«Оралман» емес, отандассың, бауырым!». «Бас прокуратура: Бір күндік компаниялардың заңсыз әрекеттерінен мемлекеттік бюджетке 32 млрд астам теңге түспей қалды”

Қазақ газеттері ғаламтор жүйесінде. 21 шілде 2009 ж.

AZATTYQ.ORG. Едіге МАҒАУИН британдық ауторы Джонатан Айткеннің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған мақтаулы кітабына назар аударады: “…Кітап ауторы 67 жасар Джонатан Айткен – Ұлыбритания парламентінің бұрынғы мүшесі, бұрынғы министр. Кітап “Nazarbayev and the Making of Kazakhstan: From Communism to Capitalism” деп аталады. Бұны: “Назарбаев және Қазақстанның жаратылуы: коммунизмнен капитализмге қарай” деп аударуға болады. … Джонатан Айткен Қазақстан президентінің тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия көлеміндегі рөлін жоғары бағалайды. …Джонатан Айткеннің өзі Азаттық радиосына берген сұхбатында тек шындықты жазғанын айтады…”.

AIKYN.KZ. Сайттың саны 18-шiлдеде шықты.

ANATILI.KZ. Сайттың саны 11-шiлдеде шықты.

ALASHAINASY.KZ. Сайттың саны 18-шiлдеде шықты.

TURKYSTAN.KZ. Сайттың келесi саны 30-шiлдеде шығады.

EGEMEN.KZ. Сайттың саны 18-шiлдеде шықты.

ABAI.KZ. Ләззат КЕМЕЛБАЕВА “Оралман” емес, отандассың, бауырым!” мақаласында жазды: “Ашығын айтайық, көп ағайын оншалықты қабылдай қоймаған “Оралман” термині бүгінде “ескірді”. Осы тіркесті “жағымды” сөзбен ауыстыру мәселесі көптен көтеріліп жүрген-ді. Алайда “төбеден” төпелеп тапсырма берілмеген соң, әп-әдемі бастаманың соңы сиырқұйымшақтанып, “үні шықпай” қалған болатын. Елбасы тапсырмасы енді осы мәселеге қайта “жан бітірді”. Уалихан Қалижан бастаған мәжілісмендер “көнерген” терминге лайықты атау тауып, жұрт талқысына ұсынды. “Көші-қон туралы” Заңға сәйкес халықаралық “Репатриант” терминін тілімізге икемдеп, “Оралман” атауымен ауыстырған болатынбыз. Осылайша оралман түсінігі алғашқыда шекарадан өтіп, елге оралған қазақ ұлтының өкілдеріне арнайы мәртебе беріп, мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақы, өтемақы сияқты жекелеген жеңілдіктерді алу мақсатында айтылатын уақытша атау болып қарастырылды. Бұл ұғымның астарында Монғолиядан көшіп келгендерді – “монғолдар”, Қытайдан келгендерді – “қытайлар”, сол сияқты “өзбектер”, “қырғыздар” болып аталып кеткен қандастарымызды шеттетпей, оларға бірауыздан “оралмандар” деп қарап, жақын тартуға мүмкіндік берген-ді. Бірақ бүгінде бұл термин жергілікті халық пен көшіп келген бауырластардың арасына “сызық” салып, екі топқа бөлетін ұғымға айналды”.

Сенатор Әділ АХМЕТОВтың пікірі: “Қытайда жүргенде қазақ едік, отанға оралып “қытай” атандық” деген бауырларымыздың өкпе-назын жиі еститін болдық. Сондықтан сырттан келген ағайындарымызды алаламайтын әдемі атау керек-ақ. Рас, “этникалық отандастар” сөзі айтуға шұбалаңқы болғанымен, кейін келе “этникалық” деген тіркес бәрібір тілдік қорымыздан түсіп қалады. Ал “оралманға” қарағанда “отандас” сөзі әлдеқайда жылы естіледі. Ендеше мұны қолдау керек. Бастысы, “отандас” термині арқылы қандастарды кемсіту де, өгейсіту де жойылады”.

“Отандас” сөзіне жылышырай танытқандардың қатарында Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ да бар.

“…Дегенмен, бұл пікірді қос қолын көтере қолдаушылармен қатар, қарсылық танытушылар да жоқ емес. Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас ЖАҚЫПОВ “Оралман” атауын алмастыруға лайықты “Отанды”, “Құтпан”, “Жұрағат”, “Елдар” және “Табысқан” деген бес түрлі нұсқаны ұсынып: “Осылардың ішінде “Елдар” сөзі жүрегіме жақын”, — деп жұртшылықты осы нұсқаны назарға алуға шақырды. Ал Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институтының Тілдік дайындық кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шапағат ЖАЛМАХАНОВ: – Кеткен адам ғана қайта оралады. Олай болса, “оралман” атауын өзгертуге еш негіз жоқ. Тіпті болмай бара жатса, халықаралық “репатриант” терминін қалдыру керек, — деп “отандасқа” үзілді-кесілді қарсылығын білдірді”.

GAZETA.KZ. “Бір күндік компаниялардың заңсыз әрекеттерінен мемлекеттік бюджетке 32 млрд астам теңге түспей қалды — Бас прокуратура”. Бір күндік компаниялардың заңсыз әрекеттерінен мемлекеттік бюджетке 32 млрд астам теңге түспей қалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель мәлім етті, деп хабарлайды \»Қазақстан Бүгін\» агенттігі. “Осындай 50 астам компания анықталды, олар заңсыз 28 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып алған \», — деді И. Меркель.

\»Бұл компаниялар шетелдерге, соның ішінде оффшорларға $182 млн және 4,5 млн евро аударып жіберген. Осындай қитұрқы амалдарды пайдалану салдарынан бюджетке жалпы көлемі 32,4 млрд теңгенің салықтары түспей қалды\», — деді ол.

ZANMEDIA.KZ. Сайт іске қосылуда.

ZHASALASH.KZ. Сайт көптен бері істемейді.

AYQAP.KZ. Сайт жұмысы көптен бері жаңармаған.

DMