«Абама ма, Обама ма?», «Батьканың Мәскеуге теріс қарағаны несі?», «Ядролық қарусыз дүниеге жасалған маңызды қадам», ДСҰ-ға «бірігіп кіреміз бе, бөлініп кіреміз бе?»

Қазақ газеттері ғалама тор жүйесінде. 14 шілде 2009 ж.

Уважаемые читатели! С сегодняшнего дня в дополнение к “Сетевому Казахстану” начинается новый проект “Казахскоязычные газеты в системе Всемирной сети”. Спонсор проекта – Президентский фонд развития государственного языка.

Күрметті оқырмандар! Бүгіннен бастап “Сетевой Казахстанмен” бірге жаңа жоба “Қазақ газеттер ғалама тор жүйесінде” қоса бастайды. Жобаның демеушісі – Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры.

***

AIKYN.KZ. Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ “Облыста ішек-құрт ауруы асқынып тұр” солай жазған: “Халық тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысында 900 елді мекен бар. Соның 412-сінде тұратын жұрт құбыр арқылы келетін суды ішеді. 42-сі орталықтандырылмаған сапасы орта суды пайдаланады. Ал 47-сіне су тасып жеткізіледі. Қалғаны, яғни ауылдардың тең жартысындайы арықтан, өзеннен ағып келіп жатқан, не керек, кез келген суды пайдаланады. Арасында лай суды шелекте тұндырып алып барып пайдаланатындары да бар. Осыдан соң олардың ішегі іріңдемегенде қайтеді?Облыста “ішек-құрт аурулары асқынып тұр” деген әңгіменің шығуына да осы жағдай әсер еткен болар”.

ZANMEDIA.KZ. Сайт іске қосылуда.

TURKYSTAN.KZ. Сайттың келесi саны 16-шiлдеде шығады.

ZHASALASH.KZ. Сайт көптен бері істемейді.

AYQAP.KZ. Сайт жұмысы көптен бері жаңармаған.

DMK.KZ. Сайт жұмысы жаңармаған.

ANATILI.KZ. Дастан КЕНЖАЛИН “Абама ма, Обама ма?” солай жазған: “Қазір телеарналардың бәрі орысшаланып болған соң, қазақ тілді жүргізушілердің өзі орысша ойлап, сөйлей бастады…. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті туралы хабар беріле қалса, Барак Обаманы олар орысшалап “Абама, Абама” деп айтып шыға келеді. … Бұл қазіргі қазақтың сана дағдарысы кезінде ана тіліміздің қадір-қасиетін түсірмей, керісінше дамытуға ұмтылып жатқан тұста өте қажет”.

Біләл ҚУАНЫШ “Су орынына у берген” мақалада ашық белгіледі: “Қазақта кино аз деп айтушы болмаңыз. Онда қателесесіз. Қазақта кино көп. Бірақ көрермені біз емес. Біз тек оның кейіпкерлеріміз… “Қазақфильм” шығарған “Жаңа Қазақстанның жаңа фильмдері” атты киноальбомды көргеннен кейін осындай ойға қалдым. Ұлттық кинокомпаниямыздың 20 фильмі топтастырылған бұл альбомнан өзін түгілі атын да естімеген “жаңа киноларды” топтап табасыз. Ол аз болса көшедегі көшіріп сататындарға барсаңыз “Жаңа қазақ фильмі” деген сериямен талай киноның “бетін ашып” береді. Бір қуанатының – “кино” деген атты арқалаған қазақ нәмді кинолардың көбейгені. Мұндайда әрине сапа ұғымы алдыға шығатыны айтпаса да түсінікті. …Ал жекелеген кинокомпаниялар мен режиссерлер де Қазақстанның ішкі нарығын ойласа атыс-шабысты, ал сыртқы “сыйлықты” ойласа ұлтты масқаралайтын фильмдерді түсіруді үрдіске айналдырды”.

KAZAKZAMAN.KZ.Батьканың Мәскеуге теріс қарағаны несі?” мақалада Аманкелді ӘБІЛБЕК түсіндіреді: “КСРО ыдыраған сәттен бастап Кремльге аса берілген бір республика болса, ол — Беларусь еді. Мәскеу Беларусьті дауға берсе де, жауға бермейтін стратегиялық сенімді серіктесі санап, тіпті, онымен біртұтас Одақтық мемлекет құруға да ниет білдірген-ді. Бұл туралы келіссөздер екі ел арасында ұзақ уақыт бойы жүріп, Ресей және Беларусьпен бірлесе отырып біртұтас Кедендік одақ құруға Қазақстан да ниет білдіргенде, Батыс елдері мен АҚШ іш тартып, бұдан бұрынғы Кеңестік Одақтың қайта жаңғыруын көргендей-ақ шынымен қауіптене бастаған болатын. …. Бірақ, соңғы кездері Кремль мен Минск арасындағы қарым-қатынас күрт шиеленісіп,…, “Ресей Беларусьтің мемлекеттігін жойып, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, біздің қолымызды қайырумен айналысатын ел”,— деуді әдетке айналдырған. Лукашенко мен Медведев арасындағы кикілжің, негізінен, Кремльдің Минскіге алдымен 2 миллиард, сосын тағы да 500 миллион доллар қарыз бөлуге берген уәдесі төңірегінде өрбіді. Кремль осы қарызды доллармен емес, рубльмен ал десе, Лукашенко бұған үзілді-кесілді қарсы болып, өз министрлеріне: “Ендігәрі Мәскеуден ештеңе сұраушы болмаңдар, Кремльге қол жаюды доғарыңдар”,— деп, қатаң тапсырма берді”.

EGEMEN.KZ.. Қанат САУДАБАЕВ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысыЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ДҮНИЕГЕ ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМмақаласында жазды: “…Алтыншы шілдеде Мәскеуде Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама өздерінің ядролық арсеналдарын одан әрі қысқарту туралы өзара түсіністікке қол жеткізгені жөнінде мәлімдеді, бұл арсеналдар осындай қарудың әлемдік қорының 95 пайызын құрайтыны белгілі. Атап айтқанда, таяудағы уақытта әлемнің екі аса ірі ядролық державасы ядролық оқтұмсықтар мен оларды жеткізу құралдарын қоса алғанда өз арсеналдарын шамамен үштен бірге қысқарту туралы жаңа шарт жасасуы тиіс.

Ресейлік және америкалық президенттер қол қойған “Стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу туралы бірлескен түсінікте” айтылғанындай, “болашақ шарт әрекет ету мерзімі 2009 жылғы желтоқсанда аяқталатын Стратегиялық шабуыл қаруларын (СШҚ) қысқарту туралы шарттың орнына келеді”. Құжатқа сәйкес, әрбір тарап шарт күшіне енгеннен кейінгі жеті жылдан соң және одан кейінгі уақытта стратегиялық тасымалдаушылар үшін ең жоғарғы деңгейі 500-1100 бірлік және соған байланысты оқтұмсықтар 1500-1675 бірлік шегінде болатындай өздерінің стратегиялық шабуыл қаруларын қысқартатын және шектейтін болады.

Егер мерзімі өтіп бара жатқан СШҚ туралы шартқа, сондай-ақ 2002 жылғы Мәскеу шартына сәйкес тасымалдау құралдарының барынша жол берілетін саны 1600-бен шектелетінін, ал оқтұмсықтар саны 2200 бірлік деңгейінде белгіленгенін ескеретін болсақ, онда қарусыздану жағына қарай айтарлықтай ілгерілеуді байқамау қиын емес”. Автордың пікірінше, “бүгінде былай деп айтуға болар еді: “Нұрсұлтан Назарбаев көптен бері айтып келе жатқан нәрсе жүзеге асты”. Ал жүзеге асқан нәрсе шын мәнінде елеулі оқиға, оны революция демесек те, тым болмаса, ядролық қарусыздану саласындағы түбегейлі прогрестің беташары деп атауға болар еді”.

ABAI.KZ. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүшелікке өту үшін Қазақстан, Беларусия, Ресей елдері бір позицияда, бірігіп жұмыс атқаратыны туралы айтып, ұйымға бірігіп кіретіні туралы келіскендерін мәлімдеді. Ғаділбек ӘКІМ “Бірігіп кіреміз бе, бөлініп кіреміз бе?” атты макалада шешілмеген қайшылықтар айқын білдіреді: “… Ресей басшылығында ДСҰ-ға кіру бойынша ортақ позицияның жоқ екенін анық көрсетіп отырған секілді. Ресей үкіметі ДСҰ-ға кеден одағы арқылы өткен дұрыс деп шешіп, көрші елдерді ұйымға бірігіп өтуге шақырып және оның үстіне Қазақстан ұйымға мүшелікке өту бойынша келіссөздерін тоқтату туралы практикалық кадамдары жүзеге асыруды бастап қойса, Ресей президенті әкімшілігінің бұл мәселеде көзқарасы бөлектеу секілді. …Оның үстіне Ресеймен Беларусия арасындағы соңғы кездердегі “ет”, “сүт”, “газ” кикілжіңдері де бұл мәселеде өз іздерін қалдырғаны белгілі. Сонымен қатар Ресей президенті көмекшісінің жоғарыда аталған мәлімдемесі ТМД көлеміндегі экономикалық ынтымақтатыстық жобаларымен кеден одағы арқылы ДСҰ-ға бірігіп кіру туралы қабылданған шешім-жоспарлардың тек “сөз” екенін көрсетіп отыр. ….Бұл жерде бастысы, Ресей өзінің ұлттық мүддесін көздеп отырғаны анық. …Ресей де, Қазақстан да алдағы 2010-2011-ші жылдары ДСҰ-ға кіре алмайды. Ал болашақта ДСҰ-ға біз жеке мемлекет болып кірмеіз бе, әлде Ресей, Беларусиямен бірігіп кіремізбе, бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне қалдырған дұрыс секілді”.

Шолуды дайындаған Талғат ЕСМАҒАНБЕТОВ

Новости партнеров

Загрузка...