RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Перепечатка материалов запрещена. Допускается только гиперссылка на наши материалы
обновлено: 2 сентябpя 2010 г. 13:56

Дата публикации: 1 июля 2009 г.

Для изучающих казахский язык. 1 июля 2009 г.

 [75/2337]
на печать печатная версия статьи без элементов оформления комментарии комментарии читателей к статье

Бірігейік, бауырлар!

Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.

Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.

Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.

***

Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.

Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.

Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:

http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257

Просим не засорять ветку другими сообщениями.


Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:     Пароль:      Автоматически входить при каждом посещении    
Комментарии читателей [75]    Читать через форум   Поиск

Имя [ аноним / ввести пароль ]:
Заголовок сообщения:
Текст сообщения:


Введите код, который вы видите на этом изображении
Введите код, который вы видите на изображении:


Внимание. Максимальная длина сообщения 3500 знаков.      
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:08  Ассаламағалейкум, қандастарым!!!!!.... Бір көрейінші жазып..
Таусылмағын Жәмила таусылмағын,
Өмір осы тоқтамас, су ағын бір,
Күн де келер, тотыдай жәутең қағып,
Бір сұңқарға бүрілер, ашса ол сыр....

Көкірек те басылар, жүрек асты,
Ыстық қанмен кіріссе жарар тасты,
Менмендік те бұлқынбас, сабасына,
Түсіреді, түсінгей, сұңқар асты.....

Кешегі сөз жүректі жаралады,
Жігіттерге қазақтың көңілім қалды,
Ашық көңіл, еркені, байқамайды,
Жастық пейіл мінгендей асау тайды....

Елу шіркін еңсертер талайды да,
Үзерді ол екпінмен қалайда да,
Сенім деген қойсайшы алға бастар,
Сол сенімге бұл өмір қарайды да!!!!!....
2
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:13  
Уважаемые комментаторы! прошу Вас дайте ссылку на стихотворения и т.д. в честь родителей на казахском языке. Просто скоро юбилей у родителей, хотел сделать видеофильм и вставить туда. У меня есть такие стихотворения и отрывки из песен, но увы недостаточно. Заранее РАХМЕТ.
3
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:23  Таулының сауалына орай... Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлы
Дулаттың туылуы.
*****************
Күйдің пірі Дулат.
Момынның пірі Қоңырат.
Қиқудың пірі Қират.
(Шағатай Хан)
Жаныстың үрім-бұтағын жаныңнан тастама!
Орыстың айласын жаныңнан тастама!
Арқадан «Тектімін» - деп, ат терлетсе,
Айтқан ақылын он тозып, жүз шөксеңде ойыңнан тастама!
(Дулат Баба)
Асан Қайғының арғы атасы Нартілес қобызбен күй тартып, ән салған, ғажайып күйші болған кісі екен. Нартілес күйші қобызымен күй тартқанда, бүкіл далада ұшқан құс пен жүгірген аң тоқтап, дала ерекше бір тылсым тыныштыққа бөленіп, тыңдаған жанның жаны жай тауып рахат күйге бөленеді екен. Күйшінің аты төрт құбылаға жайылып, даңқы алысқа тарапты. Бұл атақты күйші Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай Ханның заманында өмір сүрген азамат болған.
Бірде Ұлы жүздің палуан әрі шабандоз «Шапбасар», Байтүбек атты жігіті Шағатай Ханның жетінші кеңесші биі болған Оңтықай Сұлтанның ерке тотайы, «Үрғайым» атты сұлу қызына ғашық болады. Байтүбек, Үрғайым қызбен он төрт жасында танысып, той, шілдеханаларда ылғый бірге жүреді екен. Қыздың ақылы мен ойшыл, сұлу көркемдігі туралы дақпырттар Хан Ордасына жан-жақтан келіп жатқан керуендер арқылы жан-жаққа тарап, түстіктегі көршілес жатқан Иран шахына да дейін жетеді. Қыз он беске келгенде екі ел арасы тату болсын деп, Иранның шахы Шағатай Ханға арнайы елшілер жіберіп Үрғайым қызға құда түседі. Шағатай Хан түстікке қызды бергісі келмейді, бірақ ел арасының бейбіт болуын ойлап, әрі тарту-таралғы жіберіп өзіне үлкен құрмет көрсетіп тұрған соң, амалсыздан, алты айдан соң қызды ұзатуға келісімін береді. Оңтықай Сұлтан күйіп-пісіп, үш күн, үш түн ас – су ішпей, теріс аунап жатып алады. Ал, Байтүбек палуан елінің тектілерін жинап ханға барғанда:
- Бәрі кеш Батшағар! Қыз қорығыш екенсің, бұрын неге айтпайсың?! Хан басыммен екі сөйлесем Елдің қадірі кетеді! Ендігі жерде қызды Менен сұрағанша, қолыңды Құдайға созып жығыл! – деп, қамшымен тұра ұмтылып Ордадан қуып шығады.
Арада уәделі алты ай өткенде Иран шахынан құдалар да кеп жетеді. Бұл уақиғадан хабардар болып отырған Абыз күйші Нартілестің арқасы ұстап, әруақтарға жалынып, пірін шақырып, киелі қобызын қолына алып, Орбұқа өгізге ешкінің терісінен тоқым тартып, таң атып келе жатқанда «Қан Дарбазаның» аузына кеп жетеді. Астына ала кілем төсеп жайғасып, келіншек тартып Шағатай Ордасынан шыққан Шахтың күймелі керуенін күтеді.
4
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:25  Жалғасы
Адам көлеңкесі ұзара бастағанда керуенде көрінеді. Нартілес күйші биік қырдың беткейіне жайғасып, Орбұқа өгізін тұсаулап, торсықтағы қымыздан бес-алты жұтып «Майшылық» - киелі қанжарды алдына көлденең тастап, «Дулат» - деген күй тартады. Бұл күйдің мағынасы «Күйіс қайырыс» және «Ұйқы байлау» екен. Күйдің жағымды сарынынан айналада тыныштық орнап, дала мимырт күйге түсіп, керуен тоқтап, түйелер ыңырана шөгіп, күйіс қайырып, басын жерге салып ұйқыға кете бастайды. Керуеншілер аң-таң болып, түйелерінен түсіп Нартілеске қарап, өздерінің де буындары босап, теңселіп, есіней бастағанда, Үрғайым қыз күймеден секіріп түсіп:
- Тоқтаңыз, күйші Ата!Мен бәрін түсіндім!–деп, Иран Шахының елшілеріне бұрылып:
- Уа Шахтың қызметшілері!Елдеріңе сәлем айта барыңдар! «Нартілестің ұйқысын аша алмадық» - деп айтсаңдар, ешқайсың Шахтың қаһарына ілінбейсіңдер – деп, еліне қайтып келіп Байтүбекпен тұрмыс құрады. Күйшінің құрметіне тұңғыш ұлының атын азан шақырып «Нартілес»- деп қояды. Халық кейін Үрғайым–«Домалақ Ананың»
- күйдің құдретімен Иранға бармай қалғанын біліп және сол күйшінің құрметіне алғашқы ұлының атын оның есімімен атағанын естігенде таң қалып, ел ішіне аңыз болып тарап, сәбидің азан шақырылып қойған аты ұмытылып, кейін күйдің атымен Байтүбекұлы Нартілес бала, «Дулат» - деп аталып кетеді.
Түсіндірме: «Қан Дарбаза» - қазіргі Дарбаза темір жол бекеті. Сарыағаш қаласына жақын орналасқан елді мекен. «Шапбасар» - «ноқта білекті шабандоз» - деп, кез-келген асау атты бас үйрететін азаматқа берілетін шен, атақ.
5
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:29  Ілесбек Байжановқа сұрақ
А его имя Ак-Жол поныне является ураном казахских аргынов. То есть связь от ойрата Аргын аги через бия Ак-Жол,
чья смерть дала толчок созданию Казахского ханства, до современных казахских аргынов прослеживается четка...............
------------------------------------------ ------------------------------------------
когда-то в конце 2001 года младотурки РК создали ОО ДВК, в 2002 году к весне, потомки среднего жуза,
аргыны предали идейных учредителей ДВК, и создаали свой партий "Ақ жол" тогда получается, что партия "Ақ жол"
является партией аргынов, то есть партией среднего жуза.
Лидер нынешнего партия "Ақ жол" Алихан Байменов является представителем четвертого жуза-қожа, потомок арабов, то есть из миссионеров которые приехали когда-то в казахский степь учить нас казахов уму-разуму и внедрить ислам. После распада ДВК РК, иницированное представителями рода Аргын, считающие себя самый умныйми среди всех казахов аргынцы остались без носа что ли получается.
Ақ Жол -это боевой клич-ұран рода аргын. На поле боя знамя племя, войск, рода или клич- ұран не должны оставить. Любими средствами воин, солдат должен добывать предмет или знак родовое принадлежанности. А что мы видим сейчас товарищи аргыны? Вы потеряли свой главное в жизни, ұран, боевой клич, как вы теперь будете атаковать врагов? Как смотрите в глаза сородичей? Кто теперь за Вами пойдет? Не потому что до сих пор не можете договориться или объединится Единую партию или Блок под знамена настоящего национального лидера нации? Кто нибудь объяснить мне это безобразие? Где Нурлан Амрекулов или Ілесбек Байжанов? Или представители из аргынов кто- нибудь даст ответ?
6
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:30  Әлиасқар Байғұтұлынан
Асан Қайғының айтқаны.
*********************
Жылғада – жылға Ойғанақ
Жоғары тартып өрлесем,
Қан Дарбазаны тербесем,
Топырағың қызыл киелі,
Сәуір айында тайғанақ.
Нартілестей Бабамның
«Дулат» күйін туғызған!
Отырған жерін көрсетсем,
Керуен шөккен «Көл Табақ»!
Уа Қан Дарбаза, Дарбаза!
Дулат, Жаныс туылмас еді,
Домалақ Ана болмаса!
Киелісін таныса,
Тектілері жібермес!
Қызыр дарып, Бақ қонған!
Төрт Құлағым туласа,
Жекен Шайқы әулием,
Әруағымен қолдаса!
Түстіктен түйіліп,
Зұлқарнайын шапқанда,
Кератаның Даңқұты
Амур Дария Забур патша ұстаған,
Қызыл Күрең Қан Дарбаза!
Өшпесін атың мың жаса!
Оркескен Келес қол бастап,
Зұлқарнайынды састырған!
Арғын Қарыш Шоңды Ата,
Сендерді қалай ұмытам!?
Топырағыңды басқанда
Топырағыңа бас идім!
Таптады деп налыма!
Табаным тартып ұстаса,
Көтеріліп-ақ ұшар ем!
Қанатты Алла бермеген,
Кешір мені Қан Дарбаза!
Етегімді ұстап қарғама!
Алты Алашым, Алты Ата! – деп, осылай Абыз Асан қайғы киелі «Қан Дарбазаға» бас иіп өтеді екен. Түсіндірме: Даңқұты – Даланың дабылын көтеретін және жауға бірінші кіретін сарбаздар. «Көл Табақ» - ол замандарда «Қан Дарбазада» осы аттас көл болған.
7
Галдан Цэрэн
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 19.06.2009
комментов: 8

Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:35  Беу, Ілесбек!
Беу, Ілесбек толға! Жөніңе енді келдің!
Менің де ата тарихым есіме түсіп, толық отырғаным-ай!
8
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:36  
44

Отамалы
Свой человек ( ? )

зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 1751

Вт Июн 30, 2009 14:30 Шіркін-ай , осы жерге...
Мұхтар Шаханов , Дулат Исабеков , Герольд Бельгер , Асылы Османова , Қабдеш Жұмаділов , Темірхан Медетбек ,
Иран-Ғайып , Қамал Ормантаев , Асхар Жұмаділдаев , Ғани Қалиев ,Ғаббас Қабышұлы , Сапарбек Әсіп ...келер ме екен ?
...Ұлт мәселесі және қоғамдағы түрлі келеңсіз көріністерге осы аталған зиялы қауым өкілдері басылымдарда...
...қайраткерлік ҮН қатып келеді...тармақ атынан ризашылығымызды білдіреміз !
****************************************** ******************

Кеше, 30-маусым күні, Жағда Бабалықұлы мен Сеиіттаи Әденов Жағда ағаның үиінде, Астанада өткізілетін дүниежүзілік діндер басшыларының 3-сиезі назарын Қазақстанды жаулаған қаптаған миссионерлік ұиымдардың експансиалық шабуылына, аштық жариалау арқылы аударып жатыр.
Осы жоғарыда аты аталған ағаларымыз 92-ге келген Жағда бабамызды қолдаса керемет болар еді.
9
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:42  
Осы мен түсінбеймін?.... Қазіргі зиялы деп біздер кімдерді айтуымыз керек???... 5-6 кітабы шыққан жазушы не ақынды, соның артынша әлгі Астананың 10-жылдығына медаль алғанды айтамыз ба, жоқ әлде баласы Премьер-Министр бола тұра. бірнеше кәсіпкерді алдап отырған, түрі әлгі Үндінің қайраткері Джавалахара Неруге ұқсаған соның әкесін айтамыз ба???....Не болмаса балалары үлкен жоғары қызметтерде отырған солардың, бір немесе екі кітабы шыққан әкелерін айтамыз ба???....Кешегі Төбе бидің айтқан адамдарына дау жоқ, екібастан.... Біз неге осында шығып отырар Ілесбек Байжанды қоспаймыз, солардың қатарына???.... Зиялы деген қазақтың тарихын зерттеп, оның оң-терісін саралап,
таразылап халыққа жеткізе білуде емес пе???....Оның Қазақстандағы мұнайдың, оның қаншалықты бізге экономикалық тұрғыдан келер, пайда-зияндары туралы жазылған еңбегін де сыйлау керек емес пе???.... Бас салып оның жазғандарын өзің айтып отырсыңға келесіңдер, Оу қарасаңшы, қайдан алып отыр ол тарихты, бақырайтып тұрып жазады емес пе, қайдан алынғанын??.... Кітап демекші, осы 19 жыл көлемінде Қазақстанда ең кітап көп жазған адам біздің Алаң екен.... Есебіне бара бер!!!!....
10
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:50  
Уважаемые комментаторы! прошу Вас дайте ссылку на стихотворения и т.д. в честь родителей на казахском языке. Просто скоро юбилей у родителей, хотел сделать видеофильм и вставить туда. У меня есть такие стихотворения и отрывки из песен, но увы недостаточно. Заранее РАХМЕТ.
__________________________________________ __________________________________________ ____________
жігіттер көмектесейік!!
11
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 10:57  Арысқа,
зиялы деп қаріп танығанның бәрін айтуға болмайды.Бес кітап жазып зиялымыз деп жар салғандардан не қайыр.
12
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:00  Ұлы Бабалар насиятынан
«Алты Алаш» - деп кімді айтамыз?
******************************
Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлының Ескі көне жазбаларында былай дейді: Сақтан - Кер Алаш. Кер Алаштан -Алаш Қаһан. Алаш Қаһаннан - Қазақ Қаһан, Созақ Қаһан және Құзын Сауға деген қыз туады.Созақ Қаһаннан ұрпақ қалмайды. Құзын Сауғадан Ыслабандар (Славяндар), Һароттар (Хорват, словен, украин, поляктардың атасы) Шалағандар (ағылшын, саксондардың аталары) тарайды.
Қазақ Қаһанның – екі әйелінің аты Бекірана және Қаранас. Қаранастан - Жамақұт.
Жамақұттан - Арсат (арабтар) және Парсат (парсылар) тарайды.
Бекіранадан - Халух. Халухтан - Текті, Түкті, Керүкі, Тәуекел туылады.
Тәуекелден - белгісіз әулиелер тарайды.
Керүкіден - Субүлке, Тайға тарайды.
Тайғадан – Мантұқ (манси), Хантуқ(ханты), Бурата (буряттар) елі тарайды.
Субүлкеден – Күркүш (кәрістер), Жампозы Жеті Самурын (жапондар) елі тарайды.
Тектіден - Арғын, Керей, Уақ туылады.
Түктіден – Найман, Қыпшақ, Сүмбіле (Қоңырат), туылады.
Текті мен Түктіден тарағандар ғана «Алты Алаш» атанып Еуразияны (Жалпақтұмсық) ен жайлап, жайыла қоныс тебеді. Ал басқа Аталардан тарағандары «Құсшөлдеген» жұтында Атажұрттан басқа жерлерге ауып кетіп, барған елдеріне сіңіп, тілден, ділден, салт-дәстүрден айырылып тексіз болып кетеді. Ал Атажұрт Қазығұрт пен Алтай арасында қалғандар Тұран Еліне айналып орталығы Үш Аб - Тараз шаһары болады. Кейінерек Отырар шаһары салынып, өркендегесін астана сонда көшеді. Тұран Елінің шекарасы бір жағы Итжеккен, ал батысы Күлтөккенге (Помпей) дейін жетіп, 341 қағанаттан тұратын елге айналады.
Елтіріс Қаһанның кезінде түстіктен "Белсіздік жұты» келеді. Ер азаматтардан ұрпақ тарамай, төсегінен жеріген заман болады. Мұндай зобалаң жұт қазақ даласына жалпы үш рет келіпті. Елтіріс Қаһан "Етборсық" емшілерді, жұлдызгерлерді, бақсыларды, алымдарды, Қағанатбасыларын, Ұлысбасыларын Алтай тауының бауырында «Барлы Жансай» - деген киелі өлкеге жинап, "Мәссағат-құрқылтай" өткізеді. Аптаға созылған «Мәссағаттан» (мәжіліс) соң: «Қан алмастыруды өзгертуіміз керек!» - деп шешеді.
81 Атаға бөлінген Арғын тайпасының Олқы (Ойсыл), Оңғаш, Ойқы (Ойық), Түлік (Тілік) аталарын «Ұлы Баш» (Ұлы жүз) – деп, Үш ноқталыға бөліп, бір ноқтасын Ажырат – деп атап, Құсәмір Далашы билікті қолына алып Жетісу жеріне келіп қоныстайды. Құсәмір Далашы 16 Барысқа құдайы беріп, Көк Тәңірінен мейірім- шапағат тілеп: «Кісінің қанын төгуден бас тартамын!» - деп, ант ішіп, Төрт түлік малдың пірін ғана сұрайды. Осы Құсәмірдің қол астындағы бөлініп шыққан Ажырат тайпасын, тарихымызда Үйсін – деп жазады. Үйсін сөзінің түбі «Ұйзұннан» – шығады. «Ұй» – деген сөз төрт саны және төрт қабырғаны айтса, «Зұн» - деп Алла тағаланың адамдарға несібе үлестірген таяғын айтқан. Кейінерек Ұйзыннан жылдар өте тағы да 4 Ата бөлініп тарайды. Алғаш бөлінген Қалың Жұрт (Қаңлылар).
13
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:02  Жалғасы
Арада бірнеше ғасыр жүгін аунатып Ислам діні шарапатын жайғанда, Тұран Елінің Орқайшымы Қараханның пәрменімен Алты Арыстан және Ажырат Үйсін Елінен Ислам дінінің қыр – сырын білу үшін Мекке, Мединеге Тектілердің шешімімен алты кісі аттандырады. Бесеуі Әл Қайыр (Кайр) шаһарында қалып, кресшілерге қарсы соғыс жүргізеді. Ал Елге Жәми Сүйім Үйсін Алым ғана оралған. Ислам діні Қазақ Еліне тарап сіңе бастағанда, Тараз шаһарында Жәми Сүйім Алым ең алғашқы рет Алланың разылығы үшін мешіт салдырған азамат. Сол Қарахан патшаның дәуірінен бастап, әрбір салынған мешітті «Жәми мешіті» - деп айтуымыз осы дәуірден қалыптасқан. Жәми Сүйім Алым дүниеден озғанда, Он алты Барысқа қолданған жерлеу рәсімін осы Ұлы Алым Жәми Сүйімге де қолданып, жер қойнауына тапсырады. Бұл рәсімнің астары Ислам дініменен Он алты Барыстан жалғасын тауып келе жатқан Тәңірқұт Көк Тәңіріне деген сенім мен рухани салт–дәстүрді салыстырғанда ешбір айырмашылығы жоқтығын дәлелдейді.
«Құты Баш» (Кіші жүз) - деп 317 Ұлыс Кер Атадан (Керейден) тарағандардан Ер Дәуіт, Шаймерден, Сұрмерген аталардың тұқымынан өрбіген – Оқжезді, Төсболат болып хандық құрғандарды тағы да бөледі.
Ең соңында Омыртқалы «Орта Бас» (Орта жүз) - деп қалған елді топтастырып 92 Ордалы Қыпшақтарды Даңқы, Дөңкі, Дерпі – деп үшке бөліп Үш жүзге таратады. Даңқы – «Ұлы Башқа», Дөңкі –«Құты Башқа», Дерпі –«Омыртқалы Орта Башқа» қосылады. Дерпіден Дәшті мен Шашты тарайды. «Дәшті» сөзі, «Данышпан» - деген ұғымды білдірсе, «Шашты» сөзі, «Үрім - бұтағы өте көп!» -деген ойды түйіндейді.
Бүкіл Тұран Елін, яғни «Алты Алаштың» қалған ағайындарын «Қой құмалағындай шашылған» Уақты, «Қалың Қара ормандай қаулаған» Найман мен 90 Баулы Қоңыратты да осылай үшке бөліп, арасына әскер қойып, бейсауыт жүруге тиым салып, жалпы халықты емдеуге кіріседі.
Осы «Мәссағаттың» соңында «Алты Алаштан» тарағандар былай деп жылап ажырасады:
"Шөмішіміз көл болғанша, шөбереміз ел болғанша көріспейтін болдық! – деп, үш тарапқа тарады.
Сол зобалаң, сұмдық замандарда халқымыз бір-бірімен бақұлдасып, «Енді бұл өмірде көріспейтін болдық"-деп жылап айырылысып, қоштасқан екен деп жазыпты "Ізбөрі",-"Бестаңба" кітаптарында.
Түстіктен ағылып келіп ауруға жәрдем сұрағандарды Қызыл теңіздің жағасына топтастырып, алдарына ала арқан керіп, мүмкіндігінше сол замандардағы ем-домдарды пайдаланып, емдеуге кіріседі.
Елтіріс Қаһанда белсіздік дертіне ұшырап, «Елерме» - аурумен қырық тоғыз жасында дүниеден озады. Оның денесін Ертіс өзенінің басына, тұйықталар жеріне қойылады.
«Құты Баш» - бұған Ер Дәуіт, Шаймерден, Сұрмерген, бұлардың ішінде Ер Дәуіттен туған Оқжезді, Төсболаттан ғана ұрпақ бар. Ол қазіргі – Кіші жүздің ұрпақтары. Жойқын қару жасаушы Шаймерден емшілікпен айналысып жүріп, айықпайтын ауруға ұшырап, артында ұрпақ қалмайды.
Ал Сұрмергеннен де ұрпақ жоқ. Себебі бұл атамызға аңшылықтың «Арқат» қасиеті қонып, әр түскен отауына екі күннен артық аялдауға Алла мұның пешенесіне жазбаған. Сондықтанда Сұрмергеннің басы – байлы жары, отауы болмаған. Ұрпақтары белгісіз, оны бір Алла біледі.
Осылайша Қазақ Қаһанның киелі Атажұртын Ата-Бабаларымыз «Белсіздік жұтынан» аман алып қалады.
14
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:05  Жалғасы
Қыпшақпен егіз туған Қоңыраттан (шын аты Сүмбіле, екі рет «Құсшөлдеген» жұтынан аман шығып, қарайып, қоңыр тартқандықтан Қоңыр Ата әулие атанып, кейін Қоңырат аталып кеткен) - түркімендер, өзбектер, қарақалпақтар, ғағауыздар қарайымдар, кавказ халықтары тарап, кейбірі Еуразия халықтары құрамына кіріп кеткен. Қыпшақтан тарағандар да өзбек, түркімендер құрамына кірсе, кейбірі ауғанның пуштын, хазар халықтарын құрайды, олардың да тілдері өзгеріп, тексіз болып кеткен. Қыпшақтың Жалғиыр Атасынан тарағандар Иран шахтары мен үнді раджаларының негізін салған. Ал біразы: румың, құнғар (мадияр), болгар, қарашай, құмық, татар т.б. кавказ, Еуразия халықтарына бөлініп және кей қатары орыстарға да сіңісіп кеткен.
Арада бірнеше ғасырлар аунаған соң Елтіріс Қаһанның болашымы Білекті Қаһан Күлтегін дәуірінде соғыстардан, жұттардан, індеттерден аман қалған Алты Алаштың ұрпағын қайта жинап: «Ақ Арыс», «Жан Арыс», Бек Арыс» - деп, тағы да бөледі. Жалпылай айтқанда, қилы замандар мен ұлы уақиғалардың әсерінен осы Қазақтың Үш Жүзінен барлық түркі халықтары да тараған. Орыс елінің ақ сүйектерінің тегі де түркілерден шыққан.
Найман мен Керейден Алатау қырғыздары тарайды.
Әлиасқардың «Ұлы Баш», «Құты Баш» атауларындағы «Баш» ұғымы туралы түсініктеме-баяны:
Башпай табансыз алыс бармайды,
Ниеті қара, Ақ батаны қорлайды!!!
Бір төбеден Тау болдық!
Бір тамырдан Бау болдық!
Су мұзға айналмаса,
Мұз құзға айналмаса,
Шоқысыз биік жота болмайды!
Пәлегінен түйнек үзілмесе,
Пенде Ата болмайды!
Атасының төсегіне төс аунамаса,
Қыз Ана болмайды!
Жұлып, жұтып жеу хайуанның ырысы,
Тартып жесең, әулие болсаң да таза болмайды!
Береке – нәсіп таңдайыңдағы жалғыз таңба!
Осыдан артық маңдайыңа оза қонбайды! – осы жыр шумақтарындағы Елтіріс Қаһанның өсиетіне ой жіберсек:
«Омыртқалы Орта Бас, яғни Алты Арыс Қара шаңырақтан «Башпай» болып енші алдық!» - яғни бұл «Баш» - сөзінің мағанасы, қазіргі сөз саптауына енгізгенде, аяқтың саусағындай ғана ұзардық – деген ұғым.
15
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:08  жалғасы
Ескі сөздерге түсіндірме:
Текті - Ел басқарған.
Түкті - әскер басқарған
Төркі - әскер. Төркі кейін Түркілер деп аталған. (Төркі үй – төртеу деген сөз) «Түркілер» - деп, алғашқы рет Пірауындар (Фараондар) айтқан. Себебі Сақ жауынгерлері жорықта жүріп демалғанда, әрбір төрт жауынгерден топтасып найзаларын жерге қадап, саптарын қосып, біріктіріп, байлап, үстеріндегі аң терісінен жасалған сырт жамылғы киімдерін жауып, ішінде отырып ас ішіп және табиғат құбылыстарынан қорғанған.
«Түркі» - сөзі, Ғұпсыл тайпаларынан тарайтын Пірауындар тілінде: «Көшпенді жауынгерлер» - деген қаһарлы ұғымды білдірген.
Тұран Елі ерте дәуірде 341 Қағанатқа (регион, аймақ, облыс) бөлінсе, 1 Қағанат 41 Ұлысқа бөлінген. 1 Ұлыста 41Ауыл болса, 1 Ауылда өз ара қыз, яғни қан алмасатын 7 рулы ел болған. Ұлы Бабалардың бұлжытпай орындалуға тиісті өсиеттері қатаң сақталған. Ауылдардағы рулар саны жеті рудан азайып, немесе қан алмасу нағашы, жиендер арасында қайталанып, жиілеп кетсе, тоғыз ауылдың қан тазалығын қатаң бақылап отыратын Ақсақалдардың шешімімен ондай Ауылдар Үш Жүзге қайтадан бөлініп таратылып, орнына басқа аймақтардан өз ара қыз алмасу көбейіп кетіп таратылған ауылдардан жаңадан жеті руға бөлінген ауылдар құрылып отырылған. Бұл Ұлы үрдіс Қазақ халқы Ресей отарына түскен соң, әсіресе кешегі совет өкіметі кезінде тас – талқан боп бұзылған. Қазір мұны реттеп жатқан ешкім жоқ. Бұрынғы алып халықтың тұқымы өкінішке орай майдаланып барады. Ауылдарды мекендейтін екі – үш рулар арасындағы жиілеп кеткен некелердің әсерінен, әлжуаз, аурушаң, қиындыққа төзімсіз, өздеріне қол жұмсайтын жастар көбейіп барады.
«Шаһар» - деп, тұрғындары 70 мыңнан асатын қалаларды айтқан.
«Белсіздік жұты» - Елтіріс қаһанның заманында жақындарымен қыз алмасудан кейін, дүниеге ұрпақ келу тоқтаған. Ер азамат төсегінен жеріген қиын заман болған.
«Етборсық» емші – деп: «Адамды емдеу кезінде, бұл емшілердің кескен, тілген дене мүшелерінде, борсықтың денесіндей қайта тез бітіп, білінбей кететін қасиетін айтады».
«Бестаңба», «Ғасыр табақ насияты»-кітаптары, жер, су үсті, асты қазба байлықтары туралы және аспан әлемінің, жұлдыздар мен планеталардың қоршаған ортаға тигізер әсерлері жайлы, мыңдаған жылдар бойғы халқымыздың тарихы мен өсиет, насияттары жазылған құпия кітаптар. Түпнұсқасы теріге жазылып, барлық ұзақ сақтау шаралары асқан ыждағаттылықпен жасалып, болашақта келетін халқымыздың «Алтын Ғасыр» заманында табылады» - деген Ұлы Бабалардан насияттар қалған. Араб харпімен жазылған, Шағатай тілінде жазылған ішінара көшірмелері кешегі 20 – шы ғасырдың зобалаңдарында жойылып, кейбірі қолды болған.
16
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:12  Жалғасы
«Құсшөлдеген жұты» - Үркер жұлдызының Қазығұрт тауына өте жақын келуінен жер беті қатты ысып, бұлақ, өзендер тартылып, көлдер буланып, халық оңтүстіктен солтүстікке тайга мен тундраға дейін қоныс аударған. Қалалардың астына жерасты үйлерін салу мен жер асты жолдары сол жұттарда пайда болып, көптеп салынған. (Кейінерек бұл ғимараттар жау келгенде адам жанына ара түсер, тума қасиетті «Борсық» емшілерді, Сыпыра шежірешілерді, құпия, жойқын қару жасаушы «Бармақ» ұсталарды, аналар мен балаларды сақтап қалу үшін қолданылған). Күндіз қала тұрғындары жер астына «Стандарға» түсіп кетіп жан сақтаған. Мұндай жер асты ғимараттарын Ұлы Ата-бабаларымыз «Стан»-деп атапты. Атажұрт Қазығұртта қалған Сүмбіле (Қоңыр Ата) Арқа жаққа ерте көктемде кеткен бауырларым аман-есен келсін деп «Нәл Төбенің» (қазіргі Ордабасы) басына шығып, Көк Тәңіріне сиынып отырады екен.
Тарихи деректерді ақтарып, шежіремен салыстырғанда:
«Тұран елі» - туралы шежіре осылай дейді. Біз осыған байланысты 19 ғасырдағы орыс зерттеушісі Аристовтың жазғандарын сол қалпында оқып көрейік, Аристов: «Обитающие на огромном пространстве от Охотского и Ледовитого океана до Адриатического моря, турки говорят на одном языке, делящемся только на наречия, так что среднеазиатскиий турок может понимать и якута и турка османа» См. его работу – «Заметки об этническом составе тюркских племен» в журн. «Живая старина». Изд. Императорского Русского Географического Общества». Вып. 1. СПБ 1896г.
17
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:29  


Комментарий удален модератором.
18
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:34  Ұлы Бабалар насиятынан
«Сүндет» - сөзінің қалыптасуы.
***************************
Cеңгір, Сеңір, «Сүн» еді
Сыбыр, сыбыр үн келді.
(Маханбет)
Ұлы ақын, жауынгер, шежіреші Маханбет бұл шумағында ерте дәуірлерде Ұлы киелі Далаға келген «Белсіздік» жұтын айтып отыр. Және Ұлы Бабаларымыздың бұл қатерлі індеттерден аман қалуына Көк Тәңірі аян берген емшілік тәсілін, көп замандар өткеннен кейін соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалейкум Уәссалам: «Әрбір туылған еркек кіндікке жөргектен пайдаланыңдар» - деп, өсиет жазады. Ежелгі Сақ тілінде айтылған: «Сүн»-«бел»-індет» сөздерінен қазіргі айтылып жүрген «Сүндет» - сөзі қалыптасты. Бұл індет Қазақ Даласына жалпы үш рет келген. Соңғы рет Елтіріс Қаһанның тұсындағы «Белсіздік» жұты келгенде алғашқы сүндетке отырғызу сол дәуірден басталған. Алтай тауының «Барлы Жансай»-деген киелі жерінде, Тектілердің, қағанатбасылардың, ұлыс-басылардың, «балкерлердің», жұлдызшылардың, талма бақсылардың аптаға созылған Ұлы «Құрқылтайы» өтеді. Сонда Алтай Арғыннан шыққан Емші Керік деген «балкер» осы жиында Көк Тәңірінің аян беріп, түсінде «бір сәбидің «асыл шүмегінен» су ағып, кішкене қыздың құлағының ұшынан қан ағып тұрғанын» көргенін айтады. Сонда Елтеріс Қаһан Көк Тәңіріне сиынып Алты Алаштан тарағандарды, қан алмастыруды өзгерту мақсатында «Ұлы Баш», «Құты Баш», «Омыртқалы Орта Бас»-деп, үшке бөліп, осы індетпен ауырғандарды Көк Тәңірінің берген аянымен емдей бастайды. Әуелі жас сәбилерді емдейді. Елтеріс Қаһан:
- Тілі шыққан ұлдардың «асыл шүмегінің» ұшын кесіңдер, тілі шыққан қыздардың құлағының ұшын тесіңдер!- деп пәрмен береді. Осыдан барып ұлдарды «Сүндетке отырғызу», қыздардың құлағын тесіп сырға тағу салты басталған. Ал ересек ер-азаматтар мен әйелдерді тағы да Емші Керіктің айтуымен киелі Қазығұрт тауында өсетін «Ұрық» -деген шөппен емдей бастайды. Бұл шөпті пайдаланғанда адам баласы көңілденіп, бәрін ұмытып, нәпсіқұмарлыққа ұмтылады екен. Мұны Емші Керік жыландар мен айдаһар-лардың, киіктердің күйлеп, шағылысар алдында жейтінін байқап, бұл шөппен тәжірибе жасап көргенін Қаһанға айтқаннан соң қолдана бастайды. Осыдан кейін «Ұрық» сөзі пайда болады. Бұл шөп кейін «Киік оты» -деп аталып кетеді. Осы жиыннан соң Алты Алаштан тарағандар «Ант» қабылдап: «Шөбереміз қалың ел болғанша, шөміштеп аққан су көл болғанша қан алмаспаймыз, бұл өмірде енді көріспейтін болдық» - деп, жылап айырылысып, қоштасады.
Түсіндірме: «Құрқылтай»–сөзінен қазіргі Құрылтай, бұрын Ұлы жиын, бүкіл түркілер-дің, кейінерек Үш жүздің басы қосылған жиылыс сөздері туындайды. «Белсіздік» жұты – деп, ер-азаматтар осы індеттен белсізденіп, дүниеге ұрпақ келу тоқтаған халқымыздың басынан өткен ауыр замана-дәуірді айтқан. «Шөбереміз қалың ел болғанша» – сөзінің мағанасы: «Дүниеге киелі сан, 7 ұрпақ келіп алмасқаннан кейін ғана қан алмасуға, яғни қыз алып, қыз берісуге рұқсат!» - деген киелі өсиет. Қазір Қазақ халқы Ұлы Бабалардың осы киелі, текті өсиетін Аллаға шүкір, бұлжытпай орындап келеді.
19
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:36  Жалғасы
«Сүндет» - бұл киелі Ұлы Бабаларымыздан қалған бұлжытпай орындалуға тиісті Ұлы өсиетті талай жылдардан кейін Ислам діні арқылы Текті ұрпақтарына қайта табыстырған, осы соңғы кітап түскен діннің алдында адасқан адамзат қауымына Алланың нұрын силаған, Алланың адал құлы Мұхаммед Ғ.С. болды. Біздің Ұлы Бабаларымыз негізін салып кеткен тазалықтың, денсаулықтың қасиетті белгісі іспетті бұл игі шара, яғни қазір «Дін Исламның» негізгі шарттарының біріне айналған еркек кіндікті жас сәбилерді «Сүндетке отырғызуды» міндетті түрде жүзеге асыру барлық мұсылмандар үшін «Үлкен парыз» - деп саналады. Ал құлақты тесіп сырға тағу дәстүрі кейінгі замандарда күллі ғаламшардағы әйел затының ажыраспас сәндік өміріне айналды. Емші Керік – осы ғажайып «балкердің» атынан «емші» - деген сөз қалыптасқан. «Балкер»-ерте дәуірде бұл сөз емші деген ұғымды білдірген. «Барлы Жансай» - сөзінен: «Жанымды қоярға жер таппадым», «Жанымның саясы» - деген ұғымдар туындаған. «Киік оты» - кейінгі заман-дарда адамдардан иман қашып, қанағат кеміп, «Мейірім мен Шапағат» азайғасын, ол дәуірлерде биік өскен хош иісінен бас айналған баданадай ірі көк гүлдері болған бұл шөптерде азып шипалық қасиеттері мүлдем жойылып кеткен. Бұл шөптер қасиетінен айырылған соң киелі, сүйегі мен еті аса шипалы саналған, адамдарға өздігінен тиіспей аулақ жүрген ұзындығы 7 метрге жеткен айдаһарлар да бұл даладан мүлдем жоғалып кеткен. Ал киіктер «Қызыл кітапқа» кіріп, жойылып кетудің алдында тұр.
20
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:36  
мысалға, жорналшылардан Мизинов пен оның командасы жартылай зиялыға жатады.. Жазудан Бельгер қалды-ау деймін. Ал қолында билігі барлардан, жоғарғы оқу орындары ұстазы мен дәрігерлерден зиялыны қауым саусақпен санарлықтай қалған болуы керек.
21
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:44  
<<Төркі - әскер. Төркі кейін Түркілер деп аталған. (Төркі үй – төртеу деген сөз) «Түркілер» - деп, алғашқы рет Пірауындар (Фараондар) айтқан. Себебі Сақ жауынгерлері жорықта жүріп демалғанда, әрбір төрт жауынгерден топтасып найзаларын жерге қадап, саптарын қосып, біріктіріп, байлап, үстеріндегі аң терісінен жасалған сырт жамылғы киімдерін жауып, ішінде отырып ас ішіп және табиғат құбылыстарынан қорғанған.>>

????? Шынында да лапшаны іле алмайды екенсіз.
22
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:47  


Комментарий удален модератором.
23
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:53  


Комментарий удален модератором.
24
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 11:54  
Жәке!
Зиялылар туралы ойыңмен келісем.
Ал енді лапша туралы...Сіздің құлағыңызға Ілекең ештеңе іле алмайтыны да рас.Ол жерде басқа лапша тұр емес пе.
Мұнда Арекемнің құлағы көтере алмай салпиып кететін болды.
25
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:19  
<<Және Ұлы Бабаларымыздың бұл қатерлі індеттерден аман қалуына Көк Тәңірі аян берген емшілік тәсілін, көп замандар өткеннен кейін соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалейкум Уәссалам: «Әрбір туылған еркек кіндікке жөргектен пайдаланыңдар» - деп, өсиет жазады. Ежелгі Сақ тілінде айтылған: «Сүн»-«бел»-індет» сөздерінен қазіргі айтылып жүрген «Сүндет» - сөзі қалыптасты.>>

лапша ілуде сәл шатастыңыз. Сүндеттеу иудаларда да бар. Иудалар мен арабтар Ибраһим (ғ.с.) Пайғамбардан тарайтын ұрпақ деп есептелінеді. Демек, Көк Тәңірі аян берген емшілік тәсілін, көп замандар өткен соң Пайғамбарымыз Мухаммад (с.ғ.с) емес, Ибраһим: «Әрбір туылған еркек кіндікке жөргектен пайдаланыңдар» - (с.ғ.с) өсиет жазады-мыс деу керек.
26
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:25  


Комментарий удален модератором.
27
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:31  8-ге!!!!
Міне тоқсаннан асып, ғасырға жуық өміп сүріп, өз қазағының басынан өткен небір қиыншылықтарына бір ғасыр бойы жаны ауырып келген, алайда мына Алаңның осы қазақ халқын орнынан тұрдырмастай жағдайға осы дін арқылы алып келе жатқанын, қария өзінің көрегендігімен сезіп отырғандықтан осындай жағдайға барып отыр деп санау керек!!!!!.... Соғыс өртін тұтандыратын да, мемлекетті жермен-жексен етіп жоқ қылып жіберетін де осы діннен келетінін білгендіктен, дүнижүзіндегі бар дінді кіргіздіріп отырғандарға не айтуға болады???.... ЛАҒНЕТ АТСЫН ПАТШАСЫН ДА, БАСҚАСЫН,
ДІН АРҚЫЛЫ КҮЙДІРМЕККЕ ӨЗ ХАЛҚЫН, ӨШІРМЕККЕ, ҰМТЫЛҒАНДАР ЖЕР БОЛСЫН, СЕН ҚАЗАҒЫМ КӨНБЕГЕЙСІҢ, АЛ ҚАРҚЫН!!!!!.....
28
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:33  
Желтоқсан!

Мен бұл "Асыл шежірені" еріккеннен жариялап отырған жоқпын! Бұл киелі өсиеттер Елге керек! Адасқан ұрпаққа керек! Болашаққа керек! Өткенін білмей, алға қадам басудың мүмкін емес екенін саналы қауым біледі! Міне соларға керек!
Сен сияқты керауыздардан жақсы пікір де күтіп отырған жоқпын! Санаңда иненің жасуындай сәуле болса, қайта - қайта оқы! Бұл киелі өсиеттерді мен ойлап тапқан жоқпын! Немесе атақ шығару үшін жариялап отырған жоқпын! Өз ортамдағы беделім де, атағым да жетеді. Мансап пен байлық ұсынған шетелдерде қалмадым, мына биліктен де қызмет сұрамадым. Мен халқымның қарапайым ұлы болуға ғана тырысып келемін!
Бұл Ұлы Бабаларымыздың ұрпақтарына асқан қиыншылықтармен жеткен қасиетті мұрахаты! Киелі мұрасы! Білгенге үлкен құбылыс. Совет заманында Әлиасқар Байғұтұлынан осы мұрахаттарды алу үшін НКВД 50 жыл бойы бақылауда ұстап, қаншама рет ату жазасына кескен! Бірақ Алланың құдретімен халқының бағына шығар, үкімге қол қойған үштіктің төрағалары бірінен кейін - бірі атылып кете беріпті!
Бұл Ұлы мұрахаттарды маған алғаш әкелгенде оқып, 1,5 айдай бұл құбылысқа таң қалып, япырау жүрек сезетін еді халқымыздың Ұлы екеніне, мұрахаттарының табылатынына, шынымен де бар екен - ау деп, өз - өзіме келе алмай жүрдім.
Қазір бұл мұрахаттардың Республикалық "Айғақ", мемлекетаралық "Алтын Ғасыр" газеттеріне апта сайын жарияланып келе жатқанына 2,5 жыл болды. Бірде - бір тарихшы, немесе жазушылар қарсы пікір айтқан жоқ. Көбісі менің кебімді киіп таң қалуда. Бұл шежіреге сену - сенбеу әркімнің өз ісі. Ия ауыр оқылады. Ұйықтап та кетесің. Жүйелеудің өзі қиын. Бір газеттік мақалаға архайзмдерді жаңа заман тіліне түсіруге апта кетеді. Осымен айналысқалы экономика, экология, саясат та қалып барады. Амал жоқ аяқтауға тырысу керек...
Ал сана - сезімі советтік тарихшылардың 20 рет өзгертіліп жазылған тарихы мен идеологисына уланған немесе Шыңғыс пен Әмір Темір Көрегендей Әділетті қоғам орнатып, кедейшілік дегенді, жат жұрттықтарды Ел аумағынан аластатқан, олардың тексіздік әдет - ғұрыптарын жойған, "Алтын аяқтан ас ішкен, әділдігін сөйлей білмесең қос йықтан бас түскен" заман орнатқан, және мұндай жағдай билік құрған жерлерінің бәрінде болғанын көре алмаған, өздері олардай бола алмаған кейінгі заманның билеушілерінің қолбала тарихшыларының шатпағына уызданған сен сияқтылармен мылжыңдасып жатуға уақытым жоқ! Асан Қайғының шежірелердің неше түрі бар екені туралы айтқанын бере кетейін:
1.Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре».
2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре».
3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре».
4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» - депті.

Санаң жетсе түсінерсің, түсінбесең өзің білерсің....
Аман бол!
29
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:34  
Әй, лапша өлшегіш, Қазақта мықты бір мақал бар, "өзің білме, білгеннің тілін алма" деген.... мұны кейбір қазақтар қарғыс ретінде де пайдаланады....
30
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:39  
Ее Аллаһ Тағалам, бұндай сыпыра шежірелерді оқулықтарға енгізе көрме. Олар Ілекеңдер мен Арекеңдердің қойын дәптерлерінде қала берсін. Онсыз да 11 жылғы оқулықтардың ішіндегі көптеген керек емес оқулардан адамдардың миы ағуға шақ қалды.
31
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:45  


Комментарий удален модератором.
32
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 12:46  


Комментарий удален модератором.
33
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:02  
Желтоқсан.... Мектепте тарих оқытылуы керек....Бұл белгілі жәйт.... Сен енді ойланып көр, ертеңдері сенің немерелерің ;-Қазақстанда бұрын шекара болмаған, керек болса ондай мемлекет те болмаған деп бөскен алаңның әлгі жоғарыда айтылғандай біреулердің қолдарымен жазылған, рас болса осы уақытқа дейін 17 кітап болды дейді жазылғандарын, тарих ретінде оқымасқа лаж жоқ екенін түсінемісің????........
Қазірше сен дінді, құранды мектеп бағдарламасына кіргізе алмайсың, қаншама дінтанушы болсаң да....Онда сенің немерелерің арғы тарихты оқымай, тек қана 1991 жылдан басталған тарихты оқи ма,сонда???.... әлі оны оқитын қазақ балалар болса де??!!!!!....
34
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:10  
Биеке!

Веткада не болып кеткен?
35
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:12  
Сонымен бүкіл адамзат қазақтан тараған болды ғой менің түсінгенім, онда біздің елге келіп мұнайды, темірді, газды,.... тегін алып жатқандар өзіміздің бауырлар болды ғой деген ой келеді
36
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:16  
Байжановтын жазбалары туралы Желтоксан мен Мамбеттерд1н постыларына косыламын...че то..букав много..не осилил...

Отеке! Калайсыз?

Дагдарыс.
37
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:23  Азаматтар !
Қарсыласты бірнеше мәрте сөзінен ұстап алып опындыруға болады...осы, бізге тармақта керек емес,себебі онсызда азбыз...
Барынша әркім есіліп сәйлесін...біз редактор емеспіэ ғой...қылғындыратын...осы жерге келісе алмаймын деседе жеткілікті...
Сан алуан құпмялар әлі күнге дейін ешкімге белгісіз күйінде қалып отыр. Сол себепті тарихшылар,зерттеушілер,журналистер
ойларын Байжанов мырза сияқты ашық айтқаны жақсылықтың нышаны .Қате түзелер оның оқасы жоқ.Тек ренжітпеңдер Ілеспекті
тұқайдан қағатын ауыр сөздермен ...бұл жер қатып қалған...соңғы инстанция емес...виртуалка...әлем виртуальный .

Өтірік айту,жасыру (аноним ),шындықты айтпау көптеген балаларға тән құбылыс...Бірақ тәрбиелеу,есею процесінде балалар бұл
жағымсыз қылықтан арылады !Өкінішке орай кейбіреулерінде қалады-есейген солар қоғамға қәуіпті...жүйелі бір сөзді емес.

Ілесбек Байжановтың Ұлы Желтоқсан көтерілісіне көз қарасы қалай екен ? 23 жыл өтті !
Кәкеміз Желтоқсан көтерілісін тиімді пайдалану арқылы ...бәрі белгілі дегендей,не істеу керек...партия құрамыз ба ?
ТӨБЕ БИ.
38
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:36  
әрине қазақтың картаға түсіріліп, бағанмен белгілеген шекарасы болмағаны рас. Тек қазақтың көшпелі рулары мал бағып, көшіп жүргенде мекендеген жерлері болған. Ол жерлерге кәрі құрлық еурпада іштен жану двигателдері пайда болғанша ешкімнің қызығушылығы бола қоймаған. Дүние жаралғалы мұнай, темір, көмір сияқты шикізатқа сұраныс болмаған соң, климаты қолайсыз ұланғайыр мекен дала малшыдан басқа кімге қажет болсын. Әйтпесе, от қарудың небір сұмдықтарын ойлап тауып, жасап шығарғандарға садақпен жүрген малшынының жерін тартып алу деген сөз боп па.
39
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 13:46  Дағдарыс
Маған көп күліп едің...күлме досыңа келеді өз басыңа дегендей...жолда жүрген сияқтысыз ғой .
Не болса да аман жүріңіз...Полковникте жоғалды " маячогы " sos sos sos...Сендер жетпей жатырсыңдар ! Мені Жай адам түсінгендей
болды...бар жаңалық сол . Тарихты терең талдап жатырмыз...Ұлы жүз,Орта жүз руларын тәмамдадық енді бұйырса Кіші жүзгеде
жетеміз Құрманғазы Сағырбаев,Дина Нұрпейісова...25 ру,12 АТА Бай ұлы,Жеті ру, Алты Әлім...дегендей .Керек нәрсе ғой .

