере алатын "казах" азаматтарын қолға алғанымыз жөнірек болар!


---------
Вхуз
8
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 662

Сообщение Чт Мар 27, 2008 16:18  АЛТЫ АЛАШ БАУЫРЫМА
«Уа, Әбішұлы Нұрсұлтан!
Болып тұрсың бізге хан!»
Алтеке өлеңің әйбат екен, бірақ тым жұмсартып жіберген екенсің, жібі босаған өлеңнің ақыры жібі түзу болмайды. Соны ескертейін деп ауылдың алты ауызын шырқатып жібергенімді әбестік деп санамаймын...

Тыңда мені Құрсұлтан,
Шыққан тегің құл-құтан.
Қазаққа сонша өшіктің,
Тумадым деші қалмақтан?..

Сенген едік,
Сенбейші,
Көнген едік,
Көнбейші...
Үмітін үздің қазақтың,
Сөнер болдық,
Сөнбейші...

Болдық әбден өлімші,
Жауызсың,
Айтам көзіңше!
Ұрыға ақыр құл болған,
Көмілші қазақ,
Көмілші...

Тұздығы ащы өлеңім,
Жұртым айтар көлемін.
Құрсұлтан еккен «көкдертті»,
Жеңем деп әлі келемін...

Келмесі әлім,
Бұл – мәлім,
Бой бермеді қу зәлім...
Өзіме көз алартсаң,
Жұртым-ау, қалды не халім?

Өлеңіне қараймын,
Алты Алашты аяймын.
Қол-аяғы тұсаулы,
«Бюджетник» деп ойлаймын...
9
Жақсылық
Аноним
Сообщение Чт Мар 27, 2008 16:29  
Мені таңдандырған нәрсе - қазақша білмейтін қазақтардың түрік тілі арқылы қазақ тілін үйренуі. Түрік компаниясымен жұмыс жасайтын орыстілді қазақтар ағылшынша да, орысша да білмейтін кей түріктермен түсінісу үшін түрікше сөйлеп үйреніп, қазақша кей сөздерді тек осыдан кейін ғана ұғынып, қолдана бастады. Сонда осы уақытқа дейін қазақ тілін үйрену қиын болды ма екен?!
10
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Мар 27, 2008 16:48  
Құрметті замандастар!
Қазақ тілін үйрету мақсатында жақсы талпыныстар орын алып отыр. Интернет желісінде техникалық терминдерді, іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізуге үйрететін жаңа ресурс пайда болыпты. Өздеріңіз бағалап көріңіздер www.techkz.kz.
11
Kamikadze
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025

Сообщение Чт Мар 27, 2008 20:41  
Шынында да қазақша сайттар көбейді.
Снда баруға болады.

Бірак осында бір тармақты қалдыру қажет.
Кіреміз, Ерекеңнін өлеңін тамашалаймыз, бастыққа тас лақтырамыз,
Алтеқеңнің хабарын оқыймыз... рахат.

Камикадзе
12
Kamikadze
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025

Сообщение Чт Мар 27, 2008 20:49  
Жарайды, кұйеу халық жау болсын, қайын атасына қастық ойласын, сол ұшін сотталсын!

Ал қыз не болды?

Онбір жылдың ішінде кұйеу не степ, не койып жатқанын білмеді ме?
Кім осындайға сенеді?

Ел журттан тартып алынған дұние мұлік қатында қалды ғой!

Кай бетімен қан жалаткан жылтрауқтарды тағып елге шыгады?

Масқара!

Нағыз қарабет болды ғой!

Камикадзе
13
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 662

Сообщение Чт Мар 27, 2008 21:17  
Ойбай-ау Камикадзе не деп тұрсың,
«Қалмаққа» өгей қыздың күні құрсын!
Белінен қай заңын да бассадағы,
Тумаған қызға бола қалай бұрсын?..

Дариға ән шырқайды «закурим» деп,
Рахатты сыйламайды күйеуім деп.
Арманы миллиардты басу еді,
Венаға барғаны сол байын іздеп...

Қорқаудың еркегі не қаншығы не,
«Бұлардан» келіп-кетер не бар бізге?
Үзілмей «төңкерістер» бола берсе,
Жездемнің жете алмасы қара күзге...

Сыйлаушы ем жездем бар деп Шапырашты,
Шығып қап «Қалмақтығы» артын ашты...
Қайғырам «Арғын апам қайда жүр?» деп,
Жайларын ойлай-ойлай құтым қашты...
14
Kamikadze
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025

Сообщение Чт Мар 27, 2008 21:39  
Білмеймін Ереке, осындай мәселе теғін отпес…

Әкесін халық жау жасаған атасын бұлар да аямас, мен білсем...

Құдай біледі, тұбінде немересі төсеғінде бауыздамасын,
әкесінің ақысын аламын деп.

Әйтеур жақын түыс қан ішпей бітпейді.

Нағыз құдай төбеден үрды деғенін сонда білер бәлем.

Ал өгей қыздың жолы бөлек. Сенікі дурыс.

