RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.

Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: 15 октябpя 2008 г. 16:44

Дата публикации: 24 июля 2008 г.

Для изучающих казахский язык. 24 июля 2008 г.

[35/1261]
на печать печатная версия статьи без элементов оформления комментарии комментарии читателей к статье

Бірігейік, бауырлар!

Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.

Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.

Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.

Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.

Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Просим не засорять ветку другими сообщениями.

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:     Пароль:      Автоматически входить при каждом посещении
Комментарии читателей [34]    Читать через форум   Поиск

Имя [ аноним / ввести пароль ]:
Заголовок сообщения:
Текст сообщения:

Введите код, который вы видите на этом изображении
Введите код, который вы видите на изображении:

Внимание. Максимальная длина сообщения 3500 знаков.
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Арыс
Свой человек  ( ? )

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 714

Сообщение Чт Июл 24, 2008 09:59  Ассаламағалейкум бауырларым!!!
Аман ба, халқым аман ба?,
Кетеуі кеткен заманда,
Жүргенбісің, итшілеп,
Нәпақа тауып, қоғамда?.

Тектілер, мына заманда,
Салғырттыққа айналған,
Тексіздер мініп көк атты,
Шенеунік деген «жай» алған.

Сол шенеуік өз халқын,
Мәңгүрттікке жеткізді,
Қабылет жоқ, дарын жоқ,
Тексіздің аты, тексізді.

Тектілерім, данышпан,
Қашан келер, билікке?,
Өзгертер халық өмірін,
Қазіргі тірлік, тірлік пе?.

Таптаулы сенің құқың да,
Баяғы таздық, қалпында,
Езгілей берсе, ей қазақ,
Қалмайды сенен тұқым да!.

Алланың өзі халықпен,
Кей кездері санасқан,
«Сақтансаң ғана сақтаймын»,
Деген сөзге кім таласқан?...

Санаспақ түгіл халқымен,
Байланған итше, қарайды,
Етін жеп, сүйек тастайды,
Күзетер зәулім сарайды!!!.

Ал сарайда жебірлер,
Өз халқын сорып, тауысқан,
Күндіз-түні тойлайды,
Қазаққа болмас, туысқан.

Текті келсе боп, патша,
Өз халқына жаңаша,
Түйін тігер, молшылық,
Келерді заман, тамаша!!!.
2
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 10:32
Арысқа. Сіздің өлеңсымығыңыздан әбден мезі болдық. Өзіңізге ақыл жетіспейді-ау деймін. "Ақымыққа жүз теңге беріп өлең айттыртып, мың теңге беріп қойдыра алмады",-деуші еді. Сіздің атыңыз бүгіннен бастап "ШЫРЫЛДАУЫҚ ШЕГІРТКЕ".
3
Арыс
Свой человек  ( ? )

зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 714

Сообщение Чт Июл 24, 2008 10:57  2-ші,тұрақсызға!!!
Шырылдауық шегіртке,
Мысалда бар, қарасаң,
Ныспысы жоқ, аты жоқ,
Сендеймен кім санасқан,.

Сен сияқты аты жоқ,
Көлеңкелер көбейді,
Қайда барсаң артыңнан,
Қалмай қояр секілді.

Енді жауап жазбаймын,
Көрпе асты пендеге,
Іздеп сені, қазбайын,
Тұрағың болса, жертөле!!!!.
4
Alty Alash
Свой человек  ( ? )

зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 6428

Сообщение Чт Июл 24, 2008 11:04
Ассалаумағалейкум!!!

бармысыздар , армысыздар?

осы "армысыз" деген сөзді бертін келе ұқтым, имандымысың бүгін, ар-ұятың бойыңда ма, дегенді білдіреді екен.....
5
Aldaspan
Свой человек  ( ? )

зарегистрирован: 23.03.2008
комментов: 254

Сообщение Чт Июл 24, 2008 12:30
Ассалаумағалейкум, Ағайын!

Арыс бауырым, қатырған екенсің!
Жаза бер, бар талантыңды халықтан аяйсың ба? Ұнамаса оқымасын, өзі сенен асып бірдеңе жазсын, кім ұстап тұр...
Сенің өлеңдерің осы, кейде түкке тұрмайтын айқай-шуға толып кететін, тармақты ашып, әрлеп тұр.
Қазақтың бүгінгі салт-дәстүрлері туралы да жазсаң дұрыс болар еді -деп ойлаймын.
6
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 12:37
Шырылдауық шегіртке Арысқа. Сен шегірткенің айғырысың ба, әлде байталысың ба, онда менің шаруам жоқ.. Сен сияқты шегірткелер дүниені құртатын. Жалмаңдаған жалмауыз. Шешек шыққыр. Ел мен жұрттың ырыздығы болатын жазғұтырымғы балауса болып өсіп келе жатқан бүкіл егістікті жалмадың да, енді шырылдап өлең жазасың. "Өлең- сөздің патшасы",-деген . Сен сияқты шырылдауық шегірткелер - өлеңнің қадірін кетіретін. Саған өлең жазба демеймін, жаз, бірақ, өлеңің - өлең емес. Әлде, өлең құдіретін түсінетіндерді күйіндіріп өлтіргің келетін шығар. Қара ниетті Шырылдауық шегіртке. Не де болса, ниетіңнен тап, жаман ниетің жолдасың болып, жолда қалдырсын.
7
2 мен 6 анонимге
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 14:47
Ей бейшара қазақ! Енді біреудің өлең шығарғанын қызғанайын дедің бе? Оның саған не зияны тиді? Оқығың келмесе мен сияқты оқымайақ жайыңа қарап отыруға болмас па? Әлде атағы шығып кетеді деп қызғанып отырсың ба?
8
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 17:53
Айтылда ғой талай рет, өлең жазыңыз...бірақ өз блогыңыз болсын...оқырмандарыңыз іздеп жүріп оқысын. Ал бұл тармақ.. барлық қазақтардыкі ғой...асыра сілтеушілікті қойған абзал. Күрделі тақырыпты талдайық одан ша...күні бойы сіздің өлеңіңіөді оқығанша. Ғапу өтінем.
9
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:11  Бәріңе
Кеш жарық, құрметті қазағым. Кім бар-ау мына бетте? Әлде соқа басым сопиып жалғыз өзім отырмын ба?
10
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:37
9-шыға!

Не болды, сонша айқайлап?
Қорқып кеттің бе? Мен бармын ғой...
11
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:39  10-ға
Шүкір, бар екен. Әйтпесе интернетте қалған жалғыз қазақ мен бе деп едім. Ал, қайырлы кеш, не жаңалығың бар бөлісетін?
12
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:42
Бауырлар, бүгінгі жаңалық сол - Елбасы Алматыда жүр.
Бірақ не істеп жүргенінен хабарым жоқ.
13
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:46  9-ға
Әй, досым, неге шықпай қалдың, әлде өзің қорқып отырсың ба? Жә, қорықпа, біз (қазақтар) бармыз, біз көппіз, әрі батыр емеспіз бе. Жоқ әлде өткенде Дос дегеннің жазғаны рас болып біз бейшара халық болып қалдық па? Жалпы осы пікір туралы не айтасың?
14
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 18:49
13-ші пост 9-ға емес, 10-ға арналған.
15
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 19:30
Бейшара халықпыз деп мойындағанымыз....жарамас...
Бейшара емеспіз... бірақ тым көмпіс халықпыз...теріміз кең...момындаумыз...қызу қанды емеспіз... тым сенгішпіз...ең бастысы жалқаумыз..
Ал басты кемшілігіміз...тағдырға мойын ұсынушылығымыз..ол енді біздің санамызға сіңіп қалыптасып қалған фатализмнен (тағдырға сенушіліктен)туған қасиет. "Басқа салса баспақшыл". "Маңдайға не жазса соны көресің." тағы басқа мақалдар ұлт санасына молынан сіңген.
Тағы бір кемшілігіміз. жауапкершіліктің жоқтығы...ең бастысы ел ,жер, Отан алдындағы жауапкершіліктің жоқтығы...
Қайсымыз болса да, мейлі биліктегілер болсын, мейлі ж"й қарапайым халық болсын, өз ұлтының алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Тек өз басын күйттеу тоғышарлыққа жатады.
Біз аз халықпыз, жер бетінен құрып кетпеу үшін әрқайсымыз, бойымыздағы барымызды, күшімізді, бәілімімізді туған халық игілігіне жұмсауымыз керек.
Ақшалы байлар, ақшаларын халық игілігіне жұмсап, жетпей жатқандарға жағдай жасаса, мектептер, балабақшалар салса..және тағы басқа игілікті істер жасаса...
Бұл ойлар қайыршының қиялы емес...тарихта өздерін өздері шаштарынан тартып өрлеген ұлттар баршылық...
Арғылары еврейлер....бергісі өзіміздің түріктер...
16
Мәмбет
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 19:52  Осы тармақтың белсенділеріне