ТӨБЕ БИ .
Документті 77-ші күні бересіндер ме,Дағдарыс ?
40
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:16  
Биеке!

Документ жасалуда..саспаныз...

менде каз.алфавит жок...так что...не ждите от меня комментов..
41
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:17  
Ілесбек Байжанов
у тебя крыша поехало! в натуре, ты гониш! мля, таких пердунов впервые вижу.... ты как Роха убился бы со своей Султанатом или как там, с псевдоисторией! фу, противно!!!!
42
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:18  Отамалы,
Желтоқсандікі де дұрыс,Ілесбектікі де дұрыс шығар. Бірақ әр кімнің өз шежіресі бар. Бірақ Нұх пайғамбардан бері Алта алаштан ары Қоңыратты апарып қою бір түрлі уят шығар. Домалақ ене біздің шешеміз,азан шақырып қойған аты Нурила екен.Ешқандай да бектің де бидің де қызы емес бала оқытқан қожа молданың қызы екен.
43
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:23  37 - Отамалыға
Желтоқсанның ызғарынан көп теперіш көргендердің бірімін. 7 жыл басқа елде қызмет жасап келгеннен кейін зауытта цех басқарып жүргенде 16-18 дегі оқиғалар туралы, 19.12.1986 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты коммунистерінің партия жиналысында Ұлт мүддесін қорғап, Шымкент обкомының 2 хатшысы яхуди Черненкомен болған айтыс, мені саясатқа алып келді. Әуелі 1988 жылдың сәуірінде Шымкентте "Бетбұрыс" саяси ұйымын құрдық. Төрағасы болдым. Бұл ұйым 1990 жылы қыркүйекте Қазақстанның Азат қозғалысына республикада бірінші облыстық ұйымы болып қосылды. Тең төрағасы болдым. Сәбетқазы "Азатты" 1991 жылы қыркүйекте билікке жығып бергесін, Республикалық қозғалыстың басқа облыстағы басшылары бар РҮК - нің тең төрағалары Марат Шорманов, Нұрбақыт Қойшыбековтермен бірге Халық Конгресі партиясын құрдық. Кейін соның облыстағы төрағасының орынбасары, қалалық партияның 1 хатшысы болдық. Бұл кезде Республикалық "Азаттың"тең төрағасы, бұрынғы ҚАЗ ССР - дің сыртқы істер министрі болған Михайл Иванович Есенәлиев қатты науқас еді.
Желтоқсанға келсек, бұл "Ұлы Құбылыс" әлі саяси бағасын алған жоқ! Кінәлілер жазаланған жоқ! Мұның түйінді шешімі әлі алда!
44
жәй, адам
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:26  
Таусылмағын Жәмила таусылмағын,
Өмір-өзен санаулы суы ағын
Қуанышы ішінде қайғыменен
Бір ағынның бойында барар ағып

Рахаты мен азабы қатар ағар
Тоқтығы мен аштығы күн алмасар
Суығы мен жылуы қатар жүріп
Түннен кейін жарқырап күн де шығар

Ащысы мен тәттісі кезек болар
Тамақ тұзсыз, тәттісіз ермек болар
Шайға қантты көп салсаң құсқың келер
Тұзды суың ішуге кермек болар

Өмір өзі мөлшерлер қантын, тұзын
Қанша оны созарын - қысқа, ұзын
Отыз сегіз жыл елі үшін зындан отқан
Жетпіз сегіз жасында таққа отырған

Өмір бойы күрескен елі үшін
Өз халқына азаттық лебі үшін
Тоқсан асқан Мандела қатын алған
Елу деген жас боп па, Ареке, сіздің үшін!
45
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:31  8 - домалақ
1986 жылғы Ұлы Желтоқсан дүбірі бүкіл әлемге тарыдай шашылған ҚАЗАҚ халқының ұлттық намысын қозғады .
Қытайдағы Шыңжан - Ұйғыр автономиялы ауданының ІЛЕ - қазақ автономиясы облысының қазақтары да біршама дүрлігісіп барып ,
басылғанын естідік...
Осы күндері 500 қырғыз ағайынымыз, қазақ-қырғыз шекарасына келіп,өте алмай қайтқан...елдерінде қудалауға түскен...

Жағда Бабалықов пен Сәбетқазы Ақатаев екеуі АЛАҢДА болған көтерілісті бейнелейтін кинотаспаны сувенирлік балтаның
сабына тығып,шетелге жіберген.Сөйтіп,Желтоқсан көтерілісін...Алматыны...барлық әлем 1986жылы көріп білді !
Жағда ақсақалды тармақтағы қазақтар қолдайды...БІЗ СІЗБЕН БІРГЕМІЗ .

ТӨБЕ БИ ОТАМАЛЫ .
46
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:33  41- ге
Ей малғұн!

Сенің крышаң кеткен, науқас неме! Қазақша бір ауыз сөз айта алмаған азғын! Бұл жазылғандарды оқуға сенің анау басыңдағы жалғыз иірімің жетпейді. Бұл жазылғандарды қазіргі мына азғындалған қоғамда мыңның бірі ғана түсінеді. Сенің оған шамаң жетпегесін, әрине қанден иттей шабаланасың! Ол заңдылық та! Мұнда жазылғандарды ұқпайсың, ұға да алмайсың! Уытты көбігіңді өзіңе шаш, шалабай, шалажан, әумесер неме...
47
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:40  Дағдарыс
Түсінеміз ғой жол жүріп көргендерміз...Орысша ұра бер шатпақтарыңды мен қазақшаға аударармын түсінбегендерге..
Өтеке.
48
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 14:58  Желтоксан сарбазы
Ілесбек Байжановқа
Ілеке, қазақ халқының шежіресі туралы жазғандарыңызды "Алтын ғасыр" газеті бетінен 1-2 жылдың жүзі болды іздеп оқитын едім.
Өзіңіз арнаулы блог ашып жазсаңыз сол жақсы болады. Болашақ балаларға тарих, шежіре керек. Жақсы іс бастаған екенсіз, анау мынау кері тартпалар болуы мүмкін, ондай мұндайларға қарамаңыз. Қаламыңыз ұшы мықты болсы. Оқитын Еліміз аман болсын, қазақ балдары азамат болсын..

Желтоқсанды арнайы жазғаныңыз жақсы болар еді.1986 Желтоқсанның күнгей жақтары мен көлеңкелі жақтары қатар жүргені тәуір.
49
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Ср Июл 01, 2009 15:12  41 - ші Ана-тілі - Ар өлшемі .
Біз өзімізді қазақ жерін басып тұрмыз деп сенбесек ,
өзге ұлт " мен қазақ жерінде тұрмын "- деп сезінбесе ,
онда ОТАННАН айырылдық деген сөз...Әр уақыттың өзгермейтін атрибуты - Отанды қорғау,жерді қорғау !

Отанды сүюдің бір компоненті...Ана-тілін сүю,сыйлау !

ТӨБЕ БИ ОТАМАЛЫ .
50
nauryzbai
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 21.06.2009
комментов: 127

Сообщение Ср Июл 01, 2009 15:32  Төбе биге
Жағда бабамызды қолдағаныңызға РАХМЕТ!
Бағана түстен кеиін барып келдім ағамыздың үиіне.
92-гі адамға аштық жариалау қиын ғои, бүгін тоқтатыпты, Сеиіттаи аға жалғастыруда.
Қазақстан-заманнан ғана жорналшы барыпты.

Қолдасаңыздаршы Жағда ата мен Сеиіттаи ағамызды!

www.qazaq.kz-тен көріңіздер.
51
nauryzbai
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 21.06.2009
комментов: 127

Сообщение Ср Июл 01, 2009 15:36  50-ге түзету.
кешірім өтінемін, Жағда ата мен Сеиіттаи ағалардың әксиасы туралы репортаж кешке салынады саитқа.
52
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 16:22  38- ге, тағы да айтамын! Шекара болған Қазақта!!!
Атығай мен Қарауылдар Қазақ Елінің шекарашылары.
****************************************** ******
Шекараны белгілеп оларға тас қоюды Шыңғысханның тұсында «Атығай» мен «Қарауылдарға» тапсырылып, бекіткен арнайы «Жарғұп» болған..
Атығай мен Қарауылға Жер Көсе билерді бөліп береді, шекара істерімен айналысатын жүзбасы, мыңбасыларды бекітеді. Күндіз – түні белгі беретін қанатты жебелерді ойлап табу мен бұл қызметтерді ойдағыдай атқаруды жүзеге асыру тапсырылған.
Бұлардың міндеті ел шетіне келе жатқан жау ма, ел ме, соны анықтау, керуендер келе жатса, олардың әкеле жатқан заттары елге керек пе, осыны білу, сауда – саттықтың және «табыс көзінің» ұтымды жағын ойластыру және ел ішіне кірген керуендердің қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қарақшылардан қорғау да жүктелген. Елге келе жатқан Елшілерді құрметпен қарсы алу және оларға барлық жағдайлар жасау міндеттері де жүктелген. Ең қиыны жау тигенде қалай хабар беру, қалай қарсы алу керек, осы жағы қатаң тәртіпті талап еткен. «Атығай» мен «Қарауыл» келе жатыр!» - дегенде, ел дүрлігіп қаруға жармасқан, ол замандарда халқымыз ұлдарын бесіктен жаугершілікке үйреткен. Атығай мен Қарауылдарды арнаулы тігілген киімдермен, өзгеше киіндірген. Олар әрқашанда елдің шетінде болған. «Қарауылдар» алыстағыны барлап жау ма, ел ме екенін білетін топтарды айтса, ал «Атығайлар» – деп елге хабар жеткізуші топтарды айтқан. Бұл ерекше міндет жүктейтін жасауылдар қызметіне сұсты батырлар, білімді алымдар, ізшіл аңшылар, бірнеше тілде сөйлейтін азаматтар қабылданған. Бұл жасауылдар ең жүйрік те, жарамды аттармен, таңдаулы киімдермен, және бұл қызметтегі азаматтарға ерекше мәртебелер берілген.
Түсіндірме: «Атығай» мен «Қарауылдар» - Сонау ежелгі дәуірлерде 81 Ата Арғын тайпасынан қалған, қазіргі Қазақ халқының құрамына кіретін 6 Ата Арғындардан шыққан рулар. «Жарғұп»- «пәрмен», «жарлық» - деген ұғымдар. «Табыс көзі» - деп, бұрын қазір айтылып жүрген экономиканың қазақ тіліндегі мағанасын айтқан.
53
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 16:27  
Қазақ елінің Тілдік шекарасы.
**************************

