RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Перепечатка материалов запрещена. Допускается только гиперссылка на наши материалы
обновлено: 2 сентябpя 2010 г. 13:56

Дата публикации: 30 июня 2009 г.

Для изучающих казахский язык. 30 июня 2009 г.

 [88/2148]
на печать печатная версия статьи без элементов оформления комментарии комментарии читателей к статье

Бірігейік, бауырлар!

Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.

Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.

Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

***

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.

Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.

Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Просим не засорять ветку другими сообщениями.


Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:     Пароль:      Автоматически входить при каждом посещении    
Комментарии читателей [88]    Читать через форум   Поиск

Имя [ аноним / ввести пароль ]:
Заголовок сообщения:
Текст сообщения:


Введите код, который вы видите на этом изображении
Введите код, который вы видите на изображении:


Внимание. Максимальная длина сообщения 3500 знаков.      
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 09:55  
Ассалаумағалейкум!!!

қазақтан қайран қалам.....жалқаулық бойын жайлаған, сен тимесең мен тимен, жағымпаздық майлаған, мойнындағы міндетті басқаға арта сайраған...."страшный" болашағы бұлыңғыр халық екенбіз.....кеше көзім тағы жетті....енді сенім мүлде кетті...
2
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:04  Алты-Алаш
Уаллейкүүм ассаллам ...жаман түс көргеннен саусыз ба ?
...біртүрлі шошынып ояндыңыз ғой.....мен емес пе т.сіңізде мазалап жүрген ?
Төбе БИ
3
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:04  
"...Много, видимо, будет зависеть от того, на каком языке выступает Глава Государства. На встрече с руководителями КНР он выступал на русском языке. Казахи, проживающие в Китае, побывавшие на встрече с горечью вспоминали как они слушали Главу своего казахского Государства в переводе с русского на китайский. Чиновники тоже любят равняться на него. Как говорится, куда повернет переднее колесо, заднее туда же. Как образно выразился Мухтар Шаханов: "Проблема - в закрытости обсуждения. Все упирается в одного человека! Если президент подключится к проблеме утром, после обеда все бросятся исполнять его поручение, и все решится!" газета "Свобода слова" от 18 июня 2009 года..."

http://www.centrasia.ru/news.php
4
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:05  Таусылма Алаш,таусылма,
таусылғаныңа не себеп.Неден шошып түңілдің,айта бергің азамат.
5
Көк Найза
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:05  Елін, жерін сатқандар екі дүниеде оңбасын!!!!!!!
Агентство по управлению земельными ресурсами не комментирует тот факт, что в районе Алаколя выращивают пшеницу и сою более 3 тыс. китайских крестьян
[14:12] 29.06.09, "Казахстан Сегодня"
Председатель Агентства по управлению земельными ресурсами Умирзак Узбеков в интервью журналистам в мажилисе отказался комментировать тот факт, что на казахстанско-китайской границе выращивают пшеницу и сою более 3 тыс. китайских крестьян, передает корреспондент агентства "Казахстан Сегодня".
Между тем, по данным, опубликованным во французской газете "Le Monde" в апреле этого года со ссылкой на китайскую ежедневную газету "China Daily", на китайской границе в районе Алаколя более 7 тыс. гектаров земель было приписано смешанному казахстанско-китайскому акционерному обществу, и более 3 тыс. китайских крестьян направилось на эти земли для использования полей под сою и пшеницу. При этом в статье утверждается, что эти земли были переданы китайскому правительству в аренду на 10 лет.
Как сообщил Умирзак Узбеков, "местные власти иногда привлекают на сельхозработы иностранных крестьян". Однако от комментариев относительно существования указанного факта глава агентства предпочел воздержаться. "У меня по этому району нет данных. Я воздерживаюсь от комментариев", - сказал он.
6
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:06  
жоқ Отамалы мырза...."в реале" болған кездесу еді...соның тоқетері ғой....
7
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:06  Ассаламағалейкум, қандастарым!!!!!
Алтеке, тыныштыұ ба?, Оу, еліңіз үшін жұрген азамат емес пе едіңіз, бұл қалай????....
8
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:08  Тыныщтық ба???...
Тыныщтық ба???...
9
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:12  
таулы мырза,

сол баяғы Басты талдау ғой.....көпшіліктің әлі көзі соқыр....көрсе де көрмегендей....әйтеуір шаң жұқтырмайды....егер біздің сауатты адамдар осылай берілсе, онда жәй халық қайда бармақ.....
10
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:13  
" Тисе - терекке, тимесе - бұтаққа " дегендей айтатын сөзін, ренішін ,күйінішін жалпылама айтпай нақтылы айтуға кім кедергі болып тұр
...маған қарамаңдар мен Арысқа бірден айттым...менің үнсіздігім -айқайлап түрған үнсіздік !

Тармақтың Төбе БИі Отамалы - Өтеке.
11
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:15  
кеше бір әңгіме болды Ақтөбеде.....қатты болды, көрдім сонда шын жүзін талайдың....мұндай ортамен ешқашан да игі істерді бастай алар емеспіз....яғни, осы Билік Жүйесінің құлы болып қала бермекпіз....ақыры мұның құрдымға кету...
12
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:16  
Народныйда Пласидо Доминго концертіне 30 мын мен 150 мын тенге тұратын билеттерді укімет жұмыскерлер арасында таратады деп жазылған. Сол бір билеттің бағасы бір мұғалымның жалақысының құны. Сондай концерт бізге кекре пе? Сондай алтын мейрамды дағдарыс болған жағдайда өткізуге болады ма?

Сегізбай
13
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:18  
тармақтың БИіне ешқандай шүбәм жоқ.....мұндағы азаматтарға ренішім де жоқ....Отамалы мырза, менің жанымды күйдіріп отырған "реальный" адамдар Ақтөбеде жүрген....
14
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:22  Алтеке .
Ахмет Байтұрсынов
"Зиялы қауым өкілдері - сендер адаспаңдар,
сендер адассаңдар - халық та адасады " деген.

Төбе БИ.
15
Alty Alash
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 10640

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:26  
Отамалы мырза,

сол зиялы қауым, Ақтөбелік зиялы қауым, адасып тұр...."пациент скорее мертв, чем жив"...
16
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:27  
Егер Алты Алаш қазақтан түңілсе, "әкесі өлгенді де естіртеді" , айтыңыз шет жағасын, адам атын жазбай ак
17
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:29  Сасқанымнан "тыныштық" деген сөзден бір емес екі қате жібер
Міне қараңыз, Павлодарда өз мас болса да жүкшінің өзі бір емес екі полицайды бірден жаралапты.... Бұл дегеніңіз халықтың полицайларға деген қатты өкпесі барлығын көрсететін сияқты-ма, қалай????...
************-*--------------------******** *************-------------------**********
Астанада салынып жатқан «Хазіреті Сұлтан» аталатын мешіттің құрылысы басталыпты... оған да рахмет!!!!... Бірақ әлгі азан шақыратын мұнаралардың биіктігі неге тап бір 91 метр болды екен.... Ұрланған дауыстардың саны-ау, шамасы....
************************------------------ --******************---------------------- -
Отеке, менде неңіз бар?....
18
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:29  Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан
Арнаға бөгет болмаса, көл жоғалар!
Руға бөгет болмаса, ел жоғалар!
Елбасыға да бөгет керек, ол да адасар!
Биге бөгет болмаса, дау жоғалар!
Батырға бөгет болмаса, жау жоғалар!
Бесеуден береке кетсе,
Бесігін алып қалып, бетімен жібер!
Тектілерін қозғай біл Киелі Даланың,
Темірқазық айнымас жолға апарар!
Бесеуден береке кетсе Ту құлайды!
Туды да Ер ұстайды!
Ал «Бесігінен» айырылсаң,
Мынау Киелі Даланы,
Кез – келген құл сұрайды!?!
(Жасболұлы Шалқы Би)
19
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:31  Басу ...Алты-Алашқа
Көресінді көрмей көрге кірмейсің...деген шалдардың сөзі осы .
20
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:35  Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан
Ана тілі туралы.
***************
Ана тілінің құты бүлінді дегенше,
Сүті бүлінді дей бер!
Сүті бүлінді дегенше,
Ата жұрты бүлінді дей бер!
Атажұртынан Ана тілінің құты қашса,
Жасанды тіл шығады.
Жасанды тіл сана-сезіміңді жетілдірмейді,
Cүйегіңді бекітер, сіңіріңді босатар!
Жүрегіңе жетпес, ақылыңнан адастырар,
Өнерден қасиет қашар!
Ақиқаттан өсиет қашар!
«Тарихат» пен «Шариғат» өш болар!
«Имансыз» бен «қанағатсыз» дос болар!
Әділдік бос болар!
Билері қудан болар!
«Ақылдысы» қушық бас,
Қарны жуан болар!
Айналасы ләппайлаған «будан» болар!
Байлық көрсе көз алды тұман болар!
Осындай дәуір келер...
Бәрі бар сияқты, алсаң ауыр келер!
Еркегі есік ауыстырғыш,
Қатыны төсек ауыстырғыш?!?...
Әні даңғыра болады!
Өнерлі орнын таппай қаңғыра береді!
Тегіс қырылмайды,
Теріс батаға ұрынады!
Әруақтар оянады,
Тектілер жолбарыстай жұлқынады!
Халық: «Осы біз Қазақ емеспіз бе?! – деп,
Әділдікке ұмтылады!!!...
21
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:37  Арыс жырау
...дәрі дүрыс екеумізде .
...мешіт неге " Ғазңрет Сұлтан !...аталады нұр бітіріп сұлыға көшкенбіз бе Ақ жезде әу,деп жібермейсіз бе домбыраңмен ?
22
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:45  
Нацандорждың беті-жүзі мым-тыж бопты ғой. Тоқалдардың көңіл күйін уайымдап жүр ме, әлде бізді ме екен?
23
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:46  
Ырсымбетұлы Байғұттың тіл мен діл туралы Наурыз айындағы толғауы.(1878 жыл)
****************************************** *****************************
Ақ сүтіңді аттасаң,
Ана тілден не қайыр?!
Ана тіліңді білмесең,
Ақ батадан не қайыр?!
Ақ батадан жерісең,
Ақ отаудан не қайыр?!
Иманды жан болмасаң,
Шариғаттан не қайыр?!
Ата – Баба өсиетін,
Аңызға балап сөйлесең,
Ақихаттан не қайыр?!
Өсек жинап әр елден,
Өсиетіңді таптасаң,
Әруақтан не қайыр?!
Әруақ теріс бұрылса,
Тұла бойың у болар,
Насихаттан не қайыр?!
Намысың төмен болған соң,
Дабысыңнан не қайыр?!
Намысыңда Рух болмаса,
Ұраныңнан не қайыр?!
Ұрандаған ұлдарың
Шапқанда жауын алмаса,
Отаныңнан не қайыр?!
Ынтымағың ыдырап,
Биің сөйлесе құн сұрап,
Жарғы жазған жапалақ
Күндіз паналап, түн ұшар,
Қай ісіңнен не қайыр?!
Ер түсінен шошыса,
Шаруаң алға баспаса,
Ата ұлдан жерісе,
Ана қыздан жерісе,
«Жарғыға» жамағат тұрмаса,
Еңіреген Ел жетім!
Жерігені де «Қос Әруақ»
Қос қолдап ұрар – «Қос Айыр!»
24
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:46  Зиялылары қайда Қазақ Елінің ?
Мырзатай Жолдасбеков
Әбіш Кекілбаевтар неге үнсіз жалғыз тек Алты- Алаштың жүрегі ауруы керек пе ?

...Қазақ Еліндегі қиын мәселелерді ашық айтпауың ,бұл сенің Бишаралығың , Сорлылығың ...

Төбе БИ.
25
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 10:48  Орыстілді билік,немесе
біз бодандықтан шықтық па? Жоқ шыққан жоқпыз. Әзірге шыға алмаспыз,100 қазақ жиналып бір біріне орысша сөйлейді. осы біздің тармақта он шақты қазақ әңгіме дүкен құрады,айтысады.Қалған көзі ашықтардың кеудесі көр.Алаштың көңіліндегі кірбің менде де бар.
26
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:05  Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан
Шығай Хан дүниеден озған соң, ұлы ойшыл ғұлама алым Ескендір Мұңшының ақылымен «Жеті жарғы» жобасы туындап, аузы дуалы, көреген Мәруан Ақыра Малдас Бидің қолдаумен, қасиетті Ұлытауда, Берке Науан Хан Тәуекел Алты Алаштың игі азаматтарын жинап Тектілердің бәтуә - бітімімен таққа отырады. Осы «Жеті Жарғыны» елге, елшілерге мойындату жолын Алты Арыстың баласы «Ұлы Асар» - деп, Ұлытауда Төрт Құбылаға жар салды.
«Ұлы Асар» жиынына Алты Арыстан тараған Арғын Аға баласы Ағынтай Батыр, Бұқар жыраудың әкесі Оқпанзар Ашқабат, Ашамайлы Керей Мәруан Ақыра Малдас Би, Ашамайлы Керей Ескендір Мұңшы, Ашамайлы Керей Шілмекенұлы Қостоқты Батыр, Тоқсан баулы Қоңыраттан Сабайдараұлы Әз Ғараб Алатау Батыр, Жаманбай Батыр, Бөгежіл Жақсығұл мерген, Шапырашты Қарасай Батыр, Тоқсан екі ұлы тараған Қыпшақ Атаның Барлас әулетінен шыққан Мұңзары бақсы, Беріш Ағатай Батыр, Сіргелі елінен Байжігіт әулетінен Құлақа шешен, азуын айға білеген Жалаңтөс Баһадүр, қызыл тілдің, қызыр шайырын ұстаған Жиембет жырау қатысады.
«Жеті Жарғы» бекітіліп, «Қанды кек» тоқталып, Қызылбастармен келісімге келеді. «Көкі» үңгіріндегі «Асұр» қазынаның қалғандарына Алты Алашты жинап Тектілерден бата алып, Алты Арыстың әруағына құран бағышталады. Бұл жиын «Қанағат қонар!» - деп аталды. Осы жиында аузы дуалы, көреген Мәруан Ақыра Малдас Би, Алты Арыстың баласына былай деп өсиет тастады:
-Уа! Түбі Алаш!
Сүті Қазақ!
Керегесі ағаш!
Алты Арыстың асыл Тектілері!
Пендеден қанағат кетсе,
Шайтан арбайды!
Бойында иман, сөзінде тәубә қалмайды!
Пейілі қашып, көзбен жұтып, ешбір тоймайды!
Тілмен түртіп, сиқырға айналып бәрін алдайды!
Мыңнан жинап, мың кісіден қайыр жесе де,
Құлқыны құдық түбі жоқ құйсаң толмайды!
Халықтың ноқта жібін тізгінін ұстатпа «Тексіз азғынға»!
«Келімсекті» төрге шығарып елді жалмайды!
Иман, ынтымақ, қанағатты белден баспаңдар!
Әруақтың қарғысына ұшырайсыңдар!
Ханың құзғын, халқың азғын болар!
Жолы болмайды!
Атажұрттан қасиет бір тайған соң,
Қайғы мұң қасіреттің бұлты торлайды! – деп, халықты толқытқан екен.
27
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:12  22- ге!
Сол тексіз итің быт - шыт болып неге құрып кетпейді, қанағатсыз албасты мылжыңымен әбден тойдырып, бәрін бүлдіріп бітті!
28
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:18  Зиялыны іздемеңдер, олар зиянды болып отыр қазағына!!!!!
Іздеме зиялыны, болса ақыл,
Бәрі де теріс қарап, үнсіз жатыр,
Қу дүние тамағынан өткеннен соң,
Дауыс та, бет те жоқты өңшең пақыр....

Бұл жүйе мысын басты зиялының,
Қайтсін-ай ол байғұста жылаулы күн,
Қит етсе, жұрдай болар ол барынан,
Алды жоқ, адасқандай тұманды күн....

Бәрі де жазып жатыр кітаптарын,
Ертеңдер боп шықпаққа жүраттарын,
Сендірмек, сол кезде мен айтып едім,
Қайтейін тыңдамады, жол таппадым....

Құрыса мына жүйе түбірімен,
Халықтық сотқа тартып үйірімен,
Барлығын зиялының ел алдында,
Қарабет ету керек, түңілдім мен....

Іздеме ақыл болса, зиялыны,
Зиялы бұл күндері қиялиды,
Бақ қонар кейде барып тазшаға да,
Қазірше тап осылай оның күні....
29
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:22  Даңқты батыр Бауыржан Момыш ұлы :
- Мен үш нәрседен қорқамын.
1 ) өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан .
2 ) немересіне ертегі айтып бере алмаған Ата мен Әжеден .
3 ) екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын .

Сондықтан ұлттығымызды,тіліміэді,ділімізді жоғалтып алудан қорыққанымыз абзал .Тілдің қорғаны Отбасы болуы керек .

ТӨБЕ БИ.
30
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:28  Арыс жездемнен үлгі алыңдар !
Ардақты Ареке !
...шоқпарға да сот бар , күл қылатын от бар ...
Өтеке.
31
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:40  


Комментарий удален модератором.
32
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:54  
кітап десең болды қиып түседі. Мизинбайдың міне біз осылай аяусыз құртып жатырмыз деп көрсететін көзбояу саясаты болса керек.
33
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 11:55  
Алтеке ..Ережені іле салынызшы тармакка...Биеке сураган еді кеше...я в дороге...возможности выхода в инет ограничены. Спасибо. Дагдарыс.
34
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 12:21  
Ән шырқайды Пласеке
Айтты маған басеке
Бармасан сен концертке
Жаның шығарады Имеке

Сегізбай
35
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 12:31  Менің атымнан мына сұмдар қатты қорқып, пікірімді алып таста
Яхудилердің партиясының нанын жеген тексіздер мен қанағатсыздар, кешегі азғынданған шолақ белсенділердің жұрым - жұрағаты билікте тұрған қазіргі уақытта Ана тілін, яғн мемлекетіміздің тілін дамыту әзірге бізге қиын болып тұр...
Бірақ ШЫНДЫҚ пен АҚИҚАТ түбі жеңеді.
Бізге ЫНТЫМАҚ пен БІРЛІК керек ағайын! Біздің ісіміз АҚ, Біз жеңеміз!
36
жәй, адам
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 13:07  Сегізбай
Жизнь или кошелек?

қанша тұрад?
37
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 13:55  Сегізбай мырза !
Ақылыңды ортаға тасташы...Полковник.Дағдарыс.Алты-Алаш .
Үшеуі официально екі беті бар " Төбе Би " куәлігін беруі керек емес пе ?
1 ) -бетінде ЕРЕЖЕ
2) - бетінде НИК и.т.д.

Төбе Би Отамалы .
38
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 13:58  Жай адам
Куәлік туралы сіздің ойыңыз қалай...бермей жатыр ғой...жазса тармаққа дұрыс болатын сияқты.
39
жәй, адам
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:01  
Отамалы

айтар ем, жақпай қалад...
40
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:05  
Осы жерге Мұқтай мен Жасарал не жазды оқиынш деп крем.
41
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:08  Ілесбек Байжанов мырза .
Би статусы , мақсаты , мұраты...билік айтар тактика-стратегиясы ,өзін ұстау тәртібі ...туралы ортаға салар ой бар ма ?
Ұсыныстарыңызды ортаға салсаңыз тәуір болар еді , тармақтағыларға көп көмек болар еді .Алғашқы қадам емес пе ...

ТӨБЕ БИ .
42
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:10  Жай адам
Жаза бер ренжуге 77-күн права жоқ...теуіп тастасаңда ренжімеймін...ал баста.
43
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:15  Жасарал .
Сіз шынымен де келуді қойдыңыз ғой...ел сізді іздеп жатыр ғой .

Дағдарыс ! Демалыс оң болсын , сені біз құрметтейміз әрдайым ,хабарласуды ұмыт па...

Өтеке .
44
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:30  Шіркін-ай , осы жерге...
Мұхтар Шаханов , Дулат Исабеков , Герольд Бельгер , Асылы Османова , Қабдеш Жұмаділов , Темірхан Медетбек ,
Иран-Ғайып , Қамал Ормантаев , Асхар Жұмаділдаев , Ғани Қалиев ,Ғаббас Қабышұлы , Сапарбек Әсіп ...келер ме екен ?
...Ұлт мәселесі және қоғамдағы түрлі келеңсіз көріністерге осы аталған зиялы қауым өкілдері басылымдарда...
...қайраткерлік ҮН қатып келеді...тармақ атынан ризашылығымызды білдіреміз !
45
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:31  Отамалы,
Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи атамыздвң азан шақырып қойған ата деседі,сондықтан ары бармайық.
46
шалдың баласы...
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:34  


Комментарий удален модератором.
47
жәй, адам
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 14:39  
"3,14 сдеть не мешки ворочать", - демекші, сұрадың - айтайын.

"Биғылмашақ" ойнына қауым әлі қанбаған сықылды...

Аты би болғанмен, заты баяғы 3,14 сдешь.

Би деген, менің көзқарасымша, Ілесбектің жазбаларындағыдай - ойы салмақты, сөзі салиқалы, "қара қылды қақ жаратын", айтқанына қыңқ дей алмайтындай, шүбә келтірмейтіндей болуы тиіс керек...

Әрдеңені бір айтып, келген-кеткенге жалпылдап отырған биге менен қандай құрмет талап етесің...

Сұрақ бойынша.

Куәлік алып, қызыл папкі ұстағаннан адам жақсы жаққа өзгере қоя ма екен...
48
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Вт Июн 30, 2009 15:21  
Әй жәй адам, әркім өзінің көңіліндегіні іздей берер болса, адам табыла ма өзі???....
Оу, көрінген көк аттыға жалпақтап, біздің бар байлығымызды шашып отырған мына алаң да патшалық дәуренді басынан өткізіп отырған жоқ па???....Қане мына бір адам деп айтышы сооонауу билік басындағылардың біреуін, қара қылды қақ жарып отыр деп?....
«Іріген ауыздан, шіріген сөз шығады» деген.... Өз көзқарасың бойынша адам іздегенше, қазаққа деген адал көзқарасыңды бермейсің бе???.... Сенен басқаның бәрі де ник алып, тіркелініп те қойды....Онсыз да күн ыстық кезде бүркемелене бермесеңші!!!!!!!....
49
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 15:26  
азан шақырып қойған аты, дәлірегі Ахмед болар. Қожа ұстаз деген мағынада, кейін қазақ арасына сіңіп кеткен арабтардың руы осылай аталып кеткен. Хәзірет Сұлтан деген қолында ресми билігі жоқ, бірақ айтқанына ел тұратын, құрметтейтін сыйлы адам. Ал Яссауи деген басқа жердің халқының оны Яссы шаһары жағынан шыққан адам дегені.
50
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 15:32  Жай адам
77 күн деген не тәйірі өтеді де шығады...сонсоң сізді сайлайды...сіз не дер едіңіз,неден бастар едіңіз ?
Сізбен сұхбаттасқанымның өзі мен үшін үлкен тәжірибе білсеңіз .
Өтеке .
51
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 15:34  Шалдың баласы
Не деп едің ?
52
жәй, адам
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:14  арыс
/Әй жәй адам, әркім өзінің көңіліндегіні іздей берер болса, адам табыла ма өзі???....
Оу, көрінген көк аттыға жалпақтап, біздің бар байлығымызды шашып отырған мына алаң да патшалық дәуренді басынан өткізіп отырған жоқ па???....Қане мына бір адам деп айтышы сооонауу билік басындағылардың біреуін, қара қылды қақ жарып отыр деп?....
«Іріген ауыздан, шіріген сөз шығады» деген.... Өз көзқарасың бойынша адам іздегенше, қазаққа деген адал көзқарасыңды бермейсің бе???.... Сенен басқаның бәрі де ник алып, тіркелініп те қойды....Онсыз да күн ыстық кезде бүркемелене бермесеңші!!!!!!!..../

Ареке.

1.Билік басында жемқор, алаяқтар отыр екен деп, сайлаған билеріңізді мен мақтауым керек пе еді? Менен сұрады - мен айттым. Аудитория, электорат шағын. Мүмкін менің сынымды өзінің қойын кітапшасына тіркер. Жарап жатса пайдасына жаратар. Ал биліктегілер менен де сізден де сұрап жатқан жоқ. Сіздің пәлен уақыттан бері жырлап келе жатқаныңызды бір жерлеріне қыстырмаса да, сіз жырлауыңызды қойдыңыз ба? Енді менің бір сыныма бола сонша шап ете қалыпсыз. Біреу сайлаған биге мен неге бас ұруым керек? Біреу сайлаған елбасыға неге онда сіз бас ұрмайсыз?

2.Қай жерден шіріген сөз көріп қалдыңыз? Күнделікті арада айтылып жүрген сөзді мен тек қана жаздым. Әлде соны жазбасаң сол сөздер жоғалып кетіп, ұмытылып, халықтың бәрі "облико морале" боп шыға ма? "Ауруын жасырған өледі", "Бәленің бәрі үндемегеннен шығады" деген бар. Тек, үндемей немесе тек жақсы жағынан көрініп жүргендер керек болса тақияңызға тар кеп жүр ме осында?

3.Адал көзқарас туралы... Осы жерде аз айтылып жатыр ма, сіз бар, басқа бар дегендей... Көппен бірге ұлый бергеннен бірдеме шыға ма? Бір жағы басым боп бара жатса, анда-санда өз сөзімізді қосып, салмақты теңдеуге ат салысып жатырмыз, осы тармақ босын, басқа тармақтар босын. Осы жерде орысша сайрап, орыс тармағына мысықша аяқ баспайтындар дұрыс па, сіздіңше? Осы жерде герой, аналарға мәу деп ауыздарын ашпайды.

