Для изучающих казахский язык. 8 мая 2008 г.
[174/1480]

Бірігейік, бауырлар!
Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.
Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.
Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.
Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.
Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Просим не засорять ветку другими сообщениями.

Комментарии читателей [174]
Читать через форум
Поиск

Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.

Alty AlashСвой человек

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Чт Май 08, 2008 10:21
Ассалаумағалейкум!!!
кеше негізгі мәселе арамызда талқыланып ОЙ бөліскен ол:
Қазақстан Республикасы Президентін балағаттап сөккен дұрыс па, әлде бұрыс па?, болды
Президент - Ел символы.....сайлауға бәріміз қатыстық, дауыс бермегеніміз де бар, бергеніміз бар.....бірақ қайткенімен де Ел Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды....
мен негізі құптамаймын балағаттап, сөккенді.....бұл күрес емес, бұл сырттан үру.....
мені мына жемқор әрі алаяқ шенеуніктер қанағаттандырмайды, Елдің оңбай отырғандығы да осылардың кесірі....міне, осылармен күресу қажет, ал күрес барысында президенттің ұрандарын желеу қылып, сонымен соғу керек бұларды....бір Президентке жаба беріп, оны сөккеннен іс оңалмайды...онымен қатар Президентке қарсы шеру мен митингтерге ешкім рұқсат та бермейді.....ал егер жемқорлыққа қарсы Президент үндеуін ұран қылып шеру өткіземіз десе рұқсаттың берілуі әлдеқайда жеңіл болмақ....
БИЛІК жүйесін өз қамшысымен ұру керек!

АрысСвой человек

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135

Чт Май 08, 2008 10:26
Сәлем бердім, бауырлар, қандастарға!,
Өмір сүргін, ешкімнен сен, жасқанба!,
Қара жерге тойым болмас, ешқашан,
Қария бол, жасың жетсін, тоқсанға!.
Оған дейін намыс берме, ешқашан!,
Күрескейсің, ұлтшыл бол, әр қашан,
Ойланғайсың әруақтарды, ұмытпа!,
Олар қолдар, тексіз қазақ болмасаң.
Тексіз деген сөзден қашқын, ей адам,
Атаң сенің текті болып жаралған!,
Тура сөйле, жібі түзу сөз айтқын,
Кері кетсе, ел патшасы, ерме оған!.
Тіл мен дінді қатар ұста, туыңдай,
Кіргізбегін басқаларды, ұрындай,
Ең керегі осы екеуі, бол таза!,
Текті қазақ аппақ болар, жұлындай.
Сол жұлынды, омыртқамен қосыла,
Сындыратын, мына билік досың ба?,
Осыны ойла кешкі ұйқыға кетерде,
Бет алдына шаба бермей, жосыла!!!

Alty AlashСвой человек

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Чт Май 08, 2008 10:30
бәрекелді Ареке!

АрысСвой человек

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135

Чт Май 08, 2008 10:38
Кеше теледидардан Ресейдің жаңадан сайланған Президентінің,
шіркеуге барғанын, онда ол,әлгі «Құдай аналарының» суретіне
тәу етіп жатқанын көрсетіп жатты. Бәрі дұрыс, орынды.
Ал бізде қалай?. Сонаудан шығындап Рим ПАПАСЫН шақырып
қолын сүйіп,масқара болған жоқпыз ба??? Сонда ол Папаны шақырғандар Елбасы емес, шенеуніктер ме???.

Alty AlashСвой человек

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Чт Май 08, 2008 11:16
Ареке,
ол Рим папасы Президентіміздің тағайындау марапатына келіп пе еді?.....бұл саяси ойын емес пе....ия, өз дініңді ұялмастан, халықтан тығылмастан дәріптеу керек....бұл жағынан Ресей Президенттері бізге үлгі болары һақ ....

Чт Май 08, 2008 11:17
Алтеке,
Балағаттау, сөгу - дұрыс емес. Президент болсын, жәй адам болсын - оны боқтауға болмайды.
Бірақ, шындықты да айтуымыз керек қой. Ұрыны ұры деуіміз керек, узурпатор ды узурпатор.
Орыс крестьяндар баяғыда аңқау болып "патша біздің жағдайымызды білмейді, жақындағы министрлер, әкімдер шындықты айтпайды" деп сенуші еді. Бұл дұрыс емес қой. Бастық бастық болса, жағдайды білуі керек. Білмесе - іс қасиеттері жетпейді. Онда кету керек!
Узурпатор болса - оған қарсы шығу керек. Узурпатор екені пнық қой! Конституцияны 1993 жылдан бері неше рет өзгертті?
Қылмыскерді қылмыскер деуіміз керек. Қылмыстары аз ба? Жалғастырмай-ақ қояйын. Комментім өте ұзақ болар.
Халық даусын берді делік. Қалай берді? Шынымен альтернатива бар ма еді? Жоқ.
Кім президент болады - мені қызықтырмайды. Өлгенше президент бола қойсын. Бірақ 1) дұрыс қызмет етіп; 2) өзінен кейін жақсы президент болатын азаматты қалдырса болды. Халық үшін жұмыс істеп жатқан жоқ.
НӘН халықты сыйлай ма? Сыйласа, ән-ұранды қалай өзгертті? Бір күннің ішінде! Конституцияны да солай өзгертті.
Ол кісінің қасиеттері, таланттары керемет. 16-20 жыл бұрын халық оны шынымен қолдаған. Есіңде ме? Қалай мақтанатынбыз! Ақылды, оратор, екі тілді бірдей біледі, ұстамды, нағыз политик, ардагер деуші едік. Қайда кетті сол президент?
Критиканы айтуымыз керек. Бұл "сырттан ұру" дейсің бе? Мүмкін. Бірақ басқаша ұрамаймыз ғой? Алаңға шығу - қылмыс болды. Қазақ бүндай тиымды ешқашан білмеген! СССР кезінде де ондай болмаған - 1986 жылы еш қарсылық көрмей шықты ғой студенттер. Әңгіме кейінгі құдаланғанда емес. Әңгіме Желтоқсанның алдында ешқандай тиым жоқ болғанында. Дұрыс түсініңіздер.
Жағдайға қарап қарсылық көрсетеді ғой адамдар. Мысалы, партизандар ашық майдан соғысқа шықса - ақмақ емес пе?

Чт Май 08, 2008 11:32
Құрметті 1! - Алты Алаш! \"мені мына жемқор әрі алаяқ шенеуніктер қанағаттандырмайды\" депсіз. Сонда сіз айтыңызшы, осыларға жол көрсетіп, оларды сот пен оттан қорғап отырған кім? Индусс Лакшми Миттал ма, жөйт Ал. Машкевич пе, В. Ким бе,...? Жоқ Буш па?

Жеңіске жетесіз, егер корольге мат қойсаңыз ғана! Оған дейінгінің бәрі тек ойын. Сонда сіз бітпейтін мәңгілік партияға бізді үгіттемексіз бе! Мақұл, ойнайық мәңгі. Қазақ одан не ұтады?

Алтеке, басқаның бәрін сатуға болады, бірақ ұлт мүддесін емес! Сіз бұлай деп халықты шатастырмаңыз. Қазақ қазірдің өзінде кеш қалып отыр. Енді аз уақытта қазақтың өзі үшін күресуге шамасы да келмей қалады.

Сіз оппозицияның, оның ішінде Бутяның, позициясын ұстап отырсыз. Мүмкін Бутяның сыбайласы да шығарсыз. Мейлі.

Бірақ, Алтеке сіз олар сияқты мәңгүрт емессіз ғой, өзіңіздің ұлтыңыз үшін олардың құйрығына бір-ақ тепкеніңіз - екі дүниеде де дұрыс болады, тіптен Бутя сіздің туған бауырыңыз болса да!

Мына сөзіңіз, сөз бе?: \"қайткенімен де Ел Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды....

мен негізі құптамаймын балағаттап, сөккенді.....бұл күрес емес, бұл сырттан үру...\". Назарбаев сайланса, ол не Құдай ма? Алып тастаймыз! Сырттан емес, іштен-ақ ұрайық. Ол не? Айтыңыз.

Бұл негізі, күресем деген адамның сөзі емес! Қорықса адам, күреске шықпағаны дұрыс. Өзгелердің жүнін жығады. Жалпы, күреспейтін адам күреспесін, бірақ басқаларға зиянын тигізбесе болғаны.

Мысалы, бүгінгі оппозиция не өздері халықты БЕЙБІТ шеруге шығармады, не өзгелерге шығартпады! Одан да олар өздерінің бизнестерімен жүріп, ұлт патриоттарын қаржыландырып отырғанда, бәрі де басқаша болар еді!

Міне оппозицияның - биліктің жобасы екендігінің айғағы!

Alty AlashСвой человек

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Чт Май 08, 2008 11:36
Злеке,
Президенттен талап етуге құқы бар Халықтың....неге талап етпейміз??? неге сырттан қылмыскерсің, қазақ емессің, қалмақсың, тағы да басқа айыптарды тағамыз да жүреміз???.....ия, бұрқырап алаңға шықпақ түгіл, тура әкімдердің бетіне айтудан қашамыз, қорқамыз, интернетте отырып алып сайрап, жар саламыз, ал нақты ІС жоқ!....не қылған партизандармыз, тіпті бір-бірімізге кейде "соғыс" ашып жүрсек???
кінәлі бір адамды тауып, соны кінәлай беріп, оған бар пәлені жауып тастаған әрине оңай іс, бірақ оны оған жапқаннан бірдеңе өзгеріп жатыр ма??? оған не естімей жатыр дейсіздер ме қатты айтылып жатқан сөздер??? Халықтың өзі де әбден сезіп болды Президенттің қандай екенін, бәрі біледі...ал енді не істемекпіз??? оның Конституцияны өзгерткеніне, тағы басқаны, тағысын тағылар қылмысты-ұры істеріне төзіп отырып, үнсіз құптап отырған Халық сол қылмыстардың "соучастнигі" емей кім???? мәселе мына ӨЗІМІЗДЕ емес пе???
каждый народ заслуживет своего Правителя....

Alty AlashСвой человек

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5442

Чт Май 08, 2008 11:39
қазір кетіп барамын, түстен кейін жалғастырармыз....ғафу етіңіздер...

Чт Май 08, 2008 12:03
Алта Алаш, сіз баласыз ғой деймін? Біздің елде сол бір ғана адам - БӘРІ! Ол бүкіл басқару жүйесі! Ол сот, атқарушы билік! Ол жалғыз өзі - ел Парламенті! Оны өзгертпей, Қазақстанда мүлдем ештеңе өзгермейді!
Сіз "бұрқырап алаңға шықпақ түгіл, тура әкімдердің бетіне айтудан қашамыз, қорқамыз, интернетте отырып алып сайрап, жар саламыз, ал нақты ІС жоқ!...." депсіз. Бұл өзіңізді айтып отырғаныңыз. Жұрттың бәрін өзіңіздей көрмеңіз! Қорқатын Сіз ғана! Ол осы айтқандарыңыздан-ақ көрініп тұр.
Тағы да "үнсіз құптап отырған Халық сол қылмыстардың "соучастнигі" емей кім????" депсіз. Бұл Сіздің ең үлкен қателігіңіз! Мықты деген жапоннан, Сіз жерге ұрып отырған өз халқыңыз - қазақтың ешқандай кемшілігі жоқ! Халықтың халықтын айырмашылығы болмайды! Оның аты халық қана! Айырмашылық тек билігінде, сосын Сіз бен біз сияқты патриоттарында ғана! Халықтың билігі сатқын, патриоттарының рухы төмен ғана болады! Патриотсыз ба, ендеше өз майныңыздағы жауапкершілікті өзгеге жүктемеңіз! Болмаса, бойдағы ұлылықты, биік рухты, батырлықты қажет ететін ірі іске араласпаңыз!
Жұмысым бар деп қашпаңыз. Жауап беріңіз.

АрысСвой человек

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135

Чт Май 08, 2008 12:24
ГЕОкз.тв саитына кіріп көрсем,Х.Қожа-Ахмет мендегі "Азат" деген атты сендер алып қойдыңдар деген пиғылда әңгіме
өрбітіпті,,,
Мақтанғанда, алдыңа жан салмапсың,
Жарнамалас ешкім бұлай, қара басын,
Мықты болсаң, өзіңе сенген болсаң,
Сөз айтқанды сыртыңнан, құдай тапсын.
Бір-біріңе сөз айтсаң, жамандасып,
Ерлік қайда, намыс қайда, қара басып,
Бұл қазақты делқұлы етіп қойдыңдар,
Өңшең ырың, жатқандар тай-таласып.
Сен де жүргін, ол да жүрсін, жүрейік,
Қазақ үшін, ерлерге өмір тілейік,
Алламнан да, басқадан да сақтасын,
Бірақ ертең, қолды жайып жүрмейік.
Мына түрмен ҚАЗАҚ деген ұлтыңды,
Атын қойғам, мен шығарғам ұтымды,
Демесеңдер, болғаны ей, «білгіштер»,
Елбасыдай «шекарасыз» тұқымды.
Шалбар киіп, еркек атын өңгеріп,
Болар ұят, жүрсеңдерші, жөнделіп,
Өсек айтпай, бір-біріңе тас атпай,
Онсыз қазақ жүр емес пе, күнде өліп?!!
Қашан өсексіз,етек-жеңімізді жинап ел боламыз?!!!!

Чт Май 08, 2008 12:36
Арысқа,
Рім папасын Қазақстанға кім, қалай, қанша ақшаға
алып келгендігі туралы Р.Әлиевтің соңғы кітабында
толық ақпарат бар.

Чт Май 08, 2008 13:07

Президенттен талап етуге құқы бар Халықтың....неге талап етпейміз??? неге сырттан қылмыскерсің, қазақ емессің, қалмақсың, тағы да басқа айыптарды тағамыз да жүреміз???.....ия, бұрқырап алаңға шықпақ түгіл, тура әкімдердің бетіне айтудан қашамыз, қорқамыз, интернетте отырып алып сайрап, жар саламыз, ал нақты ІС жоқ!....

депсің А-Алаш.

Іс бар.

Істеп жүрген азаматтар да көп.

Бірақ, жеке-жеке.

мысалы, М.Оразай аға, Саиан інішек, т.б. өзіміздің замандастарымыз

түк істемеді, ештеме бітірмеді деп кім аита алады?

Бұлар да, Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған, он мыңдаған

азаматтар қолдарынан келгенше жұмыс жасауда.

бірақ, әрқаисысы жеке-жеке, өз алдына.

Кеибіреулер: \"қазақта ұлттық сана жоқ, ұлттық намыс жоқ\"- деп,

өздерін де, өзгені де алдауда.

Қалаи жоқ деп аитасың, егер құдаидың құтты күні, қаи ауылға,

қаи елді мекенге барсаң да, екі қазақтың бірінің аитатыны - осы

Алматыда \"зиалы\" деген де, \"ұлтшыл\" деген де, \"Ұлт патриоттары\"

дегендер де, \"ұлт тағдыры\" дегендер де аитып, жертөлелерде

отырып алып, бір-біріне жылап-сықтауы сиақты әңгіме!

Демек, ұлттық сана да, ұлттық рұқ та, ұлттық намыс та бар қазақта.

бірақ, жеке-жеке, әр азаматтың боиында.

бізде ҚОҒАМДЫҚ ұлттық сана, Қоғамдық ұлттық намыс жоқ!

неге?

оны біріктіретін ортақ газет (БАҚ) жоқ.

газет-жорнал көп. өте көп.

Қазақстанда қазақтілді 470-тен астам жазба БАҚ бар.

қазіргі қарқынмен көбеие берсе, 5-6 жылда бұлардың саны

1000-нан асып, мүмкін болашақта әр қазақ өзі ғана оқитын бір-бір газет ашар?!

онда бас ешқашан бірікпеиді.

Қазаққа 3-4 газет жеткілікті, сонда ғана бүткіл қазақ бір-бірімен, ең болмаса,

ақпарат арқылы жақындасады. Сонда ғана бір-бірін түсіне бастаиды.

Осы тармақтағы азаматтар бір газет оқиықшы - сонда түсінісу тезірек болады.

аитпақшы оиым: осы бағытта істеп жатқан азаматтар бар.

нақты істер де бар.

АрысСвой человек

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135

Чт Май 08, 2008 13:39 12-ге
«Батыр» қазағым-ау,сіз әлгі Рим Папасы келерде,Ватиканға аударылған
100миллион долларды айтып отырсыз ба, жоқ әлде...
Ойпырмай сол кітапты оқысаңыз өзіңіздің аузыңыздан шықса қайтер
еді осы сөздер!!!. Ол кітапты сіз жазсаңыз әңгіме басқа, ал оқу туралы...
Қорықпай-ақ қойыңыз, жаныңыз аман қалатын болды!!!.

Чт Май 08, 2008 13:50
Ассалаумағалейкум ағайын,
Кешегі Нұрсұлтан хан туралы әңгімемізді жалғастырсақ. Пікірлеріңізді оқыдым. Негізінен мыналарға тоқталсам.
1. Сынауға болмай ма деген сұрақ қойылыпты. Әрине сынау қажет. Дұрысын дұрыс деп, бұрысын бұрыс деп. Бірақ сіздің шырылдап жатқаныңызды кім естиді. Сізді қамауға алғаннан қазақ халқына не пайда. Отыр ғой абақтыда Шаңырақтың батыры.
Ендеше сын айтылуға сенімді жүйе қалыптастыру керек. Ол бірден бір : саяси-қоғамдық орта, тәуелсіз пресса, сарапшылар, қоғамдық қазақи ұйымдар. Бірлік болмай тірлік болмайды дегенім осы емес пе.
2. Сонау жыл санаумызға дейінгі 107 жылы Мөде атамыздың Қытайдан келген елшілерге тұлпарын да, қызын да беріп, уақыт ұтып алып, жасырын әскерін дайындау нәтижесінде Жер сұралған жағдайда бастарын шауып, ҚЫтайды бір УДАРмен жеңгенін үлгі тұтуымыз қажет. Ендеше неге біз денсаулығы нашар Елбасының атын жамылып, оны қазақ тілі мен қазақ ұлты мүддесін қорғау ісінде тартуды, атын барынша пайдалунды - сонау Мөденің қыз бен тұлпарды берумен салстырмасқа. Бүгін шегініп, ертең екі есе ұтайық ағайын.
3. Қазіргі мәселе Елбасының өзі емес, оны көтеріп отырған империяшыл отарлық саяси-құқықтық жүйе. Міне - біздің негізгі жаумыз қайда.
жалғасы бар

Чт Май 08, 2008 13:59 Қазақ бітіп СТАН ғана қала ма?
Енді мына қазақи орта құра алатын жастармыздың оқу мүмкіндігіне тоқталсам. Қазақ мектептері көбейсе, ертең қазақи орта күшейеді, керісінше, олар орысша оқып жатса, потенциалды батырларымыздан айрылып отырамыз.
Мисалы : Қобланды деген ауылда қазақ мектебі аталған мекемеде 3 сынып бар, сол сыныпты 4 класта орысша оқытамыз деп Қостанай облыстық білім басқармасының бастығы ШЕК деген қазақты 20 жыл бойы отарлап келген неміс азамат - жоспарлап отыр.
Міне нағыз қазақтың жауы осы:
Білім саласына баса аударайық ағайын. Қазақи азаматтарды облыстық басқармаларды басқаруға тағайындауға назар аударсақ. Ал білім және ғылым минінде не ойлайды екен?????
Қазақ бітіп СТАН ғана қалады онда

Чт Май 08, 2008 14:11
/////////////////////Томай президентті құлап сүейм деген************ Мен южанды ақылды десем ұят ай.///////////////////
Аллымен сәлеметсіз бе бауырым. Екіншіден, президентті сүюңдер деп айтылды дегенді қайдан алдыңыз.
Ойланыңызшы. Біз басқаны айттық. Қазақ өз символдарын сыйлай алмаса, қалай мемлекет құра алады. Мәселе сонда.
Ал жақсы құлаттық мына елбасыны, соңына келген адам да тиран болады ғой. Сағынып отыр ғой анау орыстар өз патшаларын, 1917 жылдан кейін не болып кеткенін айтпай-ақ қойын. Әрине Қазақстан сондай таңдаудың алдында, қатты сынау алдында тұр:
1. Не бізге Нұрсұлтанды у беріп өлтіріп, басқа тиран келеді.
2. Немесе Нұрсұлтанды (Ельцинді сияқты ) қорқытып үркітіп, ТВ жазып алып, еркін түрде билігімді тапсырдым деген - қу бұзық келеді. Сіз сонда несін ұтасыз? Әлде жалақы мен пенсияңыз қосылады деп үміттеніп отырсыз ба?
3. Не болмаса - Нұсұлтанның атын жамылып, 11 олигарх билігін жүргізіп отыра береді. Оның өлгенін де халықтан жасырып, двойнигін қойып қоса - қайдан білесіз.
4. Елбасыға халық қолдауын беріп: отаршыл-саяси құқықтық жүйені құлатайық, шынайы қазақ мемлекетін құруға шақырсақ.
Томай

Чт Май 08, 2008 14:44
Саламатсыздар ма?
Жаңа келіп,кешегі,бүгінгі жазылған ойларды сүзіп шықтым.Дән ризамын,халқымыздың арасында ойлы-ақылды азаматтар барына.Көңілім көтеріліп,қазағымның болашағы бар екен деген сезім онан әрі ұялай бастады.Осы тармақта соңғы кезде жақсы өзгерістер бар.Біріншіден-Боқтық сөзден аулақ болуды бәріміз қолдағанға ұқсаймыз.Екіншіден-Әртүрлі ойлар туа бастады.
Үшіншіден-жаңадан кірген авторларды шеттетпей,бұл тармақтағы ой-жоспарымыз бәрімізге ортақ екенін түсіне бастадық.Төртіншіден-бұл тармақта авторитаризмге жол бермей,коментаторлардың бәрі бірдей,тең құқылы екенін түсіне бастадық.Бесіншіден-Осы тармаққа кірген "батыр-ақын-тыңшы-тентектерді" бір-екі аталы-салиқалы сөзбен тоқтатуға болатынын түсіндік

таулыСвой человек

зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Чт Май 08, 2008 14:54 Бауырлар
Біріңнің атаң,біріңнің әкең кешегі фашизмге қарсы соғысқа қатысқан шығар, мейрам құтты болсын. Ұлтшыл болайық ағайын, бірақ фашизмнен аулақ.

ER-KOKSHE-ERСвой человек

зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Чт Май 08, 2008 15:27
Ассалаумағалейкум азаматтар!
Жол сапарынан келе сала интернетті ашып жіберсем біраз қазакемдердің басы қосылып қалыпты, бұл әрине қуанышты. Сонымен бірге басында сөздерін ибалықпен сызылып бастап, тіпті менің нақты кім екенімді де Жұмабай азаматтың Алтын Ғасыр газетінен танушы едім деп бастаған азаматтың беті ашылып, соққы жегеніне қарамай ащы солығын баса алмай жатқанына қарағанда Ер Көкше жанды жеріне тиіп, опасыз жанын күйдіріп жіберген болуы керек, солығы әлі де басылмай, қыңсылын тоқтата алмайтын халге жетіпті. Құдай аясын дегеннен басқа не айтайық. Кісі өзінің кім екендігін кей кезде байқамай сездіріп алады десе, Болашақ «батыр» сенің не үш әріптің қызметкері, не солардың тыңшысы екендігіңде ешқандай да күмәнді өзің қалдырмадың. Бірақ біліп қой, сен тыңшы болмақ түгілі шабдардың өзі болсаң да осы бар ғой, қорықпаппын! Оның шет жағын мына тармақтағы азаматтар жанай айтып өткен екен түсінігі бар мал есебіндегі еместерге.
Ал Томай арыстан мен Алты Алаш батырларға айтарым, күрестің қай түрі болса да жақсы, тек шын күрес болса. Әйтпесе оппозициядамын деп елді дүрліктірген талай серкелердің де «күрестерін» көріп, әбден тойып болдық қой. Шынымен де «олар» болмағанда бар ғой, қазақ халқының өзі-ақ баяғыда бір шешімін табатын еді. Біз осыларға сеніп келдік қой, әттеген-ай болғанда. Ал азаматтар, ана болашақ молашақ сияқылды арандатушылар емес, таза азаматтарға айтарым, мен қай күреске де дайын адаммын. Мен халқымнан үлкен, не болмаса дана емеспін, халық қалай шешеді, солай болады. Ал бірақ қазақ сол шешімін айтуы үшін де мына біздердей азаматтар бірігіп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы керек! Менің осы сөздерімнің құр байбалам емес екендігін Арыс, 77, Дара, Ақберен, Алдаспандай азаматтар растап бере алады.
Южан бауырым, мен мына Балқаш жағында жұмыстармен жүріп саған соға алмадым, телефонмен айтармын.
ҚЫЗҒЫШ ҚҰС
Қызғыш құс көлді қорып тыным таппай,
Кеш түссе қалатындай таңың атпай
Шырылда, шырылдама құдай ісі,
Жақсылық келмек емес жаман айтпай.
Қызғыш-ай шырылдайсың жағың жаппай,
Айтарың қасірет пе айт жылатпай,
Келмек бар, кетеріңде сен қалайша,
Кетерсің ащы сордың дәмін татпай.
Шырылда шырылдама байғұс құс-ай,
Түрі жоқ қу тірліктен болдым құса-ай...
Тайғанап шыңырауға құлдилаған,
Қазақтың қазасына келген тұс-ай...
Қызғыш-ай, сен айрылсаң айдыныңнан,
Айрылдым «Халық!» деген айбынымнан.
Жаратқан сонша-мұнша жылатқандай,
Жаңылдым айтшы қандай айыбымнан?..

Чт Май 08, 2008 15:33
Мынау 17 - Томайың бір қуғынбай ғой!

Қай орыстар, қандай патшаларын сағынып отыр? Олар қазір бақытты!

Кім президентті у беріп өлтірейік деп, болмаса билікті күшпен тартып алайық деп отыр? Соңынан келген адам да міндетті түрде тиран болатын болса, онда Назарбаевты мәңгі өлтірмеуіміз к-к. Бәріміз соның жолын іздейік ендеше.

11 олигарх баяғыда к.. қысып кетер еді, егер НАН олардың \"табанына батқан тас менің маңдайымды жарсын\" деп отырмаса.\" Оның өлгенін де халықтан жасырып, двойнигін қойып қоса - қайдан білесіз.\" дегеніңіз, бұл енді құлдық сана! Бейшаралықты көрсетіп тұрған айғақ! Анық сондай жағдайға жеткенше, бәріміз тегіс қырылып қалайық! Жоқ, менің өлгім келмеді дейсіз бе?

Тағы да \"отаршыл-саяси құқықтық жүйені құлатайық\" дейсіз. Қалай? Ол айтып отырған жүйеңіз - Назарбаевтың өзі ғой. 10-шы комменті оқыңыз.

Томай, Сіз кішкене де болса санаңызды тәуелсіздікке тәрбиелеңіз! Келесінің бәрі тиран болады деген ойыңыз, Сіздің келешектен ешқандай жақсылық күтпейтініңізді көрсетіп тұр! Сонда Сіздің пайымдауыңыз бойынша қазақ ешқашанда жақсылыққа жетпейді екен. Мұндай ой - адамдағы трагедия!

ER-KOKSHE-ERСвой человек

зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Чт Май 08, 2008 15:46 77-ге!
Әй, айналайын бауырым, қатты кетпе! саған мен айтып едім ғой шет жағасын. Томайдың да Алта Алаштың да сөздерінде дән бар сияқылды. Баяғы мынау "қызыл", мынау "ақ", мынау дос, мынау жау дегенге келіп қалсақ та адамгершілігімізді сыйласайық! Бұл екі азаматты қазақтың жауы деуге тіпті келмейтіндіктен артын бағайық та. Южан бауырыммен кездесуім керек еді-ақ, амал не, біздің ойлағанымыз бола берсе мына "қалмақ" шапқыншылығына ұшырамас та еді ғой қазакем. Бұл жолы кездесе алмасақ, келесі жолы бәрібір жолығысамыз. сонда айтылады айтылатын сөз, сонда білінеді әрқайсымыздың позициямыз бен нендей істерге бел шешіп кірісе алатынымыз. Так что ашуыңды бас батыр. Келесіде олай деме.

таулыСвой человек

зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Чт Май 08, 2008 15:47 Әрине
Әрине,сын айтуға болады Ел басының атына. Бірақ сын жүйелі болу керек. Қәзіргі қазақ оппозициясы жоқтың қасы екеніне қазір көзім жетті. Бары мен батырмын деп жанын сабалап, қарсы ой айтқанды қуғынбай деп қуалап жүр. Және де менің секемденуім, көбі Гапон поппа деп қалам. Себебі,елді қыздырып Президентті балағаттатуға тырысады. Ал Президентті балағаттап оның ар ожданына тиетін сөз айтқан адам жауапқа тартылуы тиіс. Ал кейбір ақынның аузынан ақ ит кіріп,қарасы шықса да әлі шауып жүр. Өзі айтады мені бәрі біледі деп. Сонда арандатушының өзі шығар,сақ болыңыздар.
Ал сын айтсақ айтайық,ол кісінің өзі де кіріп оқитын шығар біздің шығармамызды.

ER-KOKSHE-ERСвой человек

зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Чт Май 08, 2008 16:07
Таулы мыңқылдамай ойыңды ашық айт! Қатын емессің ғой таулы деген атыңа қарағанда. Және де Мазариге мұсылмандарды қыруға қару тасыдым деп бөсіп жүргеніңе қарағанда бәрібір "шабдарбай" бола ала алмай жүргендердің бірісің ғой. Ал менің өлеңдерім жалғыз анонимде емес, газеттерде шығып жүр еді сенен сұрамай-ақ. Өзіне сын өлең жазғандарды абақтыға жауып өлтіре берсе қалмақ көкеңнің қалмақтығы да қалмай қалады емес пе ана Ислам Каримге ұқсап...
Сен одан да шыныңды айтшы, мына болашақ пен екеуіңнің итаршылық қызметтеріңе шабдакеңнің конторы қанша қаражат бөліп отыр? Сендердің түтіндерің сол жақтан түтіндеп жатқанына мына тармақта ешкімнің де күмәні жоқ екеніне кәміл сенемін.

Чт Май 08, 2008 16:22
ҚҰрметті Ереке! 22! Ол кісілер маған ренжімейтін шығар. Бұл жерде мен өз қара басымның жағдайын айтып, жаным шығып отырғаным жоқ. Бұл ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫ! Ештеңесі жоқ. Жігіттер ерленсін! Менің байқағаным: ұлт мүддесі қорқақты - батыр, ал батырды - асыл қылады екен! Бұл кісілер, келешекте, өз ұлтының асылы бола алатын адамдар!
Ереке, Сіз "Томайдың да Алта Алаштың да сөздерінде дән бар сияқылды." депсіз. Иә, бұл бірақ, қазақ үшін өте улы дән болып тұр! Бұл ден билік пен оппозицияның ерен еңбектерінің арқасында әлдеқашан-ақ егіліп қойған. Осы дәннің дәмін татқан көптеген ұлт жанашырлары адасуда қазір.
Қазақ жойылса, әсіресе, осыдан жойылмақ!

Чт Май 08, 2008 16:29
Ереке, Болашақ, Таулы осы жерде тоқтай қойыңыздаршы! Қанша болды? Жетпей ме енді?
Бұл айтыстарыңыз өздеріңіз үшін ғана қызық шығар. Басқалардың мезі шықты шамасы.
Болмаса эл. почталарыңызды пайдаланыңыздар.
Мұндай айтыста жеңдім деген де, жеңілген де өз деңгейінің төмендігімен ғана көзге түседі.

АрысСвой человек

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 135

Чт Май 08, 2008 17:10 Таулы мен Болашаққа...
Таулы мен Болашаққа бердім сәлем!,
Сөздерің қисықтау ма?, әлем-жәлем,
Өздеріңе көр қазып жатсыңдар ма?,
Қазылсын сол көрлерің болып терең.
Халыққа қарсы шықпа, екеуің де,
Көпшілік бір алланың жетегінде,
Бар қазақ текті атаның баласы-ды,
Сендердей де, бар болар етегінде.
Бұзбаңдар, ой-өрісті бар шындықты,
Биліктен, патшаңнан да халық мықты,
Көтеріп төмен қарап сілкіп берсе,
Бет-бетімен тастап қашар қызыметті.
Абайла, сөзді сапта жүйеменен,
Бет алдына ыс жақпа, күйеменен,
Ойлаңдар, өтеніңді, ұрпағыңды,
Көпшілік атпасын тек, киеменен.
Адам ұрған жазылар, тыртық қалар,
Әруақ ұрған оңбайды, өліп тынар,
Жай өлмей, төсек тартар, ұзақ жатып;
-Кешір халқым, қазағым, деп шыңғырар.

ER-KOKSHE-ERСвой человек

зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Чт Май 08, 2008 17:13 77-ге!
Егер сен осы тармақты ыңғыйына да парақтап отырсаң байқаған шығарсың, Ер Көкше өзі бас салып ешкімге де тиіскен емес. Ал үндемей қалуды "олар" (әдейі) қорқақтық дейді. Осылардың атын атап, түсін түстеген жерім жоқ еді, қарасайшы қоймай-қоймай соңыма шырақ алып түскендерін. Қалмақты қалмақ деп жазба, ұрыны ұры деп жазба, қарақшыны қарақшы деме, ақты қара, қараны ақ деп айтуым керек екен оларға салсаң. Сондағы харам ойлары мен мына тармақта тым қауыпті болып бара жатқасын мені қорқытып-үркітіп (қарақшы қалмақтың айла-тәсілі емес пе аумаған!) тіпті болмаса басқаларға жаманатты көрсету.
іштеріңде қорықпай-үрікпей шындықты айтып салған тек қана Злой бауырым. қалғаның "жеңгенің менікі" дегендей кейіп көрсетіп отырсыңдар. Егер мен мына тармақтан кетсем, ертең мына саған 77-ге бас салады бұлар. саған керегі сол ма?!

Чт Май 08, 2008 17:33
Көкелерім-ау менің не жазығым бар еді.Әрі ойлап,бері ойлап Ер-Көкше мырза неге ренжіді деп жазғанымды сараптап едім.Ол мынау сияқты-"батыр-ақын-тыңшы-тентек" деп айтқанда,мен өткенде тармақты быт-шытын шығарған Ер-Төстік,Тарғын,Алпамыс,найманмын дегендерді айтып едім.

Чт Май 08, 2008 17:49
Арыс мырза!
Ақындығыңызға шек жоқ.Бірақ байыпқа шақырамын.Біреуге ор қазатындай,біз сізге не істеп едік.Ата жауың ба едік?Жазығымыз еліміздің тағдырына ойланғанымыз ба?Осы тармақтың ішінде де топ-топқа бөлінеміз бе?Бөлінбеуіміз үшін бұл тармаққа да диктатура керек пе?-деген сұрақ туындайды.Қазіргі еліміздегі жартылай демократия,жартылай диктатура осыдан туындаған жоқ па екен?

Чт Май 08, 2008 17:56
23.Таулы құрдасыма.
Сіздің елбасы да осы жерге кіретін шығар сындарымызды айтайық дегеніңізге қосыламын.

NewmanСвой человек

зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260

Чт Май 08, 2008 17:59
Ассалам алейкум уә рахматуллаһи уә баракатуһу ислам жолымен жүрген баурыларым
[quote:d9673b4c9b="Bolachak"]23.Таулы құрдасыма.
Сіздің елбасы да осы жерге кіретін шығар сындарымызды айтайық дегеніңізге қосыламын.[/quote:d9673b4c9b]
Енді мынауыңыз күлкінішті. Популярный анекдот деген жерге жабыстыру керек екен.
Томай, маған хабарлассаңыз жақсы болар еді.
daulet_t@inbox.ru

Чт Май 08, 2008 18:08
Как составить отрицание в настоящем времени с такими глаголами как ОТЫР, ТҮР, ЖАТЫР и ЖҮР? Мәселен, "Мен асығып тұрмын"...ал "Я не тороплюсь (сейчас)" калай болады кен -- "Мен асығып ??????

NewmanСвой человек

зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260

Чт Май 08, 2008 18:21
[quote:997795182d="Anonymous"]Как составить отрицание в настоящем времени с такими глаголами как ОТЫР, ТҮР, ЖАТЫР и ЖҮР? Мәселен, "Мен асығып тұрмын"...ал "Я не тороплюсь (сейчас)" калай болады кен -- "Мен асығып ??????[/quote:997795182d]
мен(сен-сіз-олар) (деепричастие: асығу+ -ып, -іп) отырмын (-мыз, міз, сіз)
вспомогательный глагол переводится в прошедшее время и добавляется частица жоқ
мен(сен-сіз-олар) (деепричастие: глагол+ -ып, -іп) отыр-ған жоқпын (-мыз, міз, сіз)
мен осыны жазып отырған жоқпын

Чт Май 08, 2008 18:22
анекдот
нән казахтелеком бастығын шақырып алып: Интернеттің бағасын 10 есе арзандатып, халықтың бәрінің қолы жететіндей қыласың - депті.
Не айтарын білмей аңтарылып тұрған қазақтелеком бастығына: Білмейсің бе өзің, Алты Алаш, таулы, Болашақ, Томай, Южан деген атпен Зонаға комментарии жазып жүрген мен боламын, сырың ішіңде болсын, бар бұйрықты орында - деген екен.

Чт Май 08, 2008 18:24
Ньюман мырзағаі
Мен де сіз сияқты екі атпен шықпасам.Бірде былай атпен,бірде басқа атпен.Мен сіздің кім екеніңізді білемін.

NewmanСвой человек

зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260

Чт Май 08, 2008 18:25
[quote:78665925c7="Bolachak"]Ньюман мырзағаі
Мен де сіз сияқты екі атпен шықпасам.Бірде былай атпен,бірде басқа атпен.Мен сіздің кім екеніңізді білемін.[/quote:78665925c7]
Кім екенмін?

Чт Май 08, 2008 18:35
Newman, Рахмет!
С деепричастием разобрались, а вот как сказать "Я не сижу" или "Я не лежу", то есть с теми вспомогательными глаголами текущего настоящего времени ОТЫР, ТҮР, ЖАТЫР и ЖҮР.

NewmanСвой человек

зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260

Чт Май 08, 2008 18:40
[quote:6a44a12064="Anonymous"]Newman, Рахмет!
С деепричастием разобрались, а вот как сказать "Я не сижу" или "Я не лежу", то есть с теми вспомогательными глаголами текущего настоящего времени ОТЫР, ТҮР, ЖАТЫР и ЖҮР.[/quote:6a44a12064]
То же только без деепричастия
настоящее
сен отырсың ба?
мен отырған жоқпын.
а прошлое будет
мен отырмағанбын, отырмаған едім.

Чт Май 08, 2008 18:43
мен отырған жоқпын - рвзве не будет как "я не сидел" (прошедшее время). меня интересует "я сижу/лежу/стою сейчас", те текущщее настоящее время...

Чт Май 08, 2008 18:44
Екеуіміз ғана білейік,жақын арада Астана қаласына барамын,сонда міндетті түрде кездесерміз.

Чт Май 08, 2008 18:45
Ой Болашақ, қандай қандай зерек адамсың!!! Қайдан біліп қалдың менің Нюмен екенімді???

Чт Май 08, 2008 18:57
Болашақ тек зирек қана емес болса оны Ерекең әшкерелеп отырса сіз не демексіз?
Таеп осындай жалдамалылардан сақтай көр көр құдай. Ол кәдіимгі арам қататын ның өзі арандатқыш дейді оларды. Меніңше олай болмай шықса айтарым ол үш әріпке істейді.......................................................................ол солдықтан да помордератор болып мына тармақты қадағалау жасасысады

Чт Май 08, 2008 19:02
Newman кім де болсаң да, дұрыс түсіндіріп бергенүшін көп рахмет!

таулыСвой человек

зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 230

Чт Май 08, 2008 19:05 Арандатушыларға
Көкше мен Арыс , жүйелі күдіктен шапшып секіріп отырсың ғой. Арон Атабекті оппозициямыз деп түрмеге тығып, енді халінде сұрамайсың. Арыс ақынмын шатпағыңды шатып елге әңгіме айтасың. Енді Ауғанстандағы шияларды мұсылман деп көкисің. Сендерді адам деп,есекті мал деп жүрген Злой,ВХУЗ,Ю-Жан дар адасып жүр ғой.
Жігіттер Ел басын сынап санасатын оппозиция болу үшін терең білім керек,мемлекет құрылысынан бастап басқа да ғалам танудан.
Қалмақ,қалмақ дейсің,жоғарлар,торғауыттар,шүршіттерді ажыратып тағы айта алмасың. Қалмақ деген алыста (г. Элиста) қалған шүршіттің қалдығынан құралған халық. Жетісуға келмеген. Бірінші Петрға жылап барғаннан соң Еділдің арғы жағынын жер берген, Бірақ қайтадан Еділден бері өтпеген. Бар да тарихты ашып оқы. Сендей ақыннан безу керек. Рахаттан сұрау керек, мүмкін алып қашқан архивте Ер ақындар қақ төрінде орын алып отырған шығарсың. Шет елге шығып, сырт дұшпанмен жұмысты Қорғангыс Министрлігінің сыртқы барлауы істейді. Үш әріпке қатысы жоқ№

NewmanСвой человек

зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2260

Чт Май 08, 2008 19:11
[quote:ae5ad42910="Anonymous"]мен отырған жоқпын - рвзве не будет как "я не сидел" (прошедшее время). меня интересует "я сижу/лежу/стою сейчас", те текущщее настоящее время...[/quote:ae5ad42910]
Нет. В общем это действительно форма прошедшего времени, но прошедшее будет так, как я написал вверху.
Я там написал как будет прошедшее. Дело в том что употребление этих глаголов и показывает настоящее время. А без них настоящее не получается.
Мен жазамын -- будущее -- Мен жазбаймын
Мен жаздым -- прошлое -- Мен жазған жоқпын, мен жазбадым
Мен жазып жатырмын -- настоящее -- Мен жазып жатқан жоқпын
Мен жытырмын -- настоящее -- мен жатқан жоқпын

Чт Май 08, 2008 19:20 43-ге
Ондай жерде Болашақ сияқты түйсігі жоқ аңғалдарға орын жоқ! Басқаша болса, нәннің аяғы баяғыда-ақ аспаннан келер еді.

Чт Май 08, 2008 19:28
таулы сәпсем есек болып кетсе керек болған керек болса ақылы мен естүсінен айрылған адам десе енді қайтесің айтпай жасыра аласыңба жасырсаң жасырғанмен бәрібір де тек шындық керек.
Осындай малмен сөйлескендер де айтымсқандар да мал деу керек болды.

Чт Май 08, 2008 19:29
Ие-е-е.Есіме Әзілхан Нұршайықовтың бір жақсы айтқан сөзі есіме түседі-Айналадағы бар адамдарды жақсы көрсем де,бақытты өмір сүру мүмкін емес.Жамандық пен сатқындықты көп көрдім-деп.

Чт Май 08, 2008 19:34
Ееейййййй қазақтар деп бірінші айтқан Таулы мырза халқымыздың аңғалдығына дәл баға беріп еді.

Чт Май 08, 2008 19:37
шындықты мыналар жүрген болса білмей таулы деген деп жүргендерің таулы емес тіпті де. Бұл айтсам меніңше Арон ақмақты жер сатқызып ақымақ еткен және оны көрге жымтырған таулың ешкім емес болса бұл нағыз Сәлім Оразалинов сатқын болса не дерсіңдер?

Чт Май 08, 2008 19:51
міне көрдіңдер ме таулы мен болащақ! Ұрекең не то что зонаны оқиды екен, даже коментте жазады екен, отырыпалыыыып.

ER-KOKSHE-ERСвой человек

зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675

Чт Май 08, 2008 20:10 ЗЛОЙ БАУЫР!
2
Злой
Аноним Вт Май 06, 2008 10:44
Көптен бері уақытым болмай тармақты тек кешке сырттан оқып жүрдім. Таң қаламын десем, жұмсақ айтылған болар. "Бірігейік, бауырлар!" деген ұранымыз мүлде ұмытылған.
Бауырлар аз екен. Көбінесе шәңкілдейтін иттер жиналған сияқты. Бірін бірі жау деп санайтын.
Бірлестікті құрту үшін 2-3 комментатор жеткілікті екен. Олар Ер-Көкшеге жабылып, жала жабуға көшіпті. Жасы келген кісінің жүрегін ауыртып құртпақшы болуы керек. Солардың ішінде Болашақ та бар екенін көргенде, сенбедім. Басқа біреу соның атынан шығып жүрген шығар дедім. Бірақ ертесіне де, кейін де Болашақ "ол мен емес едім" деп шыққан жоқ (мен байқамадым ба?).
Басында Болашақ өте сыпайы сөйлейтін. Сыпайлығы күмән туғызған еді (бала кезімнен өте сыпайлы адамдарға сене қоймаймын). Сондықтан мен оны кейде әйел адам шығар деп ойлайтынбын. Қатты жаңылысқан екенмін. Фазиль Искандердің Болашаққа келетін бір жақсы сөзі бар - "хам на цыпочках".
Ұрыспайық, таласпайық деп бастағанымыз дұрыс емес болып шықты. Ұрысайық, таласайық! Бірақ ережелерді өзгерту керек. Анонимдердің боқ сөзін естімеу үшін жақында айтылған сайтты ашуымыз керек. Зонада да қалуымыз керек. Келесі айда қолым тисе блогқа шығамын. Сонда автордың өзі-ақ модератор бола алады. Орысша шығамын. Қазақша жазуға көп уақыт керек. Сонда әңгімені қалай жургізген дұрыс екенін көрсетуге тырысамын. Мүмкін, басқаларға үлгі болар.
Әзірше аман-сау болыңыздар.
Злой бауырым қолдауыңа айтарым, азамат екенсің! Бұлай деп отырғанымның себебі жоқ емес, бар. Жау жағадан алғанда дұшпан етектен алады десе, сенің мына тармақта өз бағытыңды жазғаның жағаға жармасып жатқан түйсігі бар екі аяқтыларға үлкен ой салуға тиісті еді. Бәрі түсінді де. Тек екі топастан басқасы ғана түсінді сенің өткір ойыңды. «Біреумізді шпион, біреумізді жау көрмейік» деп отырғандарға айтайын дегенім, олай болмайды! Жау өзі бірінші болып мына интернетте соғыс ашып отырса үндемей бұғып қалу азама | | |