1. Шекараны белгілеп оларға тас қоюды Шыңғысханның тұсында «Атығай – Қарауылдарға» бекіткен.
2. Шекара белгілеген жерге тас белгі қойған. Қасқырды екі бала еміп тұрса қазақтың жері, Тілдік шекара. Төрт емшегінен екі жақтан еміп тұрса, 8 емшекті - бұл Сақ заманынан қалған белгі. Екі бала Ар Сақ-аб және Кер Сақ-аб.
3. Шекара қылып тас қойса да, көсемге тас қойса да өгіз шалған.
4. Бүркіт қанатын жайып тұрған тас белгі болса, Қазақ Қаһанның аяғы тиген жері болғаны.
5. Барыстың басы тұрса, бұл Әлімсақтан бұрын өткен қазақтың көсеміне қойылған тас белгі.
6. Тасбақаның суреті болса, бұл Көлтегіннің өткен жері.
7. Арқардың, Текенің қос мүйізі бар тас белгі көрсеңіз, бұл Қазақ Қаһан мен Созақ Қаһанның өткен жері.
8. Оқтаулы Жай садағын тартып тұрған адам бейнесін көрсеңіз, бұл Тектілердің өткен жері.
54
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 16:35  
Шыңғысханның заманында да кәзігі қазақ деген ұлт қазақ деп аталған ба сонда?
55
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 3514

Сообщение Ср Июл 01, 2009 16:42  
Ілеке....Сіз мындағы кейбір кертартпалардың әңгімесіне түкірсеңіз де болады.... Құдайтағала пендені шыр етіп өмірге әкелгенде барлығы бірдей болмайды емес пе???....
Қырсық, кесір әруақытта сол күйінде қалады.... Мен түкіріңіз дегенім, пенде өзіне тиесілі құдайдың берген ақылын, ой-өрісін егер ол тура болар болса, оны жан-жанжақтағыларымен бөліп отырсын дейді.... Тек өзің біліп, оны жұртқа жария етпеу де, дұрыс емес деп жатады.Бес саусақ бірдей емес.... Мысалы мен Желтоқсанға сен дін туралы оттапсың дейтін болсам, ол жата қалып ашуланар еді....Мәмбет өзінің қырсықтығын білмейді, алайда сен сондайсың десем, ол далбасалап орысша бірдеңелерді айтып, лағып кетеді.... Өз ойыңыздағы, ізденіп тапқан дүниелеріңізді жарыққа шығарғанның несі айып??!!!.... Міне осындағы көзі ашық, қарақты жігіттер қазақ халқының келешегі туралы дұрыс пікірлеспесек, біздер де келешек ұрпақ алдында жауап беруіміз керек, билік басындағылармен бірдей.... Себебі соның бәрін біле отырып, соны өз халқымызға дұрыс жеткізе алмағандықтан!!!!....
56
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 16:55  
Ареке, сіз дәлел келтіре отырып мына жерде оттапсың десеңіз мен әңгіме айта алмас едім. Және де өздеріңіз ғой Мәмбеттің "Арасына" тақырып тауып беріп отырған.
57
zheltocsan
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:26  
Мәмбет тағы үнсіз қалды. Бірдеңе бүлдірмесе жарар. Қырсық адам.
58
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:32  Желтоқсан
ол кезде қазақ деген бір тұтас мемлекет,ұлт болмаған. Тарихқа, әр елдің жазбаларына үңілсек көптеген ұлыстардың,ұлы көштердің ізі жатыр. Шыңғыстың кезіндегі аласапыран кезде небір оқиғалар қым қиғаш орын алған. Қазіргі жазба деректер сол кезден бастап,орыс жылнамашылары ақаңды ішіп алып өзінше жазған,қытай дерекшілері өзінше жазған.Бірақ бұл деректер Иса пайғамбар туғаннан кейін екі мыңдықты суреттейді.Ал Ілесбек одан ары және біздің эрамызданда ары үңілмек. Шежіресіне менің кәп келтіру себебім қазақ жүзге бөлінбей тұрғанда Жалайыр мен Қаңлы рулары өткен.Қазір азайған.Кезінде екеуі екі мемлекет болған ,Гумилевтің теориясы бойынша басылып кеткен ескі ұлт болулары да ғажап емес.Бірақ бұл екеуі де Ілесбектің шежіресінде жоқ. Менің бұрнағы жазбаларымда менің бір балам парсыша білім алып тарихын оқып жүр дегенмін.Сол баланың Ираннан келген ұстаздарының айтуы бойынша Жалайырлар Парсыны 6 ғасыр билеген дейді.Барып Тегеранға оқы, аудар деген екен. Дәлел-Шах режимі құлағанша әскери терминдерінің барлығы түркі тілді екен.
59
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:37  
Әй,Ареке! Сен де қатырасың.Сөздеріңде қисын болса алысып нем бар?

Егер бұрын сондай керемет болсақ,қазір неғып осындай сорлы боп қалдық?
Орекеңнің боданын айтпай-ақ қойшы.Ол кеше ғана болған дүние.Онда да өркениетті ел боп кірмедік қой қол астына.Нацандорждарың да өз замандасымыз.Ол байқұстың да мойнына бәрін арта берме.

Мүмкін химиялық қаруымызға өзіміз уланып немесе атом бомбасын байқамай жарып алып,содан тірі қалғандардан тарадық па екен?Мына қазіргі сұрымызға,айтып отырған әңгімемізге қарағанда солай сияқты.

Тағы бір жай.
«...Ұлы Бабаларымыздың бұл қатерлі індеттерден аман қалуына Көк Тәңірі аян берген емшілік тәсілін, көп замандар өткеннен кейін соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалейкум Уәссалам: «Әрбір туылған еркек кіндікке жөргектен пайдаланыңдар» - деп, өсиет жазады...»депті.

Жарайды, біз Исламға дейін Көк тәңірдің юрисдикциясында болыптық.Бізді ол қорғап,қамқорлық жасап кепті.Сосын бәрімізді одан да жақсы басқа дінге өткізіп беріпті де жоқ бопты.Сонда ол қайда кетті?
60
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:39  Ал қаңлылар болса,
Осман империясының негізін қалаған бірнеше тайпа немесе халықтарының бірі. Орта Сырдарияда мемлекеттері болған деседі.Қазір ұлы жүздің ішінде,Тараз қаласының маңындаа оншақты ауыл. Мына боксер Артаев қаңлы. Бұл рулар неге жоқ ол шежіреде. Мына Морис Симашко деген жебрей жазушының Маздақ деген романы бар,барып соны неге оқымайды. Отқа табынған Кей патшалардың кезден бастап жазған.Ол кезде Иса пайғамбар болмаған.Сол жерде қыпшақтар туралы жазады.Қыпшақтар неге жоқ ол шежіреде.
61
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:47  Қан тазалығы - басты мәселеге айналуда!!!
Алтын Орда ыдырап, Қазақ Хандығы құрылған (Шу Тоғанақ шаһарында - қазіргі Шу қаласы) Айқарақ Керей Хан заманына дейін біздің халықты қай жүзге кіретініне қарамай Алты Алаштың ұрпағы, немесе жалпы Алаш халқы - деп атаған. Бұл мәселені өткен пікірнамаларда жан - жақты жазған болатынбыз.
Алғаш рет Ескендір Зұлқарнайын заманына дейін Елтіріс Қаһанның дәуірінде: "Ұлы Баш", "Құты Баш", "Омыртқалы Қара шаңырақ Орта Бас" - болып үшке бөлсе, кейінгі Күлтегін Білекті Қаһан заманында басқа халықтарға сіңіп кеткен, соғыста, індетте, жұтта қырылған Алты Алаштан тарағандардан қалған жұртты топтастырып, қайтадан тағы да үшке "Ақ Арыс", "Бек Арыс", "Жан Арыс" - деп Үш Жүзге бөлген. Себебін жоғарыда айттық.
Қазіргі уақытта бұл Ұлы үрдістер, бұлжытпай орындалуға тиісті рәсімдер мен салт - дәстүрлер отарлау кезеңдерінде бұзылып кетті. Бұрынғы Арыстандай Текті халықтың ұрпақтары майдаланып барады. Кейбір ауылдарда "Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық" - деп, аралас некелер жиілеп, қауіпті шекке жеткен. Оны жоғарыда атап өттік. Міне қан тазалығын сақтауда осындай үлкен мәселелер пайда болуда.
62
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:51  таулыға
Тарих дегеніңнің табиғаты өтірік дүние.Біреулер Гумилевке жүгінеді,сен Симашкоңды айтып отырсың.Олар кім екен сонша?!
Бізге жағынып,ең құрмаса біздің армызда тарихта қалу үшін ол жебекеңдер дүние пәлені жазады.Қалтасынан бірдеме шығарып беріп жатқан жоқ қой,несін аяйды.Ал біз сорлы соларға табынғанымызда күнде айтатын құлдық сезімімізді ұмытып кетеміз.Дүние жүзіндегі тарих атаулының бәрі сол.
63
Ілесбек Байжанов
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 17:59  Таулыға
Жалғыз Қыпшақ пен Қаңлы ғана емес, руларға дейін бар бұл шежіреде. Бұл шежіредегі ерекшелік пәленше - түгенше - бүгеншеден - пәлен туылады емес, Елге қызметі сіңген тұлғалар туралы ғана деректер жазылып, Ұлы уақиғалар мен дәуірлер атап өтілген. Мұның құндылығының өзі осында. Жоғарыда және өткен уақыттары жазылған пікірлерге мұқият көз салсаң, көп нәрсеге көзің жетеді. Бірақ түсініксіз жерлерінің тілі ауыр, өзгертпеуге тырыстық. Бірнеше рет оқуға тура келер. Алайда бар деректердің бәрін мұнда сыйғыза алмасың белгілі. Әлі жүйеленбеген қолжазбалар мен магнит лентасына жазылып алынған, қағаз бетіне түсірілмеген мұрахаттар қаншама?
Құрастырылғанының, баспа бетін көргенінің өзі бірнеше томды құрайды. Алла жазса алдағы уақытта кітаптар болып шығып қалар...
64
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 18:01  Ей Мәмбет,
мен Симашкоға жүгініп отырғаным жоқ, мен ол жазған нәрсе неге Ілесбектің шежіресінде жоқ деп отырмын.Егер ол жебрей болмаса Бибарысты қазір кім шығарар еді,қиын заманда,біздің бала кезімізде қазақ тарихына қалам тербеген азамат.Бәлкім білмеген шығар,кезінде Мәмбеттер шығып ол кім еді деп шыңғыратынын. Ал ілесбек қырғызды арғыннан таратып қарап отыр.Қырғыз Тынышбаевтың жазбалары бойынша арыдан тарайды.
65
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 18:11  таулыға
Міне,көрдің бе,сен өзің жауап беріп отырсың Симашконы не үшін жақсы көретініңді.Бибарысты шығарып беріпті ғой.
66
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 18:28  
Шығарылып тұрған ҰЗЫН ТІЛдің суреті бар тас белгі болса - бұл Мәмбеттің өткен жері.