4.Мені тіркегенде сізге қандай резон болмақ? Айтар сөзімді қалай да болса айтам. Әлде сіз де сол мекемеге жұмыс істеймісіз?
53
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:24  Отамалы - Төбе Биге
«Жоталы Би» - деп, Абылай Хан заманындағы Билерге берілген ең биік шен – атақ. Жоталы Бидің мәртебесі мен жүргізген билігі Үш Жүздің Биінен де, Ханның билігінен де жоғары тұрған.
Керей Хан мен Тәуекел Хан дәуіріндегі Мауренақыра Билер – өте киелі саналған. Хандар қателік жібергенде, бұл Билердің бір ауыз сөзімен Хандар орнынан алынған. Осы Билердің шешімімен Дала заңдары өзгертіліп отырылған.
Алғашқыда Би» – деген атақ – шендер ежелгі замандарда, Тұран Елінде Арғындардан шыққан атақты, қара қылды қақ жарған әділ, ерекше қасиетті, көреген адамдарға ғана берілген. Кейінерек Тұран мемлекеті ыдырап майда хандық мемлекеттерге бөлініп кеткесін басқа тайпалардан шыққан осындай қасиеті бар кісілерден де билер сайланған.
«Би» - деген сөздің ұғымы Ежелгі Сақ тілінде - 7 деген санды білдірген. Мұны былай деп таратып түсіндірсек, бұл шен - атаққа сайлану мен ие болудың күрделілігін, әрі бұл атаққа қойылатын талаптың да өте жоғарылығын байқауға болады. «Биге» лайықты азаматқа қойылатын талаптар:
1. 7 атасының өсиетін білу;
2. 7 қазынаның қадірін білу;
3. 7 ілімнің жолын білу;
4. Алдында отырған адамның кінәсі бары, жоғын сөйлетпей-ақ ақ–қарасын тез пайымдап, талдап ажырата білу;
5. Үндемей отырсада адам баласының жүрегінің жазылмас жан жарасын көріп, түйсініп оқи білу;
Ат құлағын теңестірер, әрбір қасиеттің ара-жігін білетін, әділеттілікті ой таразысына салып теңлейтін, ақ – қараны қара қылды қақ жарғандай анықтап, айтып, мойындата білетін ой-санасы өте сезімтал азаматтардан Билер сайлаған.
Осы Билер жүйесінің Ұлттық мемлекетіміздің түб – тарихатындағы орнының ерекше және оның берік ұстындарының бірі болғандығы белгілі.
54
Anonymous
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:25  
Қараңғы халықбыз. Зиялыларымыз да сондай қаранғы, жалпы қоғамымыздай.
55
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:32  Желтоқсан мен Таулы мырзаларға
Жүсіп Баласұғнийдың толғауы.
**************************
Сайрамда бар Кер Сақ Аб,
Сыңары жоқ «Сансыз Баб»!
«Мың Алымның» Ордасы,
Отырарда «Отыз Баб»!
«Шәулі Даһүрде» Арыстан Баб!
Құл Қожа Ахмет «Шырназда»,
Әзірет Сұлтан «Түменбас»!
«Сұран Дария» айналаң,
Қырық мың әулие тоқтаған!
Кіндігі асыл Алты Алаш!
Жүрген жері киелі!
Алашта аузы дуалы,
Жаһанға «Білік» Дүр Қазақ!
Арғынға - ақыл қонған,
Керей сұрамай - батыр болған!
Қыпшақ - өнердің майын сорған!
Уақ «Қос ағасына» еркелеп,
«Босаға – төрге» қол салған!
Найман - намыстан ат ерттеп,
Кереймен жарысып жауды алған!
Қоңырат – момын «Сағырым»,
Қан төгістен жеріген!
Дастарханның нұры тамған!
Уа, Омыртқалы Орта Бас!
Көкті сүзген қыран ең!
«Белсіздік» жұты жеткенде,
Алты Арысың ажырасып,
«Көк бөрідей» ұлыдың!
«Ұлы Баш» болып, «Құты баш»,
«Қос етекте» бөлініп,
«Алты Арыс» осылай тараған!
Түсіндірме: «Шырназ» - қазіргі Түркістан шаһарының ежелгі дәуірдегі аты.
Әзірет Сұлтан «Түменбас» - Түменбасы, яғни 10 мың қолды бастаған азамат. Азан шақырып қойған аты Құтұлығ Тақбур Наузым. Тақбур – сөзі, Сақ тілінен аударғанда «Тақ бөрі» - деген ұғымды білдірген. Ислам дінін таратуға ат салысқан, «Төрт Алқа» (Кресшілер жорығына) соғысына қарсы шыққан, Шырназ, яғни Яссы шаһарында ту тіккен қолбасшы. Шу Тоғанақ (қазіргі Шу қаласы) шаһарына жерленген. Беткей Қыпшақтан тарайтын Барлас тайпасынан шыққан атақты Әмір Темір Көрегеннің 9 – шы атасы Құтұлығ Ашбур Наузымның туған ағасы. Ашбур – сөзі, Сақ тілінен аударғанда Ашбөрі – деген ұғымды білдірген. Бұл ағайынды қос баһадүр жігіттердің әкесі Наузым Қайып Дербіс дәулетті, білімді азамат болған. Атақты Құл Қожа Ахмет Яссауй бұл қос баҺадур түсіне аян бергесін, екеуіне де Құран түсіреді. Бұл екі баһадүрдің Ислам дініне сіңірген еңбектерін бағалап, атақты әулие Бабамыз оларды өлең, жырларына қосады. Орта ғасырларда бұл өлеңдерді ел аралаған дәруіштер де зікір салып айтып жүрген. Ұлы Тұран жолбарысы аталған Әмір Темір Көреген бұл әулиелерге арнап Әзірет Сұлтан Кесенесін салдырарда, атақты сәулетші алымдарды, Жер Көсе Билерді жинап мынандай тапсырма беріп: «Бұл кесене алыстан «Төртқұбыладан» көрінетін болсын!- дейді. Шындығында осы бүгінгі күндері де осы Түркістандағы ғаламдық сәулет өнерінің інжу маржаны, ЮНЕСКО қорына кірген «Әзірет Сұлтан» кесенесін шығыс жақтан келе жатқан жолаушы «Шойтөбеден» көреді. Батыс күнгей тарапта Сырдария өзенінің арғы жағында орналасқан атақты «Қорасан Баба» әулиенің кесенесінен қарағанда да көрінеді. Терістік батыс жақтағы Қаратаудың шатқалы «Келіншектау» мен «Бабайқорған» елді мекенінен де бұл кесенені көруге болады. Ұлы Баба Әмір Темір Көрегеннің мына өсиетін де, қарыз болмасын айта кеткен де дұрыс болар. «Түркістанда әулиелер жатқан «Әзірет Сұлтан» кесенесінен биік өскен ағаштың тамыры күйсін, бұл кесенеден биік, тәкаппарлықпен салынған ғимарат Алланың әмірімен күлге айналсын!» - деген киелі өсиет қалыпты. Ұлы Тектілердің өсиеттерінің қата кетпейтінін ескерсек, келешекте бұл киелі шаһарда сәулетті ғимарат салуға кірісер сәулетшілердің ғимарат жобаларын жасауда бұл өсиеттерді ескергені оңды болар еді.