Азды-көпті уақыт айтысып келеміз. Әлі де айтысамыз. Шындық шіркін ұстатпайтын бәле ғой.Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтау қиын. Өйткені, әркім әртүрлі ортада өстік, әртүрлі білім алдық.Ащы –тұщыны да әртүрлі таттық.Сондықтан да әркімнің өз шындығы бар. Біреуіміз романтик,екіншіміз реалист, біреуіміз атеист, екіншіміз діндармыз.
Бірақ бәрімізді де мазалайтыны - халқымыздың жай-күй.і Оның болашағы. Әрқайсымыздың басымыздағы проблема жетіп артылады. Солармен алыса жүріп елдігімізді де ойлаймыз. Біздің басымызды қосып отырғаны да осы.
«Мен елім үшін жанымды берем» дейді біреулер. Мүмкін. Бірақ, жан-дүниесін бере алмайды-ау! Өзінің осы уақытқа дейін қателесіп келгенін, бойына жинаған құндылықтарының жалған екендігін, алған білімінің о бастан өтірік болғанын мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені, оның да өз жақтаушылары бар. Талайды өзінің аузына қаратты емес пе? Соның бәрін қию- сатқындық немесе өзінің данышпандығын жоққа шығарумен тең сияқты. Дәл солай ойламайды, әрине. Бірақ, бір белгісіз күш «жеңілме, соңғы демің қалғанша айтысып өл» деп тұрады.
Ал енді айтыстың да жақсысы бар, жаманы бар. Жақсысы- өз ойыңды айта отырып, кей нәрсені мойындау (егер мойындайтындай болса) Жаманы-қайткенде жеңу, түк болмаса балағаттау, кіналау! Сондай айтыстың Ресейді кезінде неге әкелгенін білесіңдер...
«Россию умом не понять».... Естеріңізде ме? Во! Во! Немесе, «загадочная русская душа» деп жүріп, ешкіммен араластырмай, өңкей жебірей жабылып, жетпіс жылға тентіретіп жіберді ғой! Олардың көретіні алда әлі!
Ал біз ше? Біздің мына байлығымыз кейін белгілі болған . Демек, кезек біздікі! Біз қарсы тұра аламыз ба? Оны уақыт көрсетеді.Бірақ, бізге ауыз сала бастады. Қазақ бұрын тек жүзге, руға бөлінсе, қазір оңт үстік- солтүстік, қалалық- ауылдық болып, ол аздай, дін жағынан да бөлшектеніп жатыр. Бұл науқанға біреулер ақша үшін, біреулер өз еркімен еңбек етуде. Сіздер біздің байлықты су тегін тонап жатыр дейсіздер. Олай емес. Орнына бізге алдымен Бейбарысты, сосын Томиристі (Тұмар патшайымымыз ше!), соңынан Шыңғысханды сыйлады. Керек десең, Аль Фарабидің моласын тауып берді Сириядан.Акция жүріп жатқан соң Шоқайды да өздерің тазалап алыңдар деп бізге лақтыра салды. Ал не керек енді?! Ауыздарыңнан көбіктерің аққанша айтыңдар, жазыңдар. Сол бізге тарих та, нан да болады.
Біз түркіміз!!! Біз ерекшеміз!!! Пассионарий, массионарий... Гумилев... Одан қалса Марко Поло, Алтын Орда, Ақ Орда, бірдеме орда, Тенгри- менгри... Айтатынымыз осы болды. Мұның бәрі жебірейлердің бізге жылтыр қағазға орап берген боғы1
Маған салса, ана дәніккен алаяқтар Бодров пен Ибрагимбековты елге жолатпас едім.
17
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:10  Мәмбетке
Мәке.
Айтқаныңызбен келісу де, келіспеу де қиын екен.
Өйткені өзіңіз жазғаныңыздай, әркімнің білім-білігі мен дүниетанымы басқа, бөлек қой.
Дегенмен көп сөзіңіздің жаны бар.
Бағытыңыз бек дұрыс.
18
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:47  Мәмбетке
Сонда не істеуіміз керек айтшы...айтқаныңның бәрі болмаса да жартысы дұрыс дедік...тығырықтан шығар жол қайда?

Басымызға қатер төніп тұрса, оның алдын алу үшін не істемек керек?

Бәр жерде әйтеуір жебірейілдердің жағынан төніп тұрған қатермен елдің зәресін алып бітірді?

Ұлттығымыз ды, жерімізді сақтап қала алатын мүмкіншілігіміз бар ма? Әлде тағы үш жыз жылға немесе мәңгіге тағы бодандыққа кетеміз бе?

Пассионар массионар деп Көк төбе деген бағдарламадағылардың былшылын мен де жаратпаймын. Суфиспіз деп жүргендерге ішім жылымайды.

Маған салса, ескілікті аңсап зарламай, бабалардың ерлігін азық етпей, сары уайымға салынып, малтаны езіп, өзді өзіміөді тұқыртып жамандап сарнай бермей...алдыға нық сеніммен қарап...балаларымызды қазақ рухында тәрбиелеп, шамамыз келгенше өркенниеттілікке ұмтыла берсек...ешкімге есемізді жібермесек...

Өзгенің мақтауына дандайсып, қырғыз, өзбектерден көш алды кеттік деп көпіріп, бөспей...жүрген де артық болмас бізге.

Қиял ғажайып ертегідегідей өмір сүреміз болашақта, түркі ұлттардың ішіндегі марқасқасымыз, бәлен түглен деген жеңілтек ой санаға сіңбесе екен.

Қазақтардың соңғы жүз жылдағы тарихы, қытайдың ұлы секіресінен де асып түсіп тұр. Қай халық болса да табиғи заңдылықпен дамығаны заңдылық. біз анда секіріп, мында секіріп...неше алфавит ауыстырып, тарихты олай жазып бұлай жазып, біресе анған,біресе мынаған еліктеп жүрміз. Ойланайық. Жеңіл ойлап ертең сорлап қалмайық. Жігіттер...нақты бір ұлттық концепция керек. Билік, партия, саясат..бәрі өткінші. Мәңгілік ештеңке жоқ. Осы дәуірде ұлт болып қалыптасып, құрлықтан бір тілім жерді иемденіп отыру мүмкіншілігінен айырылып қалмау жағын қарастырайық. Ырду дырдуды тоқтату керек. Терең ойланып саналы түрде өмір сүрген жөн.

19
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:51
2мен 6 өте өте дұрыс айтқансың.
Шырылдауық шегіртке бүгінгі беттің қанатты сөзі.
Бұл Арыс қазақтың ақындығын мазақ қылушы.
Бояушы бояушы дегенге мұртын да бояпты дегендей.
20
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:54
Бір Тұңғиық атты серке бар еді. Қайда екен? Айтеуір аман есен болса болар. Тентектеу де сықылды.
21
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:57
Таулы қайда екен? Че ты шиздишь. Че ты шиздишь деп шыға келетін еді. Тауда малина теріп жүр ме екен?
22
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 20:59
Болашақ қайда екен? Балдарды оқытам деп даусы қарлығып қалды ма екен?
23
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 21:01
Толағай қайда екен? Көтерген жүгі шамадан асып кетіп, Астында қап қойған жоқ па екен?
24
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 21:03
Ақтан қайда екен? Бичтарын жинап ала алмай жүр ма екен? Жоқ алде олар оны соққыға жығып тастады ма екен?
25
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 21:08
Ілесбек атты бейтарап жазушы қайда екен? Шежіре сандығының құлпы заклиниттап қалды ма екен?
26
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 21:26
Жалмаңдаған жалмауыз. Шешек шыққыр... Бұл сөздер де қанатты сөздерге жатқызалық. Бұрын мамам ашуы келген адамға шешек шыққыр деп қарғаушы еді.
27
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 21:39
*20-дан томен карай посттарды жазған жазгыш, елдин барин тугендеп шыктын гой, еригип отырсын ау, шамасы
*ал 2 мен 6 постты жазган адам барып турган коре алмайтын иши тар кызганшак,
*айтпесе кара оленди кызганып не болды,
*жок кунде казакша жазган олендер окып жур ме един
28
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 22:50
Арыс шырылдауықты қойғызу үшін.