Шығарылып тұрған тіл ЖАРТЫ ОРАУҒА жетсе - бұл zheltocsanның өткен жері.

Шығарылып тұрған тілдің ұшы АЩЫлықтан бүріліп тұрса - бұл жәй, адамның өткен жері.

Шығарылып тұрған тілдің ұшында ЕКІ ТЕСІК болса - бұл Alty-Alashтың өткен жері.

Шығарылып тұрған ЕКІ ТІЛдің суреті бар тас белгі болса - бұл Отамалының өткен жері.

Шығарылып тұрған екі тілдің екеуі ЕКІ РУға бөлініп тұрса - бұл Таулының өткен жері.

Шығарылып тұрған екі тіл СТРОЙҒА ТҰРЫП, соңында 5-6 леп белгісі тұрса - бұл Арыстың өткен жері.

Шығарылып тұрған тіл 3-4 айырға бөлінсе - бұл мекемешниктардың ЖАЛАҒАН жері.
67
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 18:29  
Бәлкім білмеген шығар,кезінде Мәмбеттер шығып ол кім еді деп шыңғыратынын.
------------------------------------------ ------------------------------------------ -------------------------------
Оның нені біліп,нені білмегенін айта алмаймын.Бірақ, қазекемнің осы үшін өзін төбесіне көтеретінін точно білді.
68
таулы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 1741

Сообщение Ср Июл 01, 2009 18:38  Мәмбет,
төбесіне көтерсе несі бар,мүмкін Симашко мұрын қыпшақ шығар,Мұхтар Шаханов ағамның жақыны болуы да ықтимал. Бірақ менің руым қыпшақ емес.
69
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 19:03  
Маке и Жаке! Я с вами солидарен. Жаль,что не могу вступить в соор по тех.причинам..Дагдарыс.
70
Anonymous
Аноним
Сообщение Ср Июл 01, 2009 19:31  
Ареке..тарихты да..под себя жазып жатыр...так что..не факт..что
Байжановглаголит истину..пусть он не кошмарит ветку..фантастикой на историческую тему...сайт то саяси оппозициялык...осы такырыпта жазсын...
71
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 2049

Сообщение Ср Июл 01, 2009 20:08  В поисках утраченных часов
Егер сұраныс болса,ал ол біздің қоғамда бар,ұсыныс та әрқашан дайын.Ертең біздің осылай ауыратынымызды білетін ғалымдар Тутанхамонның қазақ екенін дәлелдеп береді.Олардың ештеңкесі кетпейді.Біздің ішкі қолданысымыз үшін деп, «ғылыми» дәлелденген фактілермен керегімізді жазып бере салады.Сый-сияпатын алады,әрине.

Олардың ана пирамидалардың ішіндегі иероглифтерді оқып кететінін қайтерсің.Мүмкін емес нәрсе!Өздерінше олар да біздің Ілекең сияқты бір нәрселерді айтып, артынша «неге фараон Хатшепсут шешесін жақсы көрмеді екен...»деп қояды.Аферистер!Ойдан бір оқиғаларды ойлап табады да соған анализ жасап жатады. Оған ешқандай қатысы жоқ ақиқатты әкеп байланыстырып қояды.

Бұл приемді Ілекең де қолданыпты.Өзінің ертегісіне дәлел ретінде мынаны келтіріпті:
------------------------------------------ ---------------------------------------
...«Тұран елі» - туралы шежіре осылай дейді. Біз осыған байланысты 19 ғасырдағы орыс зерттеушісі Аристовтың жазғандарын сол қалпында оқып көрейік, Аристов: «Обитающие на огромном пространстве от Охотского и Ледовитого океана до Адриатического моря, турки говорят на одном языке, делящемся только на наречия, так что среднеазиатскиий турок может понимать и якута и турка османа» См. его работу – «Заметки об этническом составе тюркских племен» в журн. «Живая старина». Изд. Императорского Русского Географического Общества». Вып. 1. СПБ 1896г.
------------------------------------------ ------------------------------------------
Ойламайтын оқырман «бәсе,дәлелі бар екен ғой» деп қалады.Ал енді мұның қандай қатысы бар екен?Рас,түркі халықтары мекендеген ол жерді.Рас,олар бірін-бірі түсінеді.Тіпті,тілдері онша ұқсамаса да түсінетін адам түсінеді.Мұнда біздің Арекең ғой...Қазақ тілінде(!!!) қалай айтсаң да бәрібір оған. Сондықтан түсінеді деген сөз тілдері бір деген сөз емес.
Қайран уақыт,осыған кеткен...
72
zheltocsan
Аноним
Сообщение Чт Июл 02, 2009 03:15  
қазақша үйреніп болсаңыздар демалыңыздар, кы-ын-бы да демалсын
73
Отамалы
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.02.2009
комментов: 5164

Сообщение Чт Июл 02, 2009 09:15  77 - күннің тағы бір күні өтті...
Гран-при - 21комент Желтоқсан.
1 - орын - 62комент Мәмбет.
приз симпатий - 27ком. АРЫС.

ТӨБЕ БИ ОТАМАЛЫ. 01.07.2009 сиыр жылы.
74
zheltocsan
Аноним
Сообщение Чт Июл 02, 2009 09:34  
Нацандорж жақсы ма екен?
75
Anonymous
Аноним
Сообщение Чт Июл 02, 2009 09:57  


Комментарий удален модератором.
Реклама


Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 1016049
Всего зарегистрированных пользователей: 18369
Последний зарегистрированный пользователь: elenafrolova
Сейчас посетителей на сайте: 49, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 49
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10640) Wladimir (10495) kazak (6883) HUNN (6736) Отамалы (5164) ангел (4831) Йода (4566) Я (4362) Рыспек-респект (4307) Newman (3901)

Рубрики
  День за днем
  Народная рубрика
  Видео
  Народное фото и видео
  Авторские колонки
  Интервью
  Политика
  Общество
  Выборы
  Юбилеи, праздники
  Заграница
  Масс-медиа
  Экономика, бизнес, финансы
  Социология
  Жизнь
  Трибуна
  «Бергамотовый чай»
  Геополитика
  Расследования, конфликты, судебные процессы
  Другие СМИ. Избранное
  «Старый НАВИГАТОР»
Всего статей в архиве: 32098


«Горячие темы» на форуме
Дискуссии на разные темы
самые огромные сисяндры порно видео, Игра началась с проигры [0/6]
 IlleheaniCase Fri Sep 03, 2010 01:29
Дискуссии на разные темы
Владислав ЮРИЦЫН-планета гондурас,II [8/190]
 Рыспек-респект Thu Sep 02, 2010 23:54
Свободные дискуссии из "старого форума"
"Отходы" блогов [6864/34569]
 Абзал (Аноним) Thu Sep 02, 2010 21:52
Дискуссии на разные темы
РЫБАЛКА И ОХОТА [211/4260]
 aybjbgaa (Аноним) Thu Sep 02, 2010 20:21
Дискуссии на разные темы
номинация комментатор - Леди [25/719]
 lwayhsfwsm (Аноним) Thu Sep 02, 2010 12:41

Последние комменты
по статьям на форуме
KCrwmnFyrrciVIjCt [0/0]
 Hello (Аноним) Fri Sep 03, 2010 07:56
wsCbdVexNNZkFf [0/0]
 ptdxhrmtn (Аноним) Fri Sep 03, 2010 07:54
AsPbiUUWnvZwgY [0/0]
 jrlptcgjc (Аноним) Fri Sep 03, 2010 07:43
“Меняться в первую очередь должны сами казахи. Не кичиться с [28/32]
 Anonymous (Аноним) Fri Sep 03, 2010 07:38
PRetScwfEHdJnHlOtK [0/0]
 vbbhfbfwd (Аноним) Fri Sep 03, 2010 07:37
   вернуться на предыдущую страницу на предыдущую   прокрутить страницу вверх наверх

   
Яндекс цитирования