Камикадзе
15
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 662

Сообщение Чт Мар 27, 2008 22:01  КАМИКАДЗЕ БАУЫРЫМ!
Аяғы немен бітетінін болжау үшін сәуегейліктің керегі жоқ, тамырынан шіріген ненің болсын құлары анық...
Апогеяның біткен жері арқашанда басынан басталады. Бұлардың шығуы жаман қамысты су ішінен өрт шалар дегендей ең алғашқы рет қалмақ қазақ еліне хан сайланғаннан көктеп шыға бастаулары ұрлық пен тонаудан басталғасын сұм қорқаулардан не күтесің?
Қантөгіс болары анық, сондықтан біздің басты міндетіміз - қазақтың қанын судай төктірмеу, яғни ұлт ретінде сақталып қалу!
Тіпті ол үшін өз жанымызды пида етуіміз қажет!
16
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Мар 27, 2008 22:22  
Нағыз қазақ, бұғінгі кұні сүрініп жатса да қолын бермес.

Ертеңғі кұнді неге ойламайды?

Сұйегіне орын таппай ұрпақтары сандалып иттей болмасын.

Камикадзе
17
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 662

Сообщение Чт Мар 27, 2008 22:32  16-му!
Дәл үстінен түстің, қалмақтың жолы - құрдымға апаратын тура жол!

Түбінде "мынау" осылай агониясын жалғай берсе, ана Отансыз, тусыз, жерсіз халықтардың күні қазақтың да басына келейін деп тұр...
18
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Мар 28, 2008 00:33  
WXYZ+-ға
Бари Алибасовтын озін кім деп есептегені маган барібір, мәселе ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕГЕН ҰҒЫМДА.
мАСЕЛЕ АЛИБАСОВТЫН СОЛ СӨЗІН КАЗИНФОРМ САЯСАТ ЕТІП ТАРАТКАНДА.
ТАК ЧТО КУРМЕТТІ WXYZ+ АНАЛИЗ ЖАСАП, ЖУРТТЫ АДАСТЫРМАНЫЗ.
19
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Мар 28, 2008 08:55  
Мен (10 Anonymous) көрсеткен сайтқа кіріп көрдім www.techkz.kz." Сын айтылмай, мін түзелмейд"і демекші, біраз кемшіліктері бар сияқты. Осындай істердің басы басталып, аяғы салғыртыққа салынып кетеді. Мүмкін әлі толықтырылатын шығар, деген үміттемін.
Әрине бұл істі бастаған адамдар ұлы іс істеді. Бүгінгі таңда шынымен де техникалық мамандықтарда кездесетін сөздердің қазақша баламасы өте қажет.
20
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5431

Сообщение Пт Мар 28, 2008 09:48  
Ер-еке,

қайдағы "бюджетник"....болсам да жазар едім, дәп солай...

төпеп қатты айтқанша, нақты айтқан жөн шығар
21
антивирус
Аноним
Сообщение Пн Мар 31, 2008 10:48  
МАНКУРТ-это существо,национальное сознание которого ранее было "опущено"масонским руководством СССР(Системы Супер Современного Рабства), а сейчас ежедневно "опускается" международными паразитами стремящимися к мировому господству. Манкурты на своей Земле, в своей Стране, в своем Доме между собой разговаривают на языке тех, кто их "опускает."
Реклама


Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 479226
Всего зарегистрированных пользователей: 14251
Последний зарегистрированный пользователь: Mirra Alba
Сейчас посетителей на сайте: 59, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 59
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Fcuk (5570) Alty Alash (5431) kazak (3363) ангел (3234) Йода (3162) Евгений Нечаев (2750) Я (2700) Wladimir (2581) Strannik 18 (2440) внучок (2371)

Рубрики
  День за днем
  Авторские колонки
  Интервью
  Политика
  Общество
  Выборы
  Юбилеи, праздники
  Заграница
  Масс-медиа
  Экономика, бизнес, финансы
  Социология
  Жизнь
  Трибуна
  «Бергамотовый чай»
  Геополитика
  Расследования, судебные процессы
  Другие СМИ. Избранное
  «Старый НАВИГАТОР»
Всего статей в архиве: 23459


«Горячие темы» на форуме
Комментарии к блогам
История..... Какая она? В документах, или вымыслах? [103/210]
 HUNN (Аноним) Sat May 10, 2008 01:59
Комментарии к блогам
Статистика от Маршала Советского Союза: [17/47]
 Anonymous (Аноним) Sat May 10, 2008 01:49
Комментарии к блогам
Поймите, мы должны говорить правду! [188/719]
 Anonymous (Аноним) Sat May 10, 2008 01:48
Комментарии к блогам
Про Парад. [37/162]
 Северный (Аноним) Sat May 10, 2008 01:01
Комментарии к блогам
Два Фронта и два взгляда: информация для политиков.. [9/27]
 Anonymous (Аноним) Sat May 10, 2008 00:20

Последние комменты
по статьям на форуме
Казахстанские новости. 8 мая 10.00 [22/33]
 А прикол в том, что (Аноним) Sat May 10, 2008 01:49
Ермухамет Ертысбаев: Я приветствую любое упоминание обо мне [48/40]
 HUNN (Аноним) Sat May 10, 2008 01:36
Для изучающих казахский язык. 8 мая 2008 г. [92/57]
 ER-KOKSHE-ER Sat May 10, 2008 01:08
Булат АБИЛОВ: “Экономика должна быть свободной” [54/127]
 Anonymous (Аноним) Sat May 10, 2008 00:26
Народные новости. 8 мая 2008 г. [58/151]
 Сократ Fri May 09, 2008 23:47
   вернуться на предыдущую страницу на предыдущую   прокрутить страницу вверх наверх

 
Яндекс цитирования