RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: 12 мая 2008 г. 16:46

Дата публикации: 11 апpеля 2008 г.

Для изучающих казахский язык. 11 апреля 2008 г.

 [161/1537]
на печать печатная версия статьи без элементов оформления комментарии комментарии читателей к статье

Бірігейік, бауырлар!

Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.

Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.

Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

***

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.

Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.

Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Просим не засорять ветку другими сообщениями.


Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:     Пароль:      Автоматически входить при каждом посещении    
Комментарии читателей [161]    Читать через форум   Поиск

Имя [ аноним / ввести пароль ]:
Заголовок сообщения:
Текст сообщения:


Введите код, который вы видите на этом изображении
Введите код, который вы видите на изображении:


Внимание. Максимальная длина сообщения 3500 знаков.      
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 10:18  
Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!
Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!
Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!

"Қазақ тілін үиренеиік" тармағына кіріп аитысып-тартысаиык!

Мұндаи арандатушы мақалаларға көңіл аудармасақ,
тапсырыспен жазуларын да тоқтатады емес пе???

Түсінсеңдерші!
Соңғы екі-үш аида қаншама осындаи арандатушы мақала шықты.
500-600 коммент жазып, бұларды мәз қыламыз.

Пісүк, Біләдімір, Гірігөріи сиақтылар "біз тастаған сүиекке мына иттердің ырылдасқаны-аи" - деп,
ішек-сілесі қатқанша күліп, мысқылдап, намысқа тиіп одан ары қоздыруда.

Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!
Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!
Е-е-е-и, ҚАЗАҚТАР!

Қазақша жазыңдар!
2
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Сообщение Пт Апр 11, 2008 10:34  
Ассалаумағалейкөм азаматтар!
Ю-Жан! Ақыры сенің жауабыңды ала-алмадым. Әлде менің эл. почтам бармады ма? Сен Қостанайға баратын кезге қарай мен де командировкаға барып қалуым мүмкін. Соған орай электронкамда телефондарымның бәрін жазып жіберген едім.
Мына төмендегі мәдени сөздікті соңғы кездегі ара байланыс-қатынасымызға қарай түсінбей жатқандар болса оқып-түсінсін деп келтіріп отырмыз:

КЕҢКЕЛЕС – Есалаң, жарымес, әпербақан. Еш нәрсенің байыбына бармайтын кеңкелес.
КЕР – Менменсінген, тәкаппар. Кер азу (ауыз) – бір бет, қыңыр, қырсық. Кер заман – қиыншылығы көп дәуір, уақыт. Кер кеуде (көкірек) – Тәкаппар, өркөкірек. Кер маралдай керілді – бойына әсемдік жарасқан, майысып бұралана басқан.
НАДАН – Көр соқыр, топас. 2. Хат танымайтын, қараңғы.
НАЙСАП – Оңбаған, жексұрын, арамза.
НЕКЕС – Жексұрын, сұм; арамза.
НЕКЕСТІК – Жексұрындық, арамзалық
ДИКТАТОР – Мемлекет ісін шексіз билеуге еркі бар таптың шексіз үстемдігі. Диктатор қалмакеңнің өмірі тозаққа айналып, не істерге білмей аласұрып, шенеуніктерін сапырылыстыра бастады. Сасқан үйрек құйрығымен сүңгиді десе, оның қазіргі хал-жағдайы осылай...
ДОҢЫЗ – 1. Шошқа. 2. Ауыс. Мінезі тұрпайы, дөрекі адам.
ДОҢАЙБАТ – біреуге көрсетілген сес, ашу, ызбар. Қыр көрсету.
ДӨКІРЛІК – Дөрекілік, тұрпайылық.
ДӨМПИ – Қомпию, дүмпию.
3
Злой
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:00  
Бәріңе сәлем!

Алтеке, Қамеке,

ВХУЗ көрінбей кетті. Жұмысы көбейді ме? Аман ба?
4
мумин
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:04  
Жүма намазға баруды умытпандар, қазақтар!
5
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:09  
Ассалаумағалейкум!!!

Ер-еке,

Қостанайға мен де барамын....үшеуіміз бас қосып кездессек те болады...


Злеке,

ВХУЗ-еке маған ренжіп қалған шығар (ты одуванчик - сен бақбақ, дегеніме), осында кірмей жүр, негізі сайттқа келіп тұрады, блогтарда жазады....Я-шканың тармағында да болады...

мен саған балалар кітапшаларын қарайын деген едім, осы Ақтөбе кітап дүкендерінен, алайда қолым бүгін ғана тиейін деп тұр....кешір сағыздай созғаныма бұл мәселені....
6
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:16  
бауырлар!

осы біздің жап-жақсы қазақша жазып, ОЙ өрбіткенімізді көре алмай, сырттан қазақ болып арамызға кіріп, от салып, тиісіп, балағат сөз жазып жүрген АРАНДАТУШЫлар бар....

онымен қоймай, таулы, болып жүрген комментатор мынадай коммент іліп қойыпты, орыстар оқып білсін деп:

"32

таулы
Свой человек ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 133

Чт Апр 10, 2008 19:25 Ангелу

Привет как дела?как твои успехи по казахскому. Видел вчера на Казахскии язык заходила. Как успехи, ну как выучила слова на казахском по собачему сексу. вчера, дискуссия на эту тему развивался."