Байлықтан емес семірткен,
Тірліктен емес таудағы
Өзгертпек болды шегіртке
Пәтерін және ауданын.

Мұндайда әсте жарлының
Жоқтықтан іші күйеді.
Жиһазы, мүлкі барлығын
Арбаға түнде тиеді.

Жоқтыққа бірақ не шара
Кедей ол қайда бармасын.
Асығып жүріп бейшара
Аударып алды арбасын.

Жолама, ойбай жолама
Білесің мұнда кім мықты
Жыртқышта ұят бола ма
Жапалақ оны қылғытты.
29
zheltocsan
Аноним
Сообщение Чт Июл 24, 2008 23:57
мәмбет-ау мәмбет, не істейік сонда? Көп сөздерің дұрыс, кейбірі теріс. Маған салса анау Горбачевке ұқсатып бір зейнетақыға қаратып, үй түрмесінде көздерін көкшитіп отырғызып қояр едім. Ерекеңе салса екі аяғын екі бағанаға керіп, басын төмен қаратып астырып қояр еді. Бірақ оның бәрі қолдан келмейтін тәрізді. Рахат Әлиевтің де кейбір жазғандарында шындық бар сияқты. Венада жатып ол да тағы бірдеңелерді бықсытып жатыр екен.. Айтпақшы бүгін Болашағым көрінбеді ғой. Өткенде Малыбайдағы Айдынның қазасын арақтан туған жанжалдан шыққан екен деп еді. Оған Малыбайдың нағыз қазағы да ештеңе айта алмады, алдында ғана ол осы жерде бәрімізді қырып кете жаздап отыр еді...
30
Anonymous
Аноним
Сообщение Пт Июл 25, 2008 00:09
Желтоқсанға Кім ол Ерекең
31
Мәмбет
Аноним
Сообщение Пт Июл 25, 2008 00:13  zheltocsanға
Рахатқа қалай кірдің? Сілтеме берші.
32
Антивирус - МӘМБЕТКЕ
Аноним
Сообщение Пт Июл 25, 2008 10:17

Комментарий удален модератором.
33
Сандуғаш қарындастарың
Аноним
Сообщение Пт Июл 25, 2008 10:34
28 дегін өлең деп осыны айту керек. Жақсы екен Аға. осындай лежачий полицейлер керек.
34
Антивирус - МӘМБЕТКЕ
Аноним
Сообщение Пт Июл 25, 2008 12:36  ҰЛТТЫҚ-ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!!
Пт Июл 25, 2008 10:17
Ал енді айтыстың да жақсысы бар, жаманы бар. Жақсысы- өз ойыңды айта отырып, кей нәрсені мойындау (егер мойындайтындай болса) Жаманы-қайткенде жеңу, түк болмаса балағаттау, кіналау! Сондай айтыстың Ресейді кезінде неге әкелгенін білесіңдер...
«Россию умом не понять».... Естеріңізде ме? Во! Во! Немесе, «загадочная русская душа» деп жүріп, ешкіммен араластырмай, өңкей жебірей жабылып, жетпіс жылға тентіретіп жіберді ғой! Олардың көретіні алда әлі!
Ал біз ше? Біздің мына байлығымыз кейін белгілі болған . Демек, кезек біздікі! Біз қарсы тұра аламыз ба? Оны уақыт көрсетеді.Бірақ, бізге ауыз сала бастады. Қазақ бұрын тек жүзге, руға бөлінсе, қазір оңт үстік- солтүстік, қалалық- ауылдық болып, ол аздай, дін жағынан да бөлшектеніп жатыр. Бұл науқанға біреулер ақша үшін, біреулер өз еркімен еңбек етуде. Сіздер біздің байлықты су тегін тонап жатыр дейсіздер. Олай емес. Орнына бізге алдымен Бейбарысты, сосын Томиристі (Тұмар патшайымымыз ше!), соңынан Шыңғысханды сыйлады. Керек десең, Аль Фарабидің моласын тауып берді Сириядан.Акция жүріп жатқан соң Шоқайды да өздерің тазалап алыңдар деп бізге лақтыра салды. Ал не керек енді?! Ауыздарыңнан көбіктерің аққанша айтыңдар, жазыңдар. Сол бізге тарих та, нан да болады.
Біз түркіміз!!! Біз ерекшеміз!!! Пассионарий, массионарий... Гумилев... Одан қалса Марко Поло, Алтын Орда, Ақ Орда, бірдеме орда, Тенгри- менгри... Айтатынымыз осы болды. Мұның бәрі жебірейлердің бізге жылтыр қағазға орап берген боғы1

Қатары күн сайын арта түскен мың-мың МӘКЕЛЕРГЕ !