56
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:37  Жалғасы. Ұлы Сыпыра Әлиасқар Байғұтұлынан
«Мың Алымның» Ордасы – Ғамсар Ғайыпханға дейін Отырар шаһары ғаламдық білім Ордаларының бірі болған. Ғамсар Ғайыпхан: «Күн сәулесін ұстайтын Ұшар қанатты қару» жасамадыңдар!»-деп, ғаламдық соғысқа, адам баласын жойып қыратын қаруларды жасаудан бас тартқан ғаламдық деңгейдегі 1100 алымның 686 дан астамын қырып жібереді. Алыстағыны жақындатып көрсететін дүрбі мен аспан денелерін көрсететін қондырғыларды ойлап тапқан ғұлама химия, симия ілімдерін жетік меңгерген алым Әл Фараби Таңсәуір Бағдат шаһарына қашып кетеді. Кейін Шыңғысхан Тұран билігіне келгенде, қанша шақырып: «Елге қайтып ғылымды дамытып, басқар!» - десе де келмейді. Ақыры келмегесін: «Қалаған жеріңде тұра бер!» - деп, ғұмырына жетерлік қаржы бергізеді.
«Шәулі Даһүр» - қазіргі Шәуілдір елді мекені. Отырар ауданының орталығы. Бұл Шыңғысханның қыран бүркітінің аты. Осы жерде «Қызыл шөміш басты айдаһарға» түсіп мерт болған. Бұл айдаһарлар бұрын Отырар алқабын мекен етіп, ұзындығы 7 метрге дейін жеткен. Көбінесе дәрі шөптерді, әсіресе киік отын қорек еткен, 3-4 айда бір киікті жеген, адамдарға өздігінен тиіспеген. Киіктер мен ақбөкендер басындағы қызылынан шыққан иіс пен сілекейіне өш болып, қуат алған, бұл аңдар айдаһардың аузына өздері кеп түскен. Ал аңшылар шипалы етіне бола көп аулап, Шыңғысхан дүниеден өткеннен кейінгі замандарда тұқымдары жойылып кеткен.
«Сұран Дария» - қазіргі Сырдария өзені. «Қос ағасы» - Арғын, Керейді айтады. «Білік» - көп ел біледі, әйгілі, белгілі деген ұғым. «Босаға – төр» - елдің қай шетіне қоныстанам десе де өз еркі білген. «Көк бөрідей» ұлыдың! – дегені, өткен тарауларда жазылған «Белсіздік» жұты келгенде «Омыртқалы Орта Бас» аталған Алты Алашты, яғни Арғын, Керей, Уақ, Найман, Қыпшақ, Қоңыраттан тарағандарды Алтай тауының «Барлы Жансай» деген киелі жерінде, Елтіріс Қаһан (Тоны Көк Білекті Қаһанның Ұлы Бабасы)дәуірінде дүниеге ұрпақ келуді қамтамасыз етуді қайта жалғастыру жолында және «Қан тазалығы» мен «Тектілікті сақтап қалу» үшін үшке бөліп таратады. Бұл бөлінудің ауырлығы соншалық әрбір жанұяға да қатысы болады. Сонда Алты Алаштан тарағандар былай деп ант қабылдап: «Шөміштеп аққан су көл болғанша, шөбереміз қалың ел болғанша бұл өмірде көріспейтін болдық!» - деп бір-бірімен жылап қоштасқанын айтқаны.
57
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 16:53  Ілесбек,сонда қалай
Шыңғыс хан ілімді дамытпақ болып Фарабиге грант берсе ,сонда Отырарды кітапханасымен Дулаттар өртеп жіберді ме?
58
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:00  
сонымен тоқ етері Әзірет Сұлтан басқа, қожа Ахмед Яссауи басқа адам ба?
59
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:19  47 ге
несі бар, үйренеді Би болып
60
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:28  Желтоқсан,
Әзірет Сұлтан туралы тұжырымды айту ертерек,оны екеуміз инеттен іздейік.Әйтпесе Ілкеңнің шежіресі бір жақты болып Қарасай бабамызды Ұлытаудың басына шығарып жіберіпті.
61
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:34  
Таулеке іздей салшы, ерініп отырғаным.
62
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:41  Желтоқсан-
Особая роль в распространении ислама среди кочевников Средней Азии и Казахстана принадлежит Ходжи Ахмаду Яссауи (Хазрет-Султан-ал-Арифин) (1103-1166/67), ...
mission-center.com/.../suvorov.htm
63
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:44  
Сыпыра Әлиасқар Байғұтұлынның шежіресіндегі кейбір атаулардың шығу тарихыны Сегізбайдың Гондурас туралы приколына ұқсап кетеді екен.
64
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:53  
мынаған бірден барсаңыз не қылады http://ru.wikipedia.org/wiki/Ахмед_Ясави
65
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:56  Желтоқсан,
қожалардың шежіресі қазақ шежіресіне қатысы жоқ. Қожалар екі тармақ- дуана қожа және қылышты қожалар. Әлі күнге аттарында Қожа тіпкесі қатар жүреді.Менің Ұланқожа деген досым баласына Әзірет Сұлтан деген ат қойыпты. Сонда сұрағам қожасы қайда досым деп.Сонда айтқаны-атамыздың аты,приставкасыз да болады деп. Ал енді Шыңғыс ханның қолы дүниені шыр айландырып,Қара бұқасы бар Мекемен Мәдинаны аламыз араб елінің әптер -тәптерін шығарғаны тарихта бар.Тамплиерлер Найман қолын сатпағанда қәзір шоқынып кетер ме едік,Астапыр алла. Алланың бұйрығымен аман қалдық.
66
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 18:57  
http://kk.wikipedia.org/wiki/Яссауи,_Қожа_ Ахмет
67
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:00  википедиядан
Қожа Ахмет Яссауи (? — 1166 ж.) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Яссы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты — Қарашаш.

Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
68
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:03  Желтоқсан,
ананы Суворов деген орыс попы жазған екен.Қазір Википедияға өздерің ілдің деген дау болмасын деп сілтемені соған бұрып отырмын. Ал енді Қожа ахмет Атамызды бірі түркі,бірі қазақ,бірі араб деп бөле алмай жүр.Байқатпай руының шежіресіне де жазып алғандар бар шығар.
69
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:05  
Қожалар екі тармақ- дуана қожа және қылышты қожалар.
_____________

ал саид қожа, түркпен қожа дегендерді қайда жібересіз?
70
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:11  
қазақ Хазірет деп діни білімі мол, кез-келген діни сауалға жауап бере алатын, адамдарға Ислам, құлшылық, Шариғат үйреткен адамды да айтқан. Сонымен қатар сыйлы Имамды да, Мүфтиді де Хазірет дейді кейбіреулер.
71
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:12  Олар кейінгісі ғой,
алдымен келгендері- дуана болып барлап,өз еркімен исламды қабылдағандарға ұстаз болып дін үйреткен.Қәзіргіше миссионерлер.Пайғамбар кезінен.Ал кейін дінге бас ұрмайтын жерлерге әскермен келіп,күшпен енгізген.Осы әскерилерден қалғаны қылыштылары.Ана Сейіт қожалар осылардан қалғандар.Ал түрікпен қожалар түркмен елінде дін уағыздаған арабтар деп болжау жасайын-Ілесбектен қалмайақ,бір көрейін.
72
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:20  
ал қожа деген термин ескі түрік тілінде ұстаз, оқытушы дегенді білдіреді деген. Кейін ол термин қазақ арасына сіңген арабтардың руы болып кеткен. Мен осыған көбірек тұрамын. Егер олар шынымен де өз руларымен атауларымен қазақ арасында қалғанда олардың рулары әртүрлі болған болар еді, мысалға құрайш деген сияқты.
73
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:26  
ал саид қожа деп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатиманың мен Әлидің (р.а.) балаларынан тарған ұрпақтарды атайды дейді. Саид деген сөздің мағнасы қазақша мырза дегенді білдіреді деген.
74
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:28  түзету
ал саид қожа деп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатима мен күйеу баласы Әлидің (р.а.) балаларынан тарған ұрпақтарды атайды дейді. Саид деген сөздің мағнасы қазақша мырза дегенді білдіреді екен.

Ілекең қайда кетті?
75
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:35  Негізіңіз дұұұрыс,
Әзірет Сұлтан деген демек Патшалардың ұстазы деген мағна береді дегенге келісемін.Ал Сейіт қожа Әзірет әлінің балалары дегеніңіз сұрақ туғызады. Себебі суниттер арасында шейіт ағымының негізі жүреді дегенге күмәнім бар.
76
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:38  
ал Хазірет Сұлтан дегенді Хазіреттердің Сұлтаны, яғни Исламның ұлы білгірі, ғұламасы дегеннен атаса керек.
77
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:44  Ал молда бала,
өркенің өссін,үйге жетіп алайық.Қош аман бола тұр.Үйде балдар букты босатса тағы келермін тармаққа.
78
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 19:46  
сонда шиалар Хасан мен Хусайнның ұрпақтары демексің бе? Бұл меніңше, білместік. Хасан мен Хусайнның ұрпақтары шиа болуы мүмкін емес, қайта олар шиалардың Әлиге(р.а.) соншама табынып кеткендерін айыптайтын шығар.
79
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Вт Июн 30, 2009 20:41  Ілекеңе арнадым
1215 жыл.Отрар.Хан ордасы.

-Кіргізіңдер!-деді Ғамсар Ғайыпхан тағының оң жағына қарай қисайып.Көзді ашып жұмғанша оның алдында шашы аппақ қудай,көзілдірік таққан шал тұрды.

-Ойландың ба?

-Ойландым, хан ием,бірақ мен мұндай қылмысқа бара алмаймын!Бұл қару сенің қолыңа тисе бүкіл адамзатты бір күнде жоясың.Экологияны улап,Жердің экосистемасын бұзатының анық.

- Қайымбожбан,Тәңірім көріп тұр ғой,мен саған соңғы мүмкіндік беріп едім.Неге Әбунасырмен қосылып қашып кетпедің Бағдатқа.Сенің маған сіңірген еңбегің зор еді.Химиялық қаруыңмен мыңдап қырдық емес пе жауды.Бірақ оның зардабын өзіміз де тартып жатырмыз.Әскердің жартысы уланып қалды.Олардан қандай ұрпақ тарамақ?
Ал мына қарумен біз жауымыздың бәрін қырып жіберіп, екі жүз жылдай радиация тарағанша жерлеріне аяқ баспас едік қой.Салқам Шиғұт атомды бөлу шаруасын аяқтап қалды.Тек зымыранға қарап тұр емес пе бәрі.Ана 686 ақымақпен бірге өлгенше еліңді неге ойламадың?
Саған кешірім бере алмаймын,Қайеке.Менің де төбемнен Жота би қарап тұр.

Алып кетіңдер!!!
80
Галдан Цэрэн
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 19.06.2009
комментов: 8

Сообщение Вт Июн 30, 2009 22:40  Құрметті, Лесбек Сейітұлы!
Өзбектің палауындай майдалатып отырып, аңқау қазақтардың құлағына ұйғырдың кеспесін аямай-ақ ілген екенсіз. Жараайды қай қазақ, бөспеген, бірақ тарихқа қиянат жасау - жақсы емес, Леке.
Ана, менің ағам, Нацандорж тарихты өзінен бастағысы келсе, сіз тарихтың бәрін орта жүздің төңерегіне үйіп-төгіп қойыпсыз.
"Жеті Жарғыны" Әз-Тәуке ханның билері - Төле би басшы болып, Қазбек, Әйтекелер қосшы болып түзгенін кім білмейді!? Ал, сіз келіп ілесіз кеп, кеспені, ілесіз!
"Омыртқалы Орта Бас» аталған Алты Алашты, яғни Арғын, Керей, Уақ, Найман, Қыпшақ, Қоңыраттан тарағандарды..." деп алжисыз ба- ау. Алта Алаш қашаннан бері орта жүздің алты баласынан құралып еді!?
Ана Alty Alash батырдың халқына көңілі қалып отырғанында негіз бар. Қазақтың бәрі сендей болса, әдірем, қалсын, безбей қайтсін!
Қазақтың тарихын бұрмалаймын деп назасына қаларсың пақыр!
81
zheltocsan
Аноним
Сообщение Вт Июн 30, 2009 23:29  
Сыпыра жырау сыпыртып өткен де, Ілекең оны іле кеткен
82
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 23:39  Ардақты Ілесбек мырза !
Қазақ тармағының бүгін сіз көркі болдыңыз . 53 постыңызға мың да бір рахмет !
Бір насыбайға көңіліміз қалған қазақпыз ғой...дегенменде Галдан Церенге жауап берген жөн .( уақытыңыз болса )
Тармаққа жиі келіп тұрсаңыз Ілесбек мырза нұр үстіне нұр болар еді .

ТӨБЕ БИ .
83
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 23:48  Жай,адам
52 - постыңызға рахмет .
Көптен бері бір есіліп сөйлегеніңіз екен құтты болсын, тамаша әңгіме болды. ( так держать...)
Өз басым сізді қадірлеймін ,біле жүріңіз . Сөзіңіз ащы болсада жүрегіңіз таза екен ( это главнее )

ТӨБЕ БИ.
84
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 23:52  
Таулы мен Желтоқсанның проф.диалогына ауызымды ашып,басымды шайқаумен болдым ! ( вот это да ! )
Өтеке.
85
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Вт Июн 30, 2009 23:57  
Әңгімеге Алты-Алаш неге араласпады ?
Бүгін тамаша күн болды - байқадыңыздар ма жігіттер ?!
86
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 00:46  77 - күннің тағы бір күні өтті...
Гран при - Желтоқсан мен таулы диалогы
1 - орын Ілесбек Байжанов постары
Приз симпатий - Мәмбет 79-шы посты

ТӨБЕ БИ ОТАМАЛЫ . 30.06.2009 сиыр жылы .
87
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 09:27  Ата тарихын мансұқ еткен мұндарларға
Қаздауысты Қазыбек Бидің толғауы.
********************************

- Уа Жер бетінде тіршілік болмас пе ед,
Нұх Пайғамбар қалмаса!
Адам-адамды жеп өтер ме ед,
Жаратушы тәңірім «Тектілерді» бөліп алмаса!
Топыраққа табынып өтер ме ед,
Алтын басты Алаша,
Көктегі Бір Тәңірді танымаса!
Перғауын болып кетер ме ек,
Қазақ Қаһан қумаса!
Құл – құтан болып өтер ме ек,
Шыңғыс Қаһан «қанағатсыздардың» қоржынын қанға толтырып,
«Төрт Құбылаға» бармаса!
Исламнан «Иман» қашар ед,
Әмір Темір Көреген бәрін орнына қоймаса!
Қан төгіс ешқашан тыйылмас ед,
Айқарақ Керей Хан қылышын қынабынан суырып,
«Қансуарлап» Ұрандамаса!
Қызылбасқа қосылып «Тексіз» болып кетер ме ек,
Берке Науан Хан Тәуекел «Жеті Жарғыны» жазбаса!
Қытай – қалмақ болып өшер ме ек!
Айбынды Абылайхан азуын айға білеп тумаса,

* * *
Киелі – ау, Киелі Қазақтың Қара Шаңырағы,
Талай табан тозар көш көрген!
Қазақ бәріне төзген де,
Екі Әруақ, Бір Құдай,
Осының бәрін ескерген!
Қазыбек Қазақтың «Төл еркесі»!
Абылай, Алланың Жердегі көлеңкесі!
Мыңыншы айдың жүзінен ауған жасым бар.
Куәлікке жүрер басым бар!
Іске аспады Жоңғардың отыз жыл ойлаған әрекеті,
Мыңын өлшеп бірін кес!
Ары шауып бері ойлан,
Бәрі де Жаратушы, Бір Тәңірдің құдіреті!
Олай демеске шараң жоқ!...
88
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 09:40  Әлиасқар Байғұтұлынан
Асан Қайғының айтқаны.

Жылғада – жылға Ойғанақ
Жоғары тартып өрлесем,
Қан Дарбазаны тербесем,
Топырағың қызыл киелі,
Сәуір айында тайғанақ.
Нартілестей Бабамның
«Дулат» күйін туғызған!
Отырған жерін көрсетсем,
Керуен шөккен «Көл Табақ»!
Уа Қан Дарбаза, Дарбаза!
Дулат, Жаныс туылмас еді,
Домалақ Ана болмаса!
Киелісін таныса,
Тектілері жібермес!
Қызыр дарып, Бақ қонған!
Төрт Құлағым туласа,
Жекен Шайқы әулием,
Әруағымен қолдаса!
Түстіктен түйіліп,
Зұлқарнайын шапқанда,
Кератаның Даңқұты
Амур Дария Забур патша ұстаған,
Қызыл Күрең Қан Дарбаза!
Өшпесін атың мың жаса!
Оркескен Келес қол бастап,
Зұлқарнайынды састырған!
Арғын Қарыш Шоңды Ата,
Сендерді қалай ұмытам!?
Топырағыңды басқанда
Топырағыңа бас идім!
Таптады деп налыма!
Табаным тартып ұстаса,
Көтеріліп-ақ ұшар ем!
Қанатты Алла бермеген,
Кешір мені Қан Дарбаза!
Етегімді ұстап қарғама!
Алты Алашым, Алты Ата! – деп, осылай Абыз Асан қайғы киелі «Қан Дарбазаға» бас иіп өтеді екен. Түсіндірме: Даңқұты – Даланың дабылын көтеретін және жауға бірінші кіретін сарбаздар. «Көл Табақ» - ол замандарда «Қан Дарбазада» осы аттас көл болған.
Реклама


Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 1016063
Всего зарегистрированных пользователей: 18369
Последний зарегистрированный пользователь: elenafrolova
Сейчас посетителей на сайте: 87, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 87
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10640) Wladimir (10495) kazak (6883) HUNN (6736) Отамалы (5164) ангел (4831) Йода (4566) Я (4362) Рыспек-респект (4307) Newman (3901)

Рубрики
  День за днем
  Народная рубрика
  Видео
  Народное фото и видео
  Авторские колонки
  Интервью
  Политика
  Общество
  Выборы
  Юбилеи, праздники
  Заграница
  Масс-медиа
  Экономика, бизнес, финансы
  Социология
  Жизнь
  Трибуна
  «Бергамотовый чай»
  Геополитика
  Расследования, конфликты, судебные процессы
  Другие СМИ. Избранное
  «Старый НАВИГАТОР»
Всего статей в архиве: 32098


«Горячие темы» на форуме
Дискуссии на разные темы
самые огромные сисяндры порно видео, Игра началась с проигры [0/7]
 IlleheaniCase Fri Sep 03, 2010 01:29
Дискуссии на разные темы
Владислав ЮРИЦЫН-планета гондурас,II [8/190]
 Рыспек-респект Thu Sep 02, 2010 23:54
Свободные дискуссии из "старого форума"
"Отходы" блогов [6864/34569]
 Абзал (Аноним) Thu Sep 02, 2010 21:52
Дискуссии на разные темы
РЫБАЛКА И ОХОТА [211/4260]
 aybjbgaa (Аноним) Thu Sep 02, 2010 20:21
Дискуссии на разные темы
номинация комментатор - Леди [25/719]
 lwayhsfwsm (Аноним) Thu Sep 02, 2010 12:41

Последние комменты
по статьям на форуме
zInEvxhdEcd [0/0]
 fpmntltvfbdxwp (Аноним) Fri Sep 03, 2010 08:39
FDfYdDTUzI [0/0]
 tpvtjpwsw (Аноним) Fri Sep 03, 2010 08:33
coXHFrQSud [0/0]
 mswcftwmqnnpxt (Аноним) Fri Sep 03, 2010 08:26
pZjgeeMKNIu [0/0]
 zmbvxdpskdmxcm (Аноним) Fri Sep 03, 2010 08:19
порно огромные члены [0/0]
 Gattgreex (Аноним) Fri Sep 03, 2010 08:18
   вернуться на предыдущую страницу на предыдущую   прокрутить страницу вверх наверх

   
Яндекс цитирования