бұл барып тұрған дезинформация, сонымен қатар бізге күйе жағудың әрекеті....

мұндай АРАНДАТУШЫларға мән бермеңіздер....тек админнен олардың сорақы комменттерін алып тастауды талап етіңіздер...
7
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:18  Алтеке!
Мен мына эл.почтадан шаршайын дедім. Маған жазғандардікі келеді де менің жазғандарымның көбі баратын жеріне "жетпей" қалады.
Әсіресе тұздығы ащылау мақалаларым мен өлеңдерім газетіме жете алмай "адасып" кететіні бар. Сондықтан қиын болмаса маған эл.почтаңның адресін берсең.
kuanish-gasir@mail.ru
8
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:21  Алты Алашқа
Алдыңғы күні ылыққан итпен ұйлыққан иттің мәні не деп әңкілдеп жатыр еді ақын сабаздар, ал енді арандатушылық деп атойлап жүрсіңдер.
9
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:30  
Ер-еке,

хат жазып жібердім...
10
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:33  
таулы,

ол әңгіме жыныстық қатынас жайлы емес, сол қатынастан туған күшіктің атауы жайлы.....әңгіменің түп етерін біліп барып жазсайшы жазатын болсаң....тыныш жүр, жалпақ та тура сөйлейтіндігің бұл жерде дауа болмас, аңғал болма, астарына жет алдыменен.....
11
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:34  Ю-ЖАН, АЛТЕКЕ!
Ю-ЖАН!
Соңғы берген эл.почтаңа хат салып жібердім, күт. Сонда біраз дүние жазылған.

Алтеке, көп рахмет! Хатыңды алысымен жауап аласың.
12
WXYZ+
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:35  
[quote:f4a1128ae6="Злой"]Бәріңе сәлем!

Алтеке, Қамеке,

ВХУЗ көрінбей кетті. Жұмысы көбейді ме? Аман ба?[/quote:f4a1128ae6]

Ассаламуағалейком, жігіттер мен қыздар, бауырлар!

Бауырлар!
Алты Алаш бауырымыздың айтқан сайтын (Ел.Кз) негізге алған дурыс болар деп ойлаймын... Соны портал ретінде кеңейту керек.

Кезінде сол сайтты осы Навигаторға балама, конукрентты сайт ретінде уйымдастырған едік, бір топ жолдастар, соның сабақтарынан нітиже шығара жұмыс істеу керек шығар...

Ал "Интернет- партия" деген менінше болмайтын нәрсе, - оны Александердің (Асар-вместе) тәжірибесі, анық көрсетті емес пе?

Егер порталды нағыз КЕҢ АУҚЫМДЫ баспасөз ретінде - және оны Ер-Көкшенің кәсіби тәжірибесімен, ЖЕРГІЛІКТІ, бұкіл елді қамтитын, корреспонденттік жуйе қурсақ, еліміздің бар аумақтарын, ауыл-аудан орталықтарында, ауыл турғындарына жеткізсек (қазір мектептерде Интернет бар емес пе?) -
- тек сонда ғана біз өзімізге тең, тиесілі орнымызды аламыз!
("рыноктағы ниша", дегенді...)


Осы ойға қалайсыздар?

(Мен бұны 3 жыл бұрын айтып едім, жігіттер құлақ аспады, Ел.Кз содан, аса көтерілмеді... деп ойлаймын).


Жергілікті жерлерге жету қажет - олсыз, халықсыз, кең өріске шықпай - тұк болмас!


--------------
ПС.
Мен тиіп-қашып сайтқа қарап жүрем, көбінесе ана блогтарда жаңадан пайда болған Лукашев, Лобанов, Владимирлерге тойтарыс беріп журмін... өз жағымыздан шығып жатқан мәңгұрт Ылияс Мамырбаев пен т.с. жаңа құбылыстарды зерттеп журмін...

Бір мақала да, дайындап едім, "Коррупцияны қалай жеңуге болады" деген А.Нефедовтын мақаласына (сайтта 28.03.08 шыққан) - сын ретінде...

Бірақ соңғы cаяси уақиғаларға алданып, қол тимей жатыр бітіруге, сол мақаланы...

------
Вхуз
13
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:35  
таулы,

өзің қайда тұрасың? Қостанайға кел 1-4 мамыр аралығында, бас қосып кездеселік.....тағы да басқа азаматтар болмақ....бетке тіке қарап айтайық, сырттан батырсынбай...
14
WXYZ+
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:40  
Ер-еке, қолымнан келгенше көмектен қашпаймын, тек уақыт аз... менің поштам мынау, WXYZ-2007@yandex.ru
15
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:47  
түс қайта келем....ұрсып, балағатқа бармаңдар....есті болғайсыңдар бауырлар!
16
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:50  
таулы
Свой человек ( ? )

зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 134
Чт Апр 10, 2008 20:59 142-й
Казаки знанием казакского ум и интелект русских неизмеряют, Ми их измеряем по Вашим комментам на этом форуме. Вабще откуда знаешь что я казах. Мои ник Таулы тебе ничего неговорит.

Сонда бұның ұлты кім боп шықты?.............................
Қалмақ дегенді естісе шыжалақтайды...................
Бәсе, бәсе.......................................
17
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Сообщение Пт Апр 11, 2008 11:52  Алты Алаш
Сіздер өздеріңізден басқаны кем санайсыздар, тілді сіздер ғана жетік меңгергендей, мүмкін әдебиетте еңбектеріңіз сіңген шығар. Ал мен болсам ана тілімді өндірісте ендіріп,алдыңғы шепте жүргендердің бірімін. Сондықтан да біз жасап жүрген еңбек сіздердікінен кем деген қате пікір.
Ал енді күшік ,еді,пәлен еді деп тайқудың қажеті жоқ, болған әңгіме болсын, сол жерде қалды. Мен тағы да қайталаймын бұл жерге үлкен де кіреді,кіші де кіреді-кеңкелес пен ,нақурыстан басқаны үйретіп алсақ та жетер еді.
18
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:00  16
Қалмақ тауда жүрмейді, тағы да ойлан
19
Злой
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:13  
ВХУЗ-еке,

Оған да жетерміз. Корреспонденттік жуйе құрамыз. Кезінде бұл тармақ өз өмірімен жүрсін дегенмін. Бірақ кезінде үміт үзген едім. Сондықтан "ұятқа қалмай өзіміз жаба салайық" дегенім бар еді. Ал енді ондай ой жоқ. 3 күн бойы комментердің саны 100 асты. Басқа тармақтардан көп.

Болгтарда да қазақша жазуға болады енді. "Рух пен Тіл" қазақша шрифтпен шықты. Олардың көп ойларын бөліспесем де, қуанышты.

Александрдың сайты басқа себептерден аяғына тұралмады. Сайтты ашуға болады (ел.кз - тың негізінде).



Таулы!
Сені ауру деп санағым келмейді. Әзірше сені түсініп жатқан жоқпын. Түсіндір.

Неге ренжисың?

Ерекеге не өкпе бар?

Бізге қандай айтар сөзің бар? Боқтамай пікіріңді білдір.

Мына тармаққа қандай көмегің болуы мүмкін? Қандай рөл атқара аласың?

Көмегің болмаса, пікірталасқанды ұнатасың ба?

Ұнатпасаң, көмегің тимесе несіне келесің?

Дос іздейсің бе, жау іздедің бе?

Әр сұрағыма нақты жауап берші, ешқайсын жібермей.


Алтеке, Ереке, басқада бауырлар.
Осы әңгімемізге (Таулы жауап берсе) араласпай тұрыңдаршы, өтінемін.
20
СӘКЕН
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:13  
Әу, ағайындар! Мен де сіздермен біргемін. Мақала, өлең жазбасамда ақ пен қараны таныймын. Талаптарыңа нұр жаусын!
Мен "Туған жерім - қазақ жерім" қозғалысының, Мэлс Елеусізовтың "Табиғатында" белсенді мүшесімін. Қоғамдық қайраткер деген атағым болмаса да қандай болмасын митингілерден, пикеттерден қалыспаймын. Мына тармаққа аз шығатын себебім, өзімдікі деген компьютер жоқ, сондықтан офистің сайтынан шығып жүрмін және жұмыс бастан асады.
21
ER-KOKSHE-ER
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:21  WXYZ айтса бопты!
Жазған хатымды күт.
22
Anuar (shala-kazakh)
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:38  
Kurmetti dostar! "S uma shozhu" kazakhsha kalai bolady?
23
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:47  Злойға
Менің ешкімге өкпем жоқ, еш жанға осы сайтта анайы сөз және айтқан емеспін. Мен әрқашанда өз Нигіммен шығамын, кей домалақ-аноним комменттерді маған жапсырады олар мен емеспін. Бұны бір деңіз. Екіншіден Көкше бейауыз өлеңдерін шығарып,сайтқа іліп жүрді, ал бұл жерге менің балалым,іні-қарындастар кіреді. Сондықтан болмайды. Ал өзіме келсем заңгермін, осы бағытта кеңес беруге әрдайым дайынмын. Билік орнында істемеймін,өндірістемін.
24
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 12:59  
Құп, www.el.kz сайты - өте сәтті аталған. Ұйымдастырушылары да бауырларды құшақ жая қарсы алуға әзір деген ойдамын.
Менің ұсынысым. Сол уәделескен кездесуде - www.el.kz сайтын портал деңгейіне көтерсек.
Портал деген сайттан бір саты жоғары тұратын құрылым-жүйе.
Мәселен:
- бас бет www.el.kz бул бетті бассаң www.el.kz/home.html ашылады. Және де парақтың үстіңгі жағында 8 блок (болги емес) болады:
Блоктар:
1) Саясаят (оны жаңа IP де тұрған сайтпен қатыстыруға болады - мысалы редирект функциясы арқылы немесе линк немесе тіклей құрылым ішінде)
Мұнда 4-5 сауалнама, жаңалықтар таспасы, талдау авторлық мақалалар, сұхбат, видео, таңдаулы ақпарат, рейтинг тағы басқа.....
2) Байланыс (ұйымға, қозғалысқа қалай мүше болуға болады - мүше болу ашық болуы тиіс: сонда қолдағандар саны көбейгені көрінеді - Ұйымдастырушылық-бастама тобына кіру шарттары )
3) Он-лайн конференция функциясы
4) Рейтингілік блок: қазақша сайттар рейтингі, қазақша сөйлейтін саясаткерлер рейтингі, сөйлей алмайтын қайраткер сымақтар кері рейтингі т.т.
5) Жарнама блогы (Жарнама берген тұлғалар - қазақ тілі мен азаттығы қаражат жұмсалаты туралы хабардар болуы тиіс - баннер, мақала). Сілтемелер.
6) Әріптестік блок: Қазақша сайттарға сілтемелер.
7) Танысу блогы - Мұнда жас қыздар мен жігіттер қазақша өз анкеталарын толтыра алады.
8) Интернет дүкен - Кітап, ДВД сату мүмкіндігі бар. Баспаханалар осы дүкен арқылы сатса - оларға толтыру мүмкіндігін беріп, төлеген қаражатты ауылдағы қиыншылық көріп отырған қазақ отбасыларына көмек ретінде тарату.
9) Ақындар (аттарымен меню берсе)
- Шәікірм
- Шаханов
- Ер көкше
- Мауданов