өте терең талдау... Рахмет МӘКЕ !

\"политика - это дело грязное\" , \"настоящий мужчина не будет копаться в чужем белье\" осындай құйтыр қы сөздермен қалың орысты саясаттан тыс болуға тәрбиелеп - өздері (дүние жүзілік билікке ұмтылғандар) сөткесіне 24 сағат саясатпен араласуға монополиялы мүмкіндік алған !!!
бірақ СІЗДІҢ пайымдауыңызда, кішкене логикалық талдауды қажет ететін \"қателік\" бар...

ол мынау - \"Қазақ бұрын тек жүзге, руға бөлінсе\" деген сөз тіркесі, бұл сөзді қолданысқа енгізген Орыс-Совет дәуірі. Бұл кезең ішінде
\"ебекеңдер\" - қазақтар Атаға, Руға, Жүзге бөлінбеңдер-ол жаман деп жүріп қазақ азаматтық қоғамы құрылымдарын \"отбасылық\" деңгейге дейін ыдыратты. Ал 17 жыл егемендік жағдайында олардың біздің Елдегі мыңдаған \"кеңесшілері\"(батысшыл экономистер, философтар, политологтар, қаптаған миссионерлер мен НПО-лар, т.б.) қазақ азаматтық қоғамын \"жеке қазақ\" деңгейіне түсіріп жіберді...

Ал рухы биік, парасаты мол БАБАЛАРЫМЫЗ топтпсып-бірігіп өмір сүрген...
Реклама

Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 564552
Всего зарегистрированных пользователей: 14844
Последний зарегистрированный пользователь: Чингис Ханов
Сейчас посетителей на сайте: 33, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 33
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Fcuk (8567) Alty Alash (6428) kazak (5343) ангел (4392) Коровьев (3914) Wladimir (3793) Евгений Нечаев (3626) Я (3136) Салафи (2838) внучок (2611)

Рубрики
День за днем
Видео
Авторские колонки
Интервью
Политика
Общество
Выборы
Юбилеи, праздники
Заграница
Масс-медиа
Экономика, бизнес, финансы
Социология
Жизнь
Трибуна
«Бергамотовый чай»
Геополитика
Расследования, конфликты, судебные процессы
Другие СМИ. Избранное
«Старый НАВИГАТОР»
Всего статей в архиве: 24889

«Горячие темы» на форуме
Комментарии к блогам
О великой стране (СССР и Россия) которой не было! [273/503]
arsupisemnet Thu Oct 16, 2008 03:30
Комментарии к блогам
Легализация... [20/92]
Anonymous (Аноним) Thu Oct 16, 2008 03:11
Просто о жизни
БЕЗОБИДНЫЕ АНЕКДОТЫ.... [546/7703]
Wladimir Thu Oct 16, 2008 02:40
Комментарии к блогам
Саакашвили лишился последнего [8/54]
Anonymous (Аноним) Thu Oct 16, 2008 02:20
Комментарии к блогам
Хамство на ходу [38/92]
Wladimir Thu Oct 16, 2008 02:04

Последние комменты
по статьям на форуме
Ораз Жандосов: Выделение $10 миллиардов из нацфонда на спас [22/78]
Anonymous (Аноним) Thu Oct 16, 2008 04:19
Оппозиционер Косанов требует от МВД опровержения, что в деле [16/10]
Anonymous (Аноним) Thu Oct 16, 2008 04:05
anal black fucking hardcore free man fucking man [0/2]
Velidrelype (Аноним) Thu Oct 16, 2008 02:33
Народные новости. 15 октября 2008 г. [107/202]
maar Thu Oct 16, 2008 02:13
Ассамблея абсурда. Законная [74/127]
Anonymous (Аноним) Thu Oct 16, 2008 02:09
вернуться на предыдущую страницу на предыдущую   прокрутить страницу вверх наверх

Яндекс цитирования