|
 |
|
Для изучающих казахский язык. 6 мая 2008 г.
[52/759]
|
|
Бірігейік, бауырлар!
Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.
Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.
Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.
***
Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.
Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.
Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Просим не засорять ветку другими сообщениями.
|
Комментарии читателей [52]
Читать через форум
Поиск
|
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 10:23
Ассалаумағалейкум!!!
құрметті бауырлар, тек осы тармақпен шектелмей басқа да тармақ-тақырыптарға кіріп қазақша жазып тұрайық...
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 10:44
Көптен бері уақытым болмай тармақты тек кешке сырттан оқып жүрдім. Таң қаламын десем, жұмсақ айтылған болар. "Бірігейік, бауырлар!" деген ұранымыз мүлде ұмытылған.
Бауырлар аз екен. Көбінесе шәңкілдейтін иттер жиналған сияқты. Бірін бірі жау деп санайтын.
Бірлестікті құрту үшін 2-3 комментатор жеткілікті екен. Олар Ер-Көкшеге жабылып, жала жабуға көшіпті. Жасы келген кісінің жүрегін ауыртып құртпақшы болуы керек. Солардың ішінде Болашақ та бар екенін көргенде, сенбедім. Басқа біреу соның атынан шығып жүрген шығар дедім. Бірақ ертесіне де, кейін де Болашақ "ол мен емес едім" деп шыққан жоқ (мен байқамадым ба?).
Басында Болашақ өте сыпайы сөйлейтін. Сыпайлығы күмән туғызған еді (бала кезімнен өте сыпайлы адамдарға сене қоймаймын). Сондықтан мен оны кейде әйел адам шығар деп ойлайтынбын. Қатты жаңылысқан екенмін. Фазиль Искандердің Болашаққа келетін бір жақсы сөзі бар - "хам на цыпочках".
Ұрыспайық, таласпайық деп бастағанымыз дұрыс емес болып шықты. Ұрысайық, таласайық! Бірақ ережелерді өзгерту керек. Анонимдердің боқ сөзін естімеу үшін жақында айтылған сайтты ашуымыз керек. Зонада да қалуымыз керек. Келесі айда қолым тисе блогқа шығамын. Сонда автордың өзі-ақ модератор бола алады. Орысша шығамын. Қазақша жазуға көп уақыт керек. Сонда әңгімені қалай жургізген дұрыс екенін көрсетуге тырысамын. Мүмкін, басқаларға үлгі болар.
Әзірше аман-сау болыңыздар.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 10:46
"...Парламент Мәжілісінің сәуірдегі соңғы жиыны аса бір мазасыз көңіл-күй ауанында өтті. Бұрынғы вице-спикер Б.Жұмағұлов Мәжіліспен қоштасты. Парламентке арнайы келген еліміздің бас сайлаукомы Қуандық Тұрғанқұлов оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қойды. Ұсыныс мақұлданды. Артынша кететін вице-спикер Парламент мінберінен толқып тұрып, соңғы қоштасу сөзін айтты. Ал «қарулас» жолдастарын шығарып салған қалаулылар «ызалы жүрек, долы қолмен» қаржы министріне «жабылды».
Халық қалаулыларының ашынатын жөні бар: бүгіннен бастап мамырдың орта шеніне дейін олар сайлаушылармен кездесіп, ауыл аралауға шығады, ал дәл соның қарсаңында Үкімет қаражат үнемдеу мақсатында «Басым емес бюджеттік бағдарламалар тізбесін» түзіп, бұған дейін бекітілген, бюджетке енген көптеген мектептердің, балабақшалардың, медицина нысандарының және «Ауызсу» бағдарламасының жобаларын ақшадан қағыпты. Сөйтіп, 85 миллиард 96 миллион теңге қаржыны босатып алған. «Оу, енді елдің бетіне қалай қараймыз?» деп шуласты депутаттар.
– Қарағанды облысындағы Октябрьский ауданында,–деді депутат Мұхтар Тінікеев. – Ел көптен зарыға күткен жаңа балабақшаның құрылысы басталуға тиіс еді. Тендер өткен, мердігермен келісім шарт та жасалған. Енді кеп, ашық күнде жай түскендей, жоба тоқтатып тасталды. Бұл не деген сорақылық?! Неге сендер ақшаны әлеуметтік бағдарламалардан іздеп отырсыңдар? Одан да неге шенеуніктердің жалақысына үңілмеске? Кейбір компанияларымыздағы ортанқол басшылар 3-5 мың доллардан кем алмайды..."
http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=166&pub=17863
осы депутаттарға таңым бар....төбелестен кейін жұдырық сермемес....
|
таулыСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230
|
 Вт Май 06, 2008 10:55 Злойға
Жастардың сыйы қойдың басы құсап жасы үлкенге тартылып келе бермейді. Елге сыйлы болу үшін салиқалы ой мен сөз айту қажет.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 10:57
Злой бауырым,
аман-есенбісің???
ана кітапты осы уақытқа шейін үш рет көшіріп алатын уақыт болды....хабар бар ма?
ал ұрысқанға келсек, ия, қатынсымақтар толып жатыр екен ғой, шалбар киіп жүрген....алайда, итпен ит болуға болмас....Ер-екеңе босқа тисіп жүр....
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 11:03 Қайтіп ҰЛТТЫҚ РУХТЫ көтереміз ???
ЗЛОЙ бауырым"
"Бірігейік, бауырлар!" деген ұранның орнына
" ОЙЫМЫЗҒА да, СӨЗІМІЗГЕ де, ІСІМІЗГЕ де АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН, БАУЫРЛАР!" деген ұран тастайық,
сонда ойыда, сөзіде, ісіде бір жерден шығатын АЗАМАТТАР табиғи жолмен-ақ бірікпей ме???
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 11:03
Злеке,
сайт жағына келсек.....жаңа сайттың қажеті жоқ.....қазақи сайттар жеткілікті, солардың аясында жиналуға болады, ал егер сайт жұмысына белсенді араласып, ол сайтқа коллегиялы мүше болғыларың келсе http://www.el.kz/ осында келіңдер.....жақында келбеті мен маңызы өзгермек бұл сайттың....Ньюмеке де, мен де осы сайтқа тікелей қатыстымыз...
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 11:10
Таулы,
Офтоп: атыңды кіші әріппен жазсаң да, мен никтерді де үлкен әріппен жазамын. Виртал мен реал мүлде бөлек болмайды ғой.
Сенің 4-ші комментіңе:
1) өзіңнен салиқалы ой естіген емеспін. Ақыл мен құрмет жасқа байланысты емес. Жас болсаң да, өзіңнен баста.
2) әр адамның кемшіліктері бар. Оларға қарап, ардагердің қасиетін байқамау - надандық.
3) бала кезімнен бүгінгі күнге дейін соғыс, армия туралы көп оқығанмын. Неге десең, армияның ережелері, уставтары, тәртіптері қанмен жазылған. Әр қате үшін талай адам мерт болған. Сол дұрыс тәртіптерін өзім үшін ойымда жинақтап жүремін. Армиямен салыстырсақ, әр адамның өзінің рөлі бар (рода войск и т.д.). Өмірде де солай. Теорияны жазатындар да керек, оны орындайтын адамдар да керек, сол ойды жеткізетін ақындар да керек. Бір адам бәрін істей алмайды. Ер-Кокше - сол ақындардың бірі.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 11:22
Алтеке, ана жігіт іс-сапарда көп жүреді. Бір апта бұрын көшіруді бітіргем деп еді. Кітапты қайтаруға қолы тимей журген шығар. Ұайымдама.
Жаңа сайт болсын деп жатқан жоқпын. Ұмытпасам, өткен жолы айтылған әңгіменің нәтижесі - el.kz платформасы емес пе?
Антивирус,
ұран қысқа болуы керек шығар. Бірақ, әңгіме ұранда емес. Ұранда болса, біз баяғыда бақытты елде өмір сүретін едік. Ақ Орда ұрандарды жыл сайын шығарады ғой.
Комментаторларға
Боқ сөз бен ұрыс азаю үшін алға жылжуымыз керек. Нақты проблемаларды талқылап. Ол болмаса, зеріккеннен бір бірімізге тиісіп жүреміз. Біріктіретін - іс!
Өкінішке орай, уақытым жоқ. 1-2 аптаға жоғаламын...
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 11:58
Злеке,
ия, http://www.el.kz/ ны платформа қылуға ниет бар... нәтижесі оң болар деп ойлаймын
|
таулыСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230
|
 Вт Май 06, 2008 12:14 Злойға
таулы менің атым емес, туған жер жағдайын білдіретін менің никім. Ал енді салиқалы ойға келсек, келелі сөзге келсек , оларды Айтып осы саитта аспанға шығарған ешкім жоқ. Басында ой жоқ, басқаның сөзін халыққа жеткізетін адам ақын ба. Ақындар Мағжан, Мұқағали, Маралтайлар, кешегі дүниеден өткен менің досым- ер Әзімбектер анайы сөз айтып абырой жинамаған.
Болашақтың айтқаны дұрыс, бес алты жігіт жиналып басқаларды адам құрлы санамай,сөзге дес бермей елеурей бересіңдер. Ал сенің армия және де басқаны келтіріп отырған мысалыңа келсек,ол жерлерде болғанбыз, ол жерлерде де сый адамның аптариқасымен келеді, Уставпен сыйлы болған ешкімді көргем жоқ.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 12:18
Ағалекүм ассалам Алты Алаш, Қамеке, Злеке т.т.!
Осы бір екі минутке Тор кафесіне кіріп сіздерге бір сәлем бергенімді өзіме зор абырой әрі көңілімнен шығатындай іс-қимыл санаймын.
Демалысқа шығып, біраз оқиғалар мен пікірлер маған белгісіз болып қалды.
Портал жөнінде Алты Алашпен кездесіп, біраз ой бөлістік. Түйінін айта кетесем,
1. Сайттың қай жерде кімнің арқасында шыққаны емес, қазақша болып, шынайы ұлттық мүдделеріміз тұрғысынан болғаны дұрыс.
2. Қазақи азаматтар сол сайтқа шоғырлануы тиіс. Әлбетте, өз қалам атыңмен кіргеніңді - сол сайттың жанашыры, белсендісі ретінде түсінген жөн. Сайт ашып, хостинг ұстау емес, ең қиыны әрі абырой әкелетіні - өзінің сол сайтқа кіріп төрге шығып жақсы пікір айтуың құнды.
3. Сайттың ресми мәртебесі болса деген өзімнен бір ой айттым, әйтпесе өз елімізде жасырын, тасаланып, тіркеместен жүргеніміз - құлдық сана сезімде болуымыздың да бір көрінісі.
4. Сайттың кім жасап жатқаны емес, - түпкі мақсатқа жетуіміз - басымды.
Ал енді Алтекең қазақи қауымдастық жөнінде ойласамын деп уәде беріп еді. Ол да сол өз елімізде қоғамдық қауымдастық құрудың, ертең құдай қаласа, Алла жазса, үлкен қозғалыс болып - қазақ мүддесін биік деңгейде неге қорғамасқа.
Ал енді шағын уақытымды пайдаланып, бұл күндері ауыл жақты аралап шыққанымды, көргеніммен бөліссем деп едім.
Барша қазақ жігіттерінің атынан, Үлкен сор аулына барып, 5-6 қиындық көрген, көп балалы отбасыларын жолығып, әрқайсысына 5-6 шөлмек сұйық май, балаларына тәттіліктер таратып бердім. Қаладан 300, аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта ауылдықтар тірлік етіп жатыр. Олар Нұрекеңді сынауға емес, жергілікті қызметкерлер жемқорлығына, жақсы сапалы қазақы мектептің жоқшылығы, ауырып, науқас балаларын ауруханалаға жеткізе алмауға алаңдаушылық білдіреді негізінен.
4 балалы ана, екеуі мүгедек, мектеп директоры жұмыстан шығарып тастапты. Ол өзі физик-математик. ЖЫл сайын екі рет ауруханда тексерістен өтпесе балалары опат болуы да неғайбыл.
Пособие беруші госоргандар - пособие аз төлеу үшін - үйіндегі 80 дегі кемпірдің зейнетақысын қоса санапты. Мектеп директоры жұмыстан шығарса да, қазірге дейін сол ана мертвая душа болып, пенсия орталғына 10 проценті түсіп тұрады екен. Жалақсын біреу алып отыр-ау. ШЫдамай - ақшалай көмек бердім және ертең ашылатын сайтқа сол әйелдің бейне әңгімесін салмақшымын.
Алтеке, сол қауымдастықтың іс-қимылы туралы ойланайық. Үкімет қол ұшын бере алмаса, өзіміз кішкене болса да көмек берсек, Облыс басшыларын түртсек.
Құрметпен Томай
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 12:32 Қазақтың тағы бір Ромео мен Жульеттасы - Аңыз
Қарамеңді елімекенінен бері қарай өткенімде әдейі Данабике өзеніне тоқтадым. 28 шақырымға созылған бұл өзен қандац әсем, Сармойын деген 6-21 км көлге құйылады. Аңыз бойынша, Наурзым деген кісінің ұлы Сарымойын атты сұлу жігіт Аман (Амангелді осыдан болса керек) деген байдың өте сұлу қызы Данабикемен танысып, екеуі бірі біріне ғашық болады.
ҚЫздың әкесі Аман өз келісімін бермегесін, екі жас қашады. Қашқан түні - Аман нүкерлеріне соңынан қуып ұстаңдар, екеуін де өлтіріңдер деп бұйрық береді. Олар Тірсек деген ауыл маңында қыз бен жыгытті ұстайды. Өлтіріп, арқанмен тірсегінен байлап ағашқа іледі. Сол ауылдың қазіргі аты Тірсек. Жауыздар жігіттің басы кесілген құр денесін көлге тастап, көлдің аты Сарымойын болады. Қыздың денесін өзенге тастап, өзен аты Данабике болады.
Өз көзіммен көріпа едім. ШЫнын да да өзеннің ағылуының өзі қыздың қыпша белі секілді, өзен сылаңдайды. Қаз-үйректер ойыны керемет. Жағасында аққұлақ шопырлар арақ ішіп бөтелке-шөлмек көп болса да сәні жоғалмапты.
Қауымдастық арақылы - Қазақтың РОМЕО мен ДЖульеттасына сол жерде көпірдің жанына Махаббат ескерткішін орнатсақ.
ЮЖАН-Томай
|
NewmanСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260
|
 Вт Май 06, 2008 12:42
Ассалам алейкум, құрметті жамағат.
Томай бауырым, сөзің бір көңілімді жылтып өтті. Рахмет саған ізгі ниетіңмен бөліскеніңе. Істеген істеріңді Аллаһ тағала қабыл етіп разы болсын, саған жаннаттан болғандардың арасынан орын жазсын.
Өкінішке орай, біздің ұлтымыз сырттағы дұшпандарға емес, өзінің надандығымен жаман пиғылына құрбан болып отыр...
Бірақ әр жүрегі ояу бауырларымыз ізгілікке жол ашып жүрсе, ал іріткілерге жол бермей жүрсе, неге дамымастық елімізге, неге болмастық???
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 13:13
Қүзгындар қазақ жерін жайлады ғой,
Пайыздарын алдын ала сайлады ғой,
Откаты жоқ адамға жұмыс бермей,
Аяқ-қолды арқансыз байлады ғой
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 13:31
алаяқ, ұры биліктің телеарналарынан басқа ештеңе көрмейтін ұйқыдағы қазақ "Нұрекеңе" қандай кіна кіна қойып сынасын. Олар бар кінә өздерінің есітіп, көріп жүрген шенеуніктерінде деп ойлайды. Жәрдемақыларын да солар қолмен қысқартып отыр дейді. Сонда олар үкіметтің шығарып берген нормативтерін басшылыққа алмай, үкіметке бағынбай жұмыс жасап жатқаны ма?! Бұндайды ұйқыдағы қазақ білмесе де, ояу қазақ білуі керек қой! Кешегі жалаңаяқ социалистік қоғамнан шыққан биліктегілердің айналасы анау дүние жаралғалы бері ата-бабаларынан капитал жинап келе жатырғандармен иық тірестіріп, сол байлардың тізімінен солармен қатар орын алып отырғанда, ауылдағы қазақтың жәрдемақыға жалтақтап отырғанын немен түсіндіруге болады?
|
АрысСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135
|
 Вт Май 06, 2008 15:33 12-ге
Сіздің айтып отырғандарыңыз,кез-келген ауылдың,кез-келген үйінде болып жатқан машақаттар
мен қиналыстар екенін енді көргендей сөйлеп отырғанына таңмын!!!!
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 15:37
Южан - Томай!
Атқарған істеріңе рахмет! Алладан қайтсын!
Әрбір азамат мемлекеттік қызметте отырып, өз орнында қызметін адал атқарса, ұрлық-қарлық болмаса, Сіз сияқты азаматтар осылай Нұрын, "Мейірім мен шапағатын" Отанына шашып жүрсе, қоғамымыз әлдеқашан түзеліп, әл-ауқатымыз жақсарып кетпеспе еді?
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 16:51
Біріншіден-Осы тармаққа 2-3 күн бұрын ойлап едім енді кірмеспін-деп.Бірақ 1-2 күн турасында Ер-Көкше әшкереленіп жатырғасын қоя қойғанмын.Ер-Көкше -Желтоқсан,Дара,Талапкер,Сағынғали болып шығы осы өзіміздің тармақтағы азаматтарға (сен қалмақ деп айтпадың-деп)қырғидай тигені өтірік пе екен.Өзінің өлеңін жазады да жоғарыдағы подделкаларымен өз өлеңдерін өзі мақтап отырғаны өтірік пе екен?Кеше 2-3 күн турасында Нұртай болып шығып ұсталғаны өтірік пе екен?Ал енді әйелдік қасиетке келсек,Кімнің ісі әйелдікке жатар екен.Екіншіден-Осы тармақтың атына сай тілге 10-20 пайыз болса да орын қалу керек екенін өздеріңіздер де білесіздер.Бастапқыда қалай болды.Ер-Көкше шығады Аңғу-даңғу,Қыңғыр-сыңғыр-ларды аудармалап.Қазақ тілін осындай сөздермен үйрете ме екен?Және тармаққа кірерде Бисмалласын бастап айтып,соңын боғауызбен аяқтап жатқан жоқ па?Ал енді ойлайықшы,мысалы бұл тармақта біз сияқтыларға тіл үйреніп керегі жоқ,осының аясында халқымыздың тағдыры жайлы ой-пікір өрбіту еді-ғой.Ал тілді үйренем деушілерге келсек,Оларды 2 категорияға бөлер едік,біреуі-Өзге ұлт өкілдері,екіншісі-тағдыр тәлкегімен өз ана тілінен қалыс қалып қойғандар.Ал енді ары қарай ойлайық,мысалы тілді үйренейікші деп келген жаңағы 2 категория бисмалланы және қыңғыр-сыңғыр-лардың аудармасын көргенде щошымай ма?Олар айтып та жатқан жоқ па,үйрете алмай жатырсыңдар-деп.Олар келіп жазбағанмен,келіп қарап жатыр ғой.
<br>Үшіншіден-Құлату керек,кетсін, тағы басқаша айтып жатырсыңдар.Біз аржағын неге ойламаймыз.Біздер бір мылтықтың дауысын естіп көрген жоқпыз,құдай оны естіртпесін.Қазіргі жағдайда осылай айтуға болар ма екен?Біз өзге ұлт өкілдері көп тұратын өңірлерді есептен шығармауымыз керек емес пе?Онымыздың бір-екеуі ғана өзгелер болғанда ғана бір-бірімізбен қырқысуға болар еді.Осыны күтіп отырғандар баршылық шығар.Шіркін сол күнге жеткізсе,мен де төбелес іздеп кетер едім,күш қазандай қайнайды.Сол кезде ана тілінің тағдырына 3 емес 4 тілде қауіп болмас еді.
<br>Төртіншіден-Маған Злой мырза жақсы баға берген екен,Жауабым-РЕНЖІМЕЙМІН.Атам айтушы еді,білмеу айып емес -деп.
<br>Бесіншіден-бүгін жол жүріп кете жаздап,ертеңге қалдырып едім,жақсы болған екен.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 17:01
Арыс,
кез-келген ауылдың, кез-келген үйінде болып тұрған жәйт емес ол.....
Томай бауырымыздың істегені үлкен іс....азаматтық іс....
Томай бауырым,
екі арадағы әңгіме есімде....қазір құжаттармен танысып, саралап жатырмын....қосымша хабар берермін...
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:04
Және айтарым,Неге батырмын-деп жүрген "батырлар" алаңға шықпайды?Неге елбасына ашық хат жазбайды?Неге елбасының жеке қабылдауына айлап жүріп жазылып бармайды?Бәрі де әйелдердің ас-үйде ыдыс жуып жатырып,айқайлағанына ұқсайды.Егер осы "батыр" жеке қабылдауында болып келсе,мен қуанар едім.Неге десеңіз,көпұлтты халқының алдына шығып айта алмайтын басшының стратегиясын өз аузынан естіп келер еді.Жоқ емес,бар қателер.Бір мақалдағыдай,жұмыс жасап жатырған адамда қате болады.Көріп жүрмін өмірден,халқымыздың ауыз-бірлігін.Ұл-қыздарын өзге ұлттар зорлағанда да кек ала алмады.Сондықтан тоғыз қазақа бір басқа ұлт өкілі келгенде ғана әлі жетеді!
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 17:08
zheltocsan, бауырым
әрине жемқорлықты ушықтырып, демін асқындырып алған БИЛІК жүйесінің немқұрайлығы.....алайда, қатардағы алаяқ-щенеуніктермен күресуге болмайды деп кім айтты???? қазір тіпті, үстінен арыз жаза қойса прокуратура сергелдеңге салады да жібереді ондай алаяқтарды.....сонда көрермін...біздің қазекеңнің, ауыл қазақтарының көңілі шексіз ғой, тонап жатса да қолын сермеп, "бас аман болсын" деп жүре береді.....міне осыдан арылу қажет, өз табысыңды ана қорқаулардан сақтап қалар амал жасау керек....оларды өз қаруларымен, өз қамшыларымен ұру керек...ал ен бас қамшы оларға Президент.....жемқорлықпен күресудің қажеттігін Президенттің өзі айтқан, міне соны желеу қылып ұру керек алаяқ-шенуніктерді....
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 17:12
Bolachak бауырым,
алаңға шыққаннан пайда жоқ.....қазір Халықпен тікелей жұмыс жасау қажет, көзі мен САНАсы тарс жабық халық қалайынша саған болыспақ, ертең ереуілге шыға қалсаң???? жалғыздың үні шықпас.....
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:14
Таулы мырзаға келетін болсақ,бұл кісінің бір арамза ойын көрген емеспін.Өзін "батыр" санап жүрген адам өзіне тиіскесін,жауап беріп жатыр.Және бір балағат сөз аузынан шығып көрген жоқ.Елдің тағдыры жайлы әңгіме болып жатырғанда адам жасқа қарйды ма?Кеше "Желтоқсан" өзінің зеркалосы Ер-Көкшеге тиісе бермеңіз үлкен адам ғой дейді.Жауабым жаңағы.Және,сіздер үлкен түгілі елге гарант болып отырған жасы үлкен Ақсақалға да тиісіп отырған жоқсыңдар ма?Разведкаға барсам,осы Таулыға сенер едім,өз басым.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:17
Алтеке!
Мен халықтың санасы тарс жабық дегенде,Ер-көкше неге бұлқанады-надан екенбіз,қазақ надан ба -деп.Мазақтап.Сонда неге реакция бермедіңіздер?
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:30
Мені бір ойлап қалмаңыздар,биліктің любовнигі деп.Тек кемшілікпен қатар,жетістікті де көремін.Жастайымнан әкем адалдыққа,намыстыққа,еңбекке баулыған екен.Оны тап осылай істе деп үйреткен жоқ,бәрі қанмен келген екен.Сондықтан жалған атым-Жас болғанмен жасым 44-те.Өмірде көп көрдім,көп түйдім.Адам баласы бір күндікті ойламау керек, көп қадам алға ойлау керек.Қытайлар айтыпты дейді-Бір милиметр бір ғасырда жылжысақ,бұл жетістік-деп.40 жылда қайтқан кек,тез қайтқан кек-деп.Жас ел болғанымызға он жеті жыл болыпты,көп пе?Қытай мемлекеті 5000 жылдық тарихы бар мемлекет.Ол елде де болғанмын,құрылыс материалдары үшін.Өзі алып ел,экономикасы мықты болса да ,селосындағы өмірді көрсең біздің халықтан нашар тұрады,бір жағынан алып қарасаң,тауды қопарып еңбек етіп жатыр.
Ойлайсың,шүкір екенбіз-деп.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442
|
 Вт Май 06, 2008 17:34
Болашақ,
қоянды қамыс, жігітті намыс өлтірер....
ал ақындар намыс қайрар қатты сөзді келтірер.
Абай атам жазған қатты Халықты сынап кезінде,
оятпаққа ниеттеніп НАМЫСын өлген жүректе...
сабыр түбі сары алтын,
иманды оны табатын.
ұрлық түбі қорлық.
алаяққа болар зорлық.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:37
Менің бір қорқатыным бар.Біздің алауыздығымызды сырт-іш жаулар пайдаланып кетпесін.Және де олармен (өзге ұлтты айтам)көп жұмыстас болдым,осал жау емес,мықты.Бізге де мықты ұлт болу керек.Ол үшін басынан бастап шырылдап жатырмын ғой,не істеу керек,қандай болуымыз керек-деп,мысалдармен келтіріп.Ал мына жас қайтеді-ай десеңіздер.Онда менен үлкендері айта алса оларға мақұл құлақ түрелік.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:43 Болашаққа
болып болғаның сол болса, менің қолымнан қайта адам жасау келмейді. Енді Нартайды Ер Көкше дей бастадың ба? Айтқан шындыққа сенбейтін қандай адамсың өзің? Аңғарымсыздығыңды ұялмай-қызармай өзің білдіріп отырсың! Егер менің айтқаныма сенбесең, онда осы газеттің редакторы Юрии Мизиновтың электрондық почтасына хат жазып, өтініп сұра. Әй, бірақ сен өзіңнің ақымақтығыңнан Ю. Мизиновті де Ер Көкше ғой деп жүрмесең болар еді?! Және сен өзің бізге не айтып отырсың, анау алаяқ ұрыға барып \"туғандарыңмен сыбайластарыңа прихватизациялап берген халықтың мүлкін иелеріне қайтарып бер\" дегенді айт деп отырсың ба?! Мен барып айтар едім, әуелі сен барып қасқырға \"малдар мен аңдарды жеме, жердегі өсетін шөптерді жейтін бол\" деп айтар болсаң.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:46
Brother Bolachak!
I'm really Nartai, it seems to me Er Kokshe doesn't know English, he also doesn't know Physics. Мен енді жазбаймын деп едім, сен мені Ер Кокшенің клоны деп айта бердің ау, сонда ол кісі мен алдында жазғанды қайдан алады, мынау менің алдында жазғаным:
"Эх бауырлар кімді сынығыларың келіп отыр: "Эврика" деп айқайлап шыққан Архимед заңы, Ньютонның үш заңы F=m*a, Кинематика и статика, закон Джоуля, закон Бойль-Марриота, закон Ома, закон Кулона, число Фиббоначи ("золотое сечение"), метод Рунге-Кутта решения дифференциальных уравнений, метод сходимости Коши и Даламбера......... айта берсең не оқымадық кезінде
Менің әкем кезінде халық жакы деп 25 жылға сотталған адам, содан тек 1955 жылы оралған, марқұм әкеме бәле жапқан өзіміздің қазақтао, аржағын айтпай-ақ қояын, әкем нағыз адал сауатты кісі болатын
Осымен болдым енді ештеңе жазбаймын бұл тармаққа"
Мен ешкімге ещтеңе дәлелдеп отырған жоқпын, бәріміз қазақпыз, Bolachak мен саған түсіндіріп отырмын, мен де сен жазған ойларыңа қосыламын, бір тентектеу(ондай болмаса, сөзі өткір болмаса несі ақын) ақын үшін арамыз ашылмасын. Ау Bolashak мына мен жазған физика және математика терминдерін кім аяқ астынын тауып жаза алады егер маман болмаса, ешқандай реніш жоқ, просто констатация фактов и аргументов.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 17:54
Ал еліміз жаңа құрылып жатырған кезде,билік басындағы әділетсіздікпен бай болып кеткендер жөнінде:Мен айтар едім сол кісілерге,жылына ең болмағанда квотасыз келген 10 оралман отбасын шет елден көшіріп әкелуге көмектессе,кешіріммен қарар едім.Ал енді тіпті көмектеспесе,құдай бар ғой дер едім.Өткенде бір жиында,біреулер бай қандастарымыз жайлы жаман айтып жатыр екен,тоқтатып қойдым.Әуелі өзге ұлт өкілдерінің ішінен шыққан 4-5 милиардер бар емес пе,соларға тиіс -деп.Содан соң өзіміздің қандас-байларға тиісерсің -деп.Ал байлық жөнінде жеке басымның ойы-Адамның сана-сезімі,ұлттық болмысы,ар-ұяты,өз халқына деген сүйініспеншілігі жоғары адам- ең бай адам!Байлар бізден кем тұрмаса,артық тұрмайды.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 18:09
1-2 Күн болды Атамекен деген өлеңнің (Сөзі,әні-Ескендір Хасанғалиевтікі және Қадыр Мырзалиевтікі шатаспасам)Толық сөзін таба алмай жүрмін.Осы өлеңнің мазмұны да сарыны да Халықтық гимн болуға толық мүмкіншілігі бар сияқты.Қазақ елінің гимні бар,өте тамаша,сөзі де,әні де.Бұл еліміздің құрметіне шетелде,өз елімізде жоғары жиындарда ойнала берсін.Ал Атамекен Өлеңін Халықтық гимн қылып жарияласа бола ма екен.Мысалға табиғатта жиындарда,мейрамханалардың ішінде,әртүрлі халықаралық жиындардан кейін бас-қосуларда біздің делегеаттар қосылып айтса.
Жасыл жайлау түкті кілем,көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын,көп күлем...
Қайда жүрсем атамекен
Жүрегімде жатады екен
Күннің нұры ұясына
Қимай оны батады екен...
Бауырлар кімге қазақ халқының рухы бәрі-бір емес,сол бауырлардан осы өлеңді толықтырып жіберулеріңізді сұраймын.
|
таулыСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230
|
 Вт Май 06, 2008 18:48 Болашақ құрдасқа
Маңдайымнан сипап өткен самалды, қазағымның алақаны деп білем.