10) Әдебиет:
- Есенберлин
- Сматаев
т.т

оң жағынада ***) Форум-талқылау (Қазіргі www.el.kz тегі форум орналасады)


Бас бетте тек қана саяси блок болғаны жөн болар. Қалған блоктар немесе жаңа блоктар ашуға болады. Жұмыс жалғасады сонда.
25
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:00  
Жоғарыдағы сайт құрылымы туралы коммент менікі - Ю-ЖАН
26
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:04  
S uma shozhu - контекске байланысты.
- С ума схожу (по тебе) болса - махабатты білдіреді. 200 процентов ғашықпын десең де болғаны. Дөп аудармасын Ер көкше көмектеспесе, қиналамын.
- С ума схожу (надоело) болса - Жындандым, ығырыма тиді, мезі қылды, басты қатырды десең де - болады.

Ю-ЖАН
27
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:07  
таулы,

17 жазғаныңа.....сені кемсітіп тұрған ешкім жоқ, тек "ірігеннің аузынан шіріген сөз шығадыдан" аулақ бол деп тұрмын....қазақ тілі дөрекі де тұрпайы тіл емес, ол әдеби де шешен тіл....сол астарына балап жаз, соған төсіл...кер тартпалық пайда бермес, саған да маған да....дөрекі сөйлеп, жақтан тартатын да кездер туар, тек ол сөз қазақ халқының жауларына арналар....өз қазағыңды келемеждеп, мысқылдап, кекетңп, балағаттап абырой табамын десең өз еркің...тек онымен абырой таппассың дегім келеді....алдыңғы шепте жүрсең жүр, сені артқа тартып отырғаным жоқ, тек сол алдыңғы шепте жүрген басқа қазақтарға шүйлікпе орынсыз....
28
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:09  
таулы,

17 жазғаныңа.....сені кемсітіп тұрған ешкім жоқ, тек "ірігеннің аузынан шіріген сөз шығадыдан" аулақ бол деп тұрмын....қазақ тілі дөрекі де тұрпайы тіл емес, ол әдеби де шешен тіл....сол астарына балап жаз, соған төсіл...кер тартпалық пайда бермес, саған да маған да....дөрекі сөйлеп, жақтан тартатын да кездер туар, тек ол сөз қазақ халқының жауларына арналар....өз қазағыңды келемеждеп, мысқылдап, кекетңп, балағаттап абырой табамын десең өз еркің...тек онымен абырой таппассың дегім келеді....алдыңғы шепте жүрсең жүр, сені артқа тартып отырғаным жоқ, тек сол алдыңғы шепте жүрген басқа қазақтарға шүйлікпе орынсыз....
29
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:12  
Ануар,

22 жазғаныңа,

с ума схожу - есім кетті, есім ауды
сумасшедший - есуас
сдурел - жынды болдым
30
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:15  
Злеке,

түсіндік, енді таулыға жазбаймын



Ер-еке,

менің жазған хатым жетті ме?
31
Талапкер
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:29  
нет бы казахскому учить, так вы в терки пошли. Напесать про коррупцию в блог Студенты. кз? Учите давайте нас, баурымдар.
32
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:33  
Талапкер,

сен оған алаң болма.....не білгің келіп еді , сұра.... жауабын жазайық...негізі мен осы блогтарда жазғым жоқ....
33
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 13:51  
Мен сендерге айтатыным мынау.Барларың Ер-Көкшөге Болашаққа Таулыларға жабылып кетесіңдер.Түсінбей қойдым.
Бұл авторлар текст жазбау керек шамасы
34
Злой
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:00  
Таулы,

1. Анонимдерді сенімен шатастырғанымызда өзіңнің де кінәң бар шығар? Олар сенің комментеріңе ұқсастырып жазады. Демек, өзің боқтамасаң, "мынаны Таулы жазды" деп ешкім ойламайды.

2. Сен былай деп жауап бердің:
"Екіншіден Көкше бейауыз өлеңдерін шығарып,сайтқа іліп жүрді, ал бұл жерге менің балалым,іні-қарындастар кіреді. Сондықтан болмайды".

Оған айтарым мынау:

а) Ереке боқ сөз жазған жоқ. Іні-қарындастарың Ерекені оқыса, жаман болмас. Өкіметіміз елге қарсы жүретінін білмей ме інілерің? Ерекең де кейде тым алыс кетеді. Оны мен де байқағанмын, өзіне айтқанмын (шапрашты, "қалмақ" жөнінде). Бірақ інілеріңнің басы істесе, білімі бар болса, тәрбие көрсе, ақынның гиперболаларын түсіну керек. Әлі жас болса, өзің түсіндір.

б) Қарындастарың боқ сөз естімеген таза "нәресте" болса, өзіңнің кейбір комменттеріңді оқып, не үйренеді? "Мына қазақтар өзімен өзі ешкімге де тиіспей әңгімелерін жарастырмақ болса, "Таулы" деген бір қазақ жанжал тудырады. Қазақ шығарсың. Қазақ болмасаң да, жұрт сені қазақ деп түсінеді ғой.

в) Интернетке шығатын адам Ерекеңнің сөзі түгіл басқа да талай жаман нәрсе көреді. Порно-сайттарды айтпай-ақ қояйық. Мына сайттың өзінде (басқа тармақтарында) талай боқ сөз кездестіруге болады. Сен болсаң тек Ерекеге жабыстың. Соны түсінбейміз. Сондықтан сөзіңе сене қоймаймын.

г) Мүмкін, НАНға сенетін шығарсың. Сол себептен Ерекені жек көресің. Ол да мүмкін. Бірақ Ерекең көптің біреуі. Ақ Орданы "ұрылар" деп көбісі айтады. Дәләлдеріміз де өте көп, құр сөз емес.

3) Жауабыңа қанағаттанбадым. Түсіндіргің келмесе, өз еркің. Сонда да боқтамай, жұртты ызалатпай, пікіріңді айтып жүргін. Тәжірибең бар екен. Кеше "мен кадровикпын" дедің, бүгін - заңгер. Алдап жатқан жоқ деп ойламаймын. Кадровиктер де юрист бола алады, юристтер - кадровик бола алады. Өзім де талай жұмысты ауыстырғанмын. Кім болсаң да, жұртпен көб араласасын. Қарапайым адамдардың жағдайын білесің. Соны айтып көмек тес. Басқа да ойларың бар шығар.

Басында (тармақты ашқанда) "Бірігейік, бауырлар!" деп бекер айтқан жоқпыз ғой!
35
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:08  
Біреудің әйелі түсік тастаса да Ерекеңнен көретін болдық қой сығыр құдай-ай.
36
Арыс
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:15  
Құрметті әріптестерім, ҚАЗАҚ атына кір түспесін деп,ақыл-ойларын,
ұсыныстарын тілге тиек ете отырып,мына кетеуі кеткен кер заманды,
ащысын ащы, тұщысы міне деп көрсетіп отырғандарыңызға рахмет.
Күлтебенің басында күнде жиын... демекші,бір-бірімізді қайрай берген-
нен ешнәрсе шықпас. Өткенде ғана Ю-Жан деген қандасымыз, келелі
ой,жанды пікір білдіріп еді,аяғы сұйықтанып бара ма, қалай?.
Осы мәселені, яғни халықтың сөзін сөйлеп,жоғын жоқтар бір сайтты
ашсақ дееген ұсынысын ортаға салған. Осы туралы бір тоқтамға келсек.
37
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:25  
33 беймәлім,

қойыңыз, олай деп жала жаппағайсыз....жабылып жатқан ешкім жоқ, тек өзара балағат болмасынға шақырып жатырмыз....


Арыс бауырым,

өткенде осы жайлы ойымды жазғанмын.....негізі http://www.el.kz/ мына сайтты түпнұсқа етуге шақырамын.....ВХУЗ-еке де қолдап отыр осы ойды
Ю-Жанның да ұсынысын алдым, қазір сайт алқасымен кеңес өткізіп, шешім қабылдағлы жатырмыз.....

ал одан басқа сайт керек, дербес, десеңіздер онда ол проектіге мен қосыла алмаспын....екі қайық басынан ұстап, суға кетіп қалғандар аз емес....өз ісімізді жеткізгеніміз абзал межесіне
38
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:39  
осы араларыңда атқа мінетіңдерің бар ма?.....менде үш жылқы тұяғы бар....біреуі мінетін ат, екеуі бие.....осы жазда ұлыма тай әперіп, оны атқа отырғызбақпын....қазақ ұлттық киімдерін пішіп-тігетін ұсталарды білетіңдерің бар ма? киім тіккізейін деп едім....
39
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:42  
осы блогқа қалай қарайсыңдар?

мен мысалы сол блогтарға барып жазуға әуестігім жоқ.....маған форум ыңғайлы....
40
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:49  
Сүйінші!!! Тоқаев орыс тіліндегі телерадио, баспасөздің қазаққа нұқсан келтіріп отырғанын енді түсінді!
Толығырақ оқимын деушіге:
http://195.245.253.227:8080/kazlang/news/news.html?id=526

Айтпақшы Алты Алаш, ойыңды қолдаймын, сайт жасау ісі - бізде ақша табу емес, абырой да асыру емес, қазақ тілі мен рухына жан ашу, ат салысу,
сондықтан дұрыс айтасың, жұмыла істеген жұмыс жеңіл болады ғой.

Ю-ЖАН
41
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 14:56  
Ю-Жан,

берген сілтемеңмен кіре алмадым....
42
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:16  
Мынаны көр
http://195.245.253.227:8080/kazlang/news/newshome.html
Бұл да органдардың қазақ халқына жасап отырған кесапат саясаты ғой - тежеу, жібермеу, кері тарту.
43
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:18  
Алты Алашқа -

Тілін іздеген ұлт ұлиды, ұли-ұли біртіндеп құриды.

«Сөз сүйектен өтеді» деп бекер айтыла салған жоқ. Сай-сүйегіңді сырқыратар
алуан түрлі өткір сөздер жанарыңды жағып, жаманыңды қағып жіберген. Қазақтың
шешендері осы тілмен ел билеген. Қара қылды қақ жарып, әділетті билік айтқан.

Қазақ тілінің қазақ ұлтына жасаған қызметін кім есептер? Ата-бабамыз ғасырлар бойы
заңды да, билікті де осы қазақ тілімен ұстап отырған. Би-шешендеріміз ел билігін
қазақ тілімен жүргізген, әр сөзді тұңғиық тереңнен тартып, шешімін ортаға салған.
Қазақ әділетті сөзге бас иіп, сөз құдіретіне табынған. Мақалдап-мәтелдеп,
түйіп-түйіп сөйлейтін басқа шешен тіл бар-жоғын білмеймін. Білерім, қазақ
сөздері керемет теңеулерден тұрады, ойдан шыққан асыл сөз ел аузында мәңгіге
қалып қояды. Осы қазақ тілімен билер орыспен де, қытаймен де, Батыспен де, араб
әлемімен де кеуде қағысып, құшақ жайысып қазақ дипломатиясын жүргізген. Қасты
да жеңіп, досты да таптырған осы — қазақ тілі. Қорғанысымыз да, ар-намысымыз
да осы тіл еді. Басқамен иық тіресіп, тең түсетін ұпайымыз да, елдігіміз де осы
тіліміз еді. Бүгін ол не болды?

Қазақ өз жері, өз елінде қазақ тілі, қазақ ұлты сақталсын деп дабыл қағады. Дабыл қағуға
мәжбүр. Есімізді жиып, елдіктің дабылына қосылайық. Қазақша сөйле қазағым
десейік. Қазақтың байлығы мен билігін иеленіп отырғандар, «қазақ тілі не керек,
қазақ тілі – отбасының тілі» деп мазақтайды.

Бізге осы орыс тілінде сөйлейтін радио, теледидар, баспасөз керек пе? Ғасырлар бойы
осыларсыз-ақ өмір сүргенбіз. Егер де қазақ тілі оларға керек емес болса, олардың
қазаққа тіпті де керегі шамалы. Мұны үзілді-кесілді тура айту қажет. Қазақ елінде
тек қана қазақ тілінің үстемдігі жүреді, шыдасаң сөйле, шыдамасаң «жолың болсынды»
айтатын уақыт жетті. «Америкадан келіп «Азат», Ұлыбританиядан келіп «Би-Би-Си»
радиолары қазақша қақсап жатыр, онда мына ішіміздегі «Еуропа плюс», «Русское
радио», «Авторадио», «Наше радио» және тағы басқалары неге тілімізді, елдігімізді
құртып барады» деген ой көбірек ойландырады. «Қазақтың құны көк тиын, сатып
аламыз» дейтін «жомарттардың» жолын кессек деген пікір қосамын.

жалғасы бар
44
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:18  
"98

Зеленый
Свой человек ( ? )


зарегистрирован: 17.09.2007
комментов: 301
Чт Апр 10, 2008 12:30 53-ему - Орлану
<для большинства граждан Республики Казахстан родным языком считается государственный язык, 61% граждан считают себя Казахами, и многие Тюркские и Мусульманские народы считают родным государственный язык>.

Уважаемый вынужден вас огорчить и раскрыть страшный секрет почему все власть придержащие в Казахстане, являющиеся этническими казахами, предпочитают использовать в общении русский язык. Все дело в том, что родным языком для человека является не язык национальности его родителей, а тот язык на котором он ДУМАЕТ.

Так что вынужден огорчить многих нациков, но родным языком и для них, и для подавляющего большинства парламентариев и министров, и даже для великого ЕлБасы является не казахский, а именно русский и это реальность, от которой никуда не уйти, как бы вам этого не хотелось."

---------------------------------

мына жазылған Зеленыйдікі.....(гоблин деймін осыны).....бетімізге таңба басып тұр....осы жазғанын ана Астанада отырған, Ақ Ордалап тақ салған, Президенттен бастап, сол астанада жүрген әрбір шенеуніктің көз алдына басып, шекесін қадап қойып оқытса шіркін....мүмкін ОЯНар сонда олардың НАМЫСЫ!!!

Зеленыйдың осылай жазғанын қағазға басып, жапсырып қойсақ па екен әр бағанаға....әкімшіліктерге апарып....оқысын НАМЫСЫ жоқ қорқаулар, өз тілінен безіп жүрген!
45
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:19  
Қазақ қазаққа жақсылық жасамаса, өзін-өзі қорғамаса, бізді кім қорғар? Біз елімізді,
жерімізді бабаларымыз қалдырған қалпында ие болып, сақтап қала алмадық. Жер
бетінде қыбырлаған қазақ қандылар, жоғалып бара жатқан тілімізді қайта көтеріп,
қан тамырына жан жүгіртіп, сақтап қалу – сіз бен біздің адал міндетіміз. Қазақтар
қарап отырып тілден айырылсақ, онда несіне егемен еліміз бар деп мақтанамыз?!
Қазаққа бүгін ғаламданудың жасанды өркениеті керек емес. Жарамызды жазып,
жоғалтқанымызды тауып, жыртығымызды жамап, ұлтымызды сақтап қалу – негізгі
мақсат. Жер шарының қандай да бір елінде тұрғыңыз келсе, бұл мүмкіндікке алдымен
сол елдің тілін, салт-дәстүрін, заңын түгелдей меңгерген жағдайда, оның үстіне
бірнеше сынақтар тапсырғаннан кейін ғана ие боласыз. Біздің «қара базар» болған
қазақ даласында ондай тосқауыл жоқ, есік те, төр де басқаға бұйырды. Келе бер
де кіре бер, ала бер де жүре бер. Бөтен елдің келімсектерінің табысы мен тіліне
мәз боламыз...

«Қазақ тілінде асықпай 10-15 жылдан кейін сөйлейміз» деп уақыт тоқтату – үлкен әбестік.
Кеше ғана тізесінен қан кешкен бабаларымыз, аттың жалы, түйенің қомында жүріп
осы қазақ даласын бізге қалдырған жоқ па? Бүгін біз бәрін өзіміз жасап алғандай,
көрінгенге төр беріп, табақтан май асатып жатырмыз, сол дұрыс па? Қазақ жерін
сақтап қалуға башпайының қаны тамған басқа ұлт бар ма?

Көзіне көрінгеннің бәрін менікі дейтін қазақсымақтар, тілді де менікі десеңіздер
қайда жүрсіздер? Бар дәулетті шашу оңай. Бір жапырақ жер, бір ұрттам су, бір ауыз
қазақ сөзіне зар болып кім екеніміз белгісіз, дұшпандарымыз түрткілеп, көзімізді
шұқитын күнді асыға күту керек пе? Осындай жағдайдан кеше ғана құтылған жоқпыз
ба? Өркениет өмірін көксеген байларға еліміз де, жеріміз де, тіліміз де көк тиын.
Оларға тек байлық қажет. Көршілер де солай. Отанын сүйген, халық тағдырына араша
тұрған, әділет іздегендерді бүгін бұзақы деген ат қойып, халықтан соларды аластату
саясаты жағы тынбай қақсауда.

Тіл қадірін қастерлеу, тіл құдыретінің төрелігін тыңдап, шешім шығару, қазақ тілінен
адасқандарға жол көрсету – бүгінгі әр қазақтың міндеті. «Өтпейтін пышақ жоқ,
қайрауы жетпейді» дегендей, қазақ тілі тағдырына жасалып жатқан жұмыстардың
ойлаған жерден шықпау себебі – көпті елең еткізер, басқаның басында ызыңдап
ұзақ тұрар жұмыстардың ұйымдастырылмай жатуында. Тілін іздеген ұлт ұлиды,
ұли-ұли біртіндеп құриды. Қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.

Нұркен Тоқаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті.
46
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:31  
Құста аққуды, аңда ақбөкенді, адамда ақынды атуға болмайды. Ә-у-у-у-у қазақтар, естимісіңдер?!
47
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Сообщение Пт Апр 11, 2008 15:33  
Нұркеннің жазғаны қандай әсерлі....большевиктер революцияға листовка таратып жеткен еді....біз де тілімізді көтеру үшін листовкалар таратып, барлық жерде уағыздап жүрейік!.....бұл қимыл мүмкін осы мәселеге мән бергізер ана қаражат іздеуден босамай жүрген Президентті
48
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Сообщение Пт Апр 11, 2008 16:45  Злойға
Сен маған ұстаз болып үкім шығармай ақ қой жарығым. Сендердің тірліктерің өздеріңнің мен мен кеуделеріңді баспай ілгерілемейді. Мен сияқты қазақтар аз емес, ал енді Мизиновтың сайтын жекешелеп алсаңдарда, осы жерге кіріп өз ойымды білдіргенім білдірген. Сендер қайдағы демократсыңдар, басқа пікірді естігілерің де келмейді, опозициямыз ақиясыңдар. Ал президентті қалмақ те басқа де? нақ басып сын айтпаған соң сендердің сөзің пілге үрген Моськаның ұлығанына тең ғой.
49
антивирус
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 16:56  
Көне дүниенің даналары айтқан екен « ...Құдай саясаткерлерге ТІЛДІ өздерінің шын ойларын жасыру үшін берген»
.....................................................................................................
төмендегі пікірлер соның кері деп ойлаймын:
..................................................................


Мировая элита о Казахстане
..........................................
Джордж Уоркер Буш, Президент Соединенных Штатов Америки
(из послания на имя Н.А.Назарбаева по случаю открытия в Астане первого съезда лидеров мировых и традиционных религий, сент. 2003)
Соединенные Штаты решительно поддерживают цель Конгресса по углублению межконфессионального взаимопонимания с целью развития свободы вероисповедания и свободы в целом. Такие встречи подчеркивают важность продвижения ценностей толерантности и уважения, которые формируют основу демократии.
Жак Ширак, Президент Французской Республики
(из письма Н.Назарбаеву, март 2005)
В неопределенных и сложных условиях Ваша страна вступила на необратимый путь строительства государства, которое, наряду с верностью своим национальным ценностям и долгой истории, заявляет о своей приверженности общечеловеческим принципам демократии и правового государства .
Фахд Бен Абдель Азиз Аль Сауд, Король Саудовской Аравии:
Диалог, который Вы избрали средством достижения взаимопонимания между представителями различных культур, религиозными и общественными лидерами – это самый успешный путь к достижению сотрудничества в мире. И отрадно приветствовать Вашу инициативу в момент, когда все нации и народы ищут мира, свободного от войн, конфликтов, ненависти и дискриминации.
Маргарет Тэтчер, экс-премьер-министр Великобритании
Пессимисты, должно быть, думали, что этническое и религиозное многообразие Вашей страны послужит причиной для распрей и ослабит Казахстан. Однако все вышло наоборот. Вы служите примером для других.
Кофи Аннан, Генеральный секретарь ООН
(из выступления на встрече с членами совета АНК, 18 окт. 2002)
Казахстан может служить примером государства, в котором мирно сосуществуют различные этносы и где в этническом многообразии видят благословение, а не бич.
Мухаммад Саид Тантауи, Шейх и Верховный Имам Университета Аль-Азхар, Египет (из выступления на 1 съезде лидеров мировых и традиционных религий, 23 сент. 2003)
С давних времен, когда был создан этот мир, здравомыслящие люди договорились между собой, что есть благодеяния, которые надо соблюдать, и злодеяния, которых нужно избегать. Президент Казахстана понимает это.

Евгений Примаков, Председатель Торгово-промышленной палаты РФ (Журнал «Экономист», № 11, 2003).
Президент Назарбаев Н.А. настойчиво проводит идею: евразийские корни казахстанского общества позволяют создать уникальный вариант развития поликультуры.
материал взят из книги «Кто есть кто в Ассамблее народов Казахстана» (том 1)
50
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:02  
Студентің жарап тұр,қуантады.
51
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:03  
Таулының ұлты кім екеніне емес, қай тілде жазғанына оны бағалауға басымдылық беремін.
Қазақ тілде жазған, қазақ халқының мүддесін ол да ойласа, ТАУЛЫ сияқтылардан бас тартуымыз дұрыс болмас.
Ал қазақша ұрысса - боқтап жатса, ол - оның жасаппаздығы, өзінің ерекше тілі.

Ю-ЖАН
52
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:10  
әй 48-соқыр тауық, саған күндізде түн екен ғой. Нәннің қылмыстарын көрмейтін қара басқыр екенсін өзің!
53
аяз би
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:16  
Как спасти простой русский народ?
Миронов Б. Геноцид
[213/20]

На российской земле в тепличных условиях, создаваемых властью России, процветает всё, что губит Россию.
http://www.russia-talk.com
........................................................................................................................................................................

...КАКАЯ СХОЖАЯ КАРТИНА!!!
и ТАМ, и ЗДЕСЬ народную ВЛАСТЬ подмяли под себя "неродные дети" государообразующей НАЦИИ...
...Отсюда все беды и такие ужасающие результаты...

МАКСУТ ага!!!
Что нам простым РУССКИМ и ХАЗАХАМ делать в своих родных СТРАНАХ...
54
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:16  
Таулыныкі бір жағынан дұрыс.
Ю-дың Таудан бас тартпауымыз дегені Ю-дың осы сайттың қожайыны екенін әшкерелеп тұр.
Сол Тау Ю-нан да басқаларыңнан да биік болып көрінеді мен үшін
Тек тағы жазған Тау демеңдер
Бар шыным
55
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:49  
МЕН Ю- болсам бола берейін. Бірак ЮМ-ды корген емеспін.
Ю-ЖАН
56
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:50  
54
Көрмеген көлде білмеген құстың даусы естіледі
57
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:53  
Көсеумен түрткеннің кегі кетпес
58
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Апр 11, 2008 18:58  
Аузына әлі жетпегеннің,
Қолында шоқпары бар.
59
Kamikadze
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025