Сіз мені батыр депсіз, айтқаныңызға рахмет. Бірақ батырлық әр қазақтың жүрегінде бар қасиет. Ал енді осы сайтта бір пәтуаға келмей бір бірін сыпыра боқтап жатқанның бәрі ақын болса онда әдебиетіміз жетіскен екен. Бәрі қазақтың дәстүрін жете меңгердік дейді. Алты жыл қыпғын болса да қазақ сөзге тоқтаған.
Ал енді,батырлар көп болса неге алаңға шықпайды депсің. Бауыржан атамыз алаңға бармай ақ ұлт намысын қорғап,ұлттың намысын жыртқан. Сондықтан сөз үйретем дем ылығып ұйлыққан итті сөз еткендерді қалай азамат ақын деуге ауыздарымыз барады. Мен таулы жаман болу себебім,менің осы сайттағы біраздардан бөлек өз ойым бар, ол оларға ұнамайды. Сонда өздері "қалмақ"деп, біздің ойымызды тыңдамайды деп көсемсіп сынап мінеп жүрген тұлғадан қай жері бөлек. жатқандардан
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 18:59
Приглашаю всех на дисскусию по этому и другим вопросам на сайт: http://www.russians.kz/
там вы узнаете много о себе "интересного..."
|
таулыСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230
|
 Вт Май 06, 2008 19:06 Антивирусқа
Мәселе тек қана әскери құрылымда емес. Қазақты надан дегендер руға бөлінуді трайбализм, ал енді қазақтарды осыған байланысты малға теңеп жүр.
Заңгер ретінде айтарым Қазақ мемлекет болып құрылғанда мемлекет басқару жүйесін рулық-тайпалық негізде құрған. Себебі неде. Бұлай мемлекет құру,оны басқару үшін қаржы шығыны мүлде болмаған. Әкім,әскери коммисар,полиция,маи керегі жоқ. Олар болмаған соң жемқорлық болмаған. Ру басындағы,би-ақсақал ешкімді алаламаған. Екі ұлы бар соғысқа бір ұлян жіберген,ал енді жалғыз ұля бар екінші ағайын соғысқа екі ұл үшін аттанған ұланның азық түлігін басқа шығынын көтерген.
Қарауыл төбеден түтін шығып,жау келді дегенде, дұрыс айтасың, ру басындағы билер ешқандай моб.картасыз бір тунде түмен әскер шығарған.
Сол заманда әкімшілік- аумақтық принцип негізінде құрылған мемлекеттер болған. Мысалы Ресейліктер, Қоқандықтар; Маххала хокими, шаһар хокими және де басқа билік атрибутикасын арқаланған жемқорлар сол заманда болған. Қазіргі Қазақстан сол Қоқанның моделімен ,жемқорлықты жоя алмай жүр деп.
Қәзір біреу шап ете қалуы мүмкін, таулы қуалап ескілікті аңсап рұшылдық мемлекетті қалай құрмақ,ол мемлекеттер тарих құрдымына кеткен деп.
|
таулыСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230
|
 Вт Май 06, 2008 19:12 Жалғасы
Тарих құрдымына кеткенн жоқ. Мысал-біріккен Араб әмірлігі. Әр әмірліктің негізі бір ру құрайды. Сонда Қәзіргі Екі жүзге тарта ауданның орнына 96 құрылым құрса болды, қалғаны бес аймақ. Ал айтысқа кел қазақ. Додаға салған серкем-осы ойым.
Ал Жапондық азаматқа сый,Сауат асылып өлу керек жігіт болса.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 19:16 Қайтіп ҰЛТТЫҚ РУХТЫ көтеріп,ЕЛ болып жаңғырамыз???
Қазіргі заманда, кез-келген унитарлы мемлекетте, сол елдегі тұлғалық ұлттың тіліне, дініне, мәдениетіне, парасаттылығына сүйенбей, халыққа жайлы азаматтық қоғамды қалыптастырмай, ЕЛДІҢ гүлденіп-дамуына қол жеткізу мүмкін емес.
(бұл аксиоманы Қазақстандағы, келешекте қалың қазақтың ішінде тұратын - ұрпағының болашағын ойлаған, диаспора өкілдерінің баршасы түйсігімен сезінеді )
Дүниежүзінде егемен мемлекет болған елдердің барлығында диаспора өкілдері мемлекет құрушы байырғы ұлт төңірегіне топтасып – біртұтас халық болып, бір тілде сөйлеп, болашаққа сенімді түрде аяқ басуда.
Ақиқатқа негізделген Тарихы бар ұлттың ғана -болашағы баянды болады.
Азат, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген, бөтен елдердің тепкісі мен езгісіне түспеген, қазақтың үні өшпеген замандарда Қазақ Елі азаматтық қоғамы қандай еді?
Азат қазақ қоғамын қалыптастырған қандай күш?
Ол қоғам мүшелерінің өмірлік ұстанымдары қандай еді?
Қоғамдық санасы, бүгінгімен салыстырғанда қай деңгейде еді?
Бір жағынан бостан, еркін, еңсесі биік, сезімтал, жүні жығылмаған - асау; екінші жағынан адал, сенімпаз, айрықша көнімпаз, еңбекқор ата-бабаларымызды тәрбиелеген қазақтың Азаматтық қоғамы қандай ұйымдық құрылымдардан тұрғызылған еді?
Және бүгінгі таңда, «Мемлекет, мемлекеттілік және Азаматтық қоғам деген не?», «Ұлт, диаспора, біртұтас Қазақстан халқы деген не?», «Топтасу немесе Бөліну деген не?» сынды сұрақтарға жауап іздеп, дұрыс ой қоса алсақ, біз өз мемлекеттілігін ұлт мүддесіне істете алатын халыққа айналып, қалың жұртқа жайлы мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға мүдделі, әрі жауапты құрылысшылары боламыз және ата-бабаларымыз азат өмір сүрген кездегі азаматтық қоғамды бүгінгі заман талабына сай жаңғырта аламыз.
Рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп нәрсеге ИЕ болған:
1. - асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
2. - ең әдемі, біртұтас бай ТІЛГЕ ;
3. - ежелгі ұлттық ӘЛІПБИГЕ ( Күлтегін жазбалары );
4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың ежелгі
САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫмен үйлескен және үндескен ислам ДІНІНЕ.
Осының бәрін Ата-бабаларымыз тек қана «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ұстап тұрмаған. Қазақты – қазақ еткен, Қазақ Елін – Қазақ Елі жасаған, Алланың Қазақ халқына берген ҮНІ арқылы – атаға, АУЫЛҒА, руға топтасу негізінде құрылған, қазақ азаматтық қоғамының ШЕЖІРЕЛІК (корпоративтік) ЖҮЙЕСІ.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 19:50
Таулы мырза!
Сіздің бұл ойыңызға өз басым келіспеймін.Әрине әркімнің өз ойы бар,айтуға.Қазіргі жүйемен де жақсы ел бола алатыныма өз басым сенемін.Тек қазір бастапқыда ақсап жатырған шығармыз деп өз-өзімді алдап қоямын.Біз кейде ренжиміз,үкімет басында мәңгүрттер отыр,өз ана тілін дұрыс білмейтін-деп.Кейде ойлаймын,олардың да плюстары бар,өйткені бүкіл жаңа технология,білім,жаңалықтар әзірге орыс тілі арқылы келіп жатыр,сондықтан жаңағы тек орыс тіліне жүйрік қандастарымыз,өзінің бастапқы кездегі миссиясын орындап жатыр -деп түсінемін.Біз әлемді де кезінде орыс тілі арқылы,орыстар арқылы танығанымызды ұмытпайық.Ертең сол орыс тілді қандастарымыздың орнын біз сияқты таза қазақ тілін меңгерген жастар келу керек шығар,солай болады да.Бірақ екі тілді де меңгерген қазақ ұтады.Мысалы көрші тармақтардағы достарға батыл да,өткір соққы беріп жатқан жерлестерімді көргенде,тап бір өзім соққы беріп жатқандай қуанамын.Мысалы ВХУЗ,ҒҰНН,Ербол,-дардың көрші тармақтарда жасап жатқан жұмыстары біздікінен әлденеше есе артық.Тағы басқаларының аты аталмай қалса ренжімес.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 20:00
Еңбектері елеусіз қалмасын,жаңағы жоғарыдағы азаматтардың қатарына Нюман,Атас па екен Техас па екен азаматтарды қосуға болады.Алтекең де кезінде мықтылап соққыш болды.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 20:18
мынау біздің қалауымызға бағынбайтын жаһандану заманында - рушылдық, руға бөлінушілік сол рулар кіріп отырған ұлтты құртатын улы жылан. Мысалы, Ш. руына жататын мен мемлекеттік бір ұйымды басқарамын делік. Сіз таулы сол мемлекеттік ұйымның нағыз маманысыз. Бірақ сіз менің Ш. руымнан емессіз, Х. руынансыз делік. Ал менің дипломды сатып алып, теріс оқып парақорлықты үйреніп келген Ш. руымнан бір жақын туысқаным бар. Осы жерде мен рушыл болсам, нағыз маман сізді емес, анау теріс оқыған, параны беру мен алуды ғана білетін туысқанымды жұмысқа аламын. Ал осы жерде кім ұтылып тұр? Сіз бе? Жоқ, тек сіз емес, анау теріс оқығанның жұмысының ақсауынан мемлекет ұтылып отыр. Сол мемлекетпен бірге бүкіл ел ұтылып отыр, соның ішінде менің руым да ұтылып отыр. Міне рушылдықтың осындай \"пайдасынан\" басқа пайдасын мен көрмей тұрмын. Ал адамның Иманы күшті, ол адам іштей Аллаһтан қорқатын, обал, сауап, жауап беру дегендерді білетін болса, онда рушылдықтың Араб Елдеріндегідей еш зияны жоқ.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 20:53
Біреудің сыртынан сөз теріп ғайбаттау, мына тармақта оны басқаларға жек көрінішті көрсету Ер Азаматтың басына әбден лайықсыз әрекет. Ол жағын осы тармақтағы сасыған ауыздарын жия алмай көлгірсіп отырғандардың ар-ұятына тапсырамын. Мына тармаққа көп шықпаймын, анда-санда болмаса. Ер Көкше ағаны жамандап жатқан көрінесіздер, ал бірақ, мен ол кісіні олай деп ойламаушы едім. Сондықтан мына бетке өз пікірімді білдірсем деп едім:
Ақын
АМАН БОЛЫҢЫЗ, АЗАМАТ – АҚЫН!
Өз басым Ер Көкше (шын аты Ер Көкше емес) сияқты Азамат – Ақынды білгеніме аз-ақ уақыт. Бірінші рет ол кісіні Қазақстандағы оппозици қатарынан көрдім. Сонан бері шеруде, іс сапарда да бірге болып келеміз. Әсіресе, Алтынбектей азаматтың жоғын жоқтап, рұқсатсыз алаңға шыққан шеру кезінде, полиция атаулы біздерге лап қойғанда, Ер Көкше ағаның ешнәрседен қаймықпай, жұдырығын түйіп, ең алдыңғы қатарда кетіп бара жатқанын мен ешуақытта ұмытпаймын...
Ол жазған өлеңдер, өлең емес – өткір қылыш, оттың жасыны, жүгенсіз кеткен биліктің басына түскен найзағай болып тұр...
Ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда, зиялы қауым бұғып қалып, азамат деп сенгендеріміз халықты ғана емес, бір-бірін оңай сатып кетіп жатқан алмағайып заманда қара табан халықтың – қазағының жоғын жоқтау үшін басын бәйгеге тіккен бірден-бір қазақ ақын Ер Көкше десем қателеспеймін.
«Екі қазақ келе жатса, бірі – ақын болып шығады» деген қазақпыз. Бірақ Ағаның ақындығының жөні басқа. Сөз басын Азамат – Ақын деп бастауымыз тегін емес. «Ақын болу парыз емес – Азамат болу» парыз деген бір керемет қанатты сөз бар, көпшілігіміз мұны ұмытып барамыз, өкінішке орай...
Тіл, сөз өнері жағынан арнайы білім алмаса да, «халықтың табаныңа батқан тас, менің маңдайыма тисін» деген ішкі ұстанымы, Ұлтқа деген жанашырлығы, азаматтық ар-намысы оны ақын еткеніне еш күмәніміз жоқ. Қазақ ақынға кенде болмаған халық, қазір де кенде емес, бірақ бүгінде не көп, қолдан жем жеген бүркіттей саңқылдаған сарай ақындары көп. Ал осындай кезде халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған Ер Көкше ақын көп ақынның бірі емес, бірегейі деген сөз!
Ақық жаратылған шын Ақын мынау итжығысы көп тірлікте – Ақиқатты ғана мойындайды, Ақиқаттың алдында ғана тізе бүгеді. Жаратушы оны солай етіп жаратады. Ал мұндай ақыны бар халық адаспайды – Ақын жаққан Шындықтың Шырағына қарап жол табады.
Қазақ ұлт болып қала ма деп тұрған кезеңде ешкім айтпай, айта алмай отырған Ұлтқа ауадай қажет Ақиқатты айтып жүрген, Махамбет пен Бөгенбайдың Туын бірге ұстаған Дауылпаз Ақынға тек қана сәттілік тілейік!
Аса үлкен құрметпен
тәуелсіз журналист Гүлмира ТОЙБОЛДИНА
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 21:25
 Комментарий удален модератором.
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 21:35
43-ий
Вы стопроцентно правы!!!
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 21:42
Жігіттер! Бүгін жақсы әңгіме болыпты. Мүмкін болса қысқа, нұсқа жазсақ... Бәрін оқып шығуға бір сағ-тай уақытым кетті.
<br>Болашақ, сізге айтатыным бар: Бүгінгі биліктен қазаққа тек жамандық қана жасалынады! Қараңыз: жекешелендіру, жер кодексі, қазба байлық, тіл, дін...
<br>Енді сіз ойлаңызшы. Осы саладағы мемлекет саясатының бәрі дерлік қате. Мұны, мысалы, қарапайым адам мен, сіз, ол, тағы, тағылар біліп отырғанда биліктегілер білмей отыр ма? Біліп отыр! Білмей отырса, онда несіне халықты басқару ісіне араласып отыр? Кім оларды зорлапты?
<br>Бұл жердегі айқын нәрсе, ол - бүгінгі билік сатқын! Қазаққа опасыз билік!
<br>
<br>Қазақтың сорына, біздегі оппозицияда - сатқын!
<br>Бүгінгі биліктің де, оппозицияның да қазаққа жау екенін түсіндіру - біздің алдымызға қойған ең ұлы мақсатымыз болуы к-к! Ол үшін ең бірінші қазаққа жақсы өмірді сыйлайтын тек қана қазақ екенін біз өзіміз - осы айтысып жүрген, ұлт жанашырлары ұғынып алуымыз керек!
<br>Біз өзіміз \"бір жағадан бас, бір жеңнен қол\" шығармай тұрып, ештеңеге жете алмаймыз! Өзіміз оңбай тұрып, қарапайым халықты кінәлау - біздің, ұлт жанашырларының ақымақтығы!
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 22:28
Зона сдает позиции. Неужели на Мизиныча нашли хомут. Причина? Сейчась попробую ответит. Понимаю башляют ему оппики. Поэтому уж не они ли ему советуют не трогать Папу? Сегодня гораздо острее на том же ГЕО уж не говоря про КУБ и ИНКАР. Все течет- все меняется. И вот что ещё, в последнее время участились нападки на здравомыслящих комментаторов. Их комменты убирается модератором, а комменты провокаторов не убираются, они могут все что хочешь, вплоть до отборных матерков. Хотя я русскоязычный, хорошо читаю казахский (вот писать на казахском пока трудновато). Кто такой Еркокше, сразу скажу - незнакомый, но его стихи мне нравятся со своей прямотой. А вот те которые начали на него интенсивную охоту, думаю догадаетесь сами - кто есть ху на самом деле.
43-й мой
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 22:43
46-ой
Вы стопроцентно правы!!!
|
|
|
 Вт Май 06, 2008 23:11
Ассаламағалейкүм, ағайын. Қазіргі уақытта АҚШ-ты қамтыған дағдарыс бізге де келіп жетті. Білетіндер бұл дағдарыс 2-3 жылға созылып кетуі мүмкін дейді. Елге келген қиындық жөні түзу әр адамды ойлантатыны шындық. Баса назар аударатын бір факт бар. Ол - араб әлемінде экономикалық дағдарыстың болмайтындығы. Осы мәселені зерделеген адамның көзі барлық жетістіктің кілті исламдық банк жүйесінде екеніне жетеді. Бұдан бір жыл бұрын /2007, мамыр/ БТА банк Ислам даму банкімен бірлесіп үлкен жиын өткізіп, Қазақстанда да шариғатқа негізделген несие жүйесін кіргізуге ниет жасады. Осыған байланысты Ислам даму банкі БТА Банк пен Халық банкіне 50 млн. доллардан ақша бөлгені туралы Интернетте хабарлама болды. Алайда, әрі қарай ештеңе істелмеді. Ислам банктері өте көп ел -Ұлыбритания. Ағылшындар негізінен католиктер,бірақ мұсылман банктерінің қарапайым халыққа тиімділігі, бұл банктердің осы елде тез ашылып, өркендеуіне ықпал жасады. Европаның барлық елдерінде мұсылман банктері жұмыс жасайды. Исламдық банк жүйесіінің батыстық банк жүйесінен басты айырмашылығы - несие пайызсыз беріледі. Себебі шариғат бойынша пайда табу үшін қарыз беруге болмайды /риба/. Исламдык банк системасында "откат", "шапка", "навар" деген түсініктер болмағандықтан, бұл жүйе коорупция дегенді білмейді. Ислам банктері пайданы қарыз алған адамның өндірісіне немесе саудасына тікелей қатысу арқылы табады. Исламдық банк жүйесі елімізде жұмыс істейтін болса ел экономикасының дүр етіп көтерілетіне бір Алла куә. Исламдық банк жүйесін өз елімізде кіргізу мәселесін талқылауды көзі қарақты қазақтардың бәріне ұсынамын. Барлығыңызға бір Алла пана болсын.
|
АрысСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135
|
 Вт Май 06, 2008 23:19
Әй Болашақ,сен мына түріңмен ешкімге сенбейтін болсаң,саған қарсы сөйлегеннің бәрін өзіңе
жау санайтын болсаң,онда сенің болашағың жоқтың қасы.
Ер-Көкше ешқашан біреудің атынан сөйлемейді,Құдайтағалам ол кісіге қызыл тіл мен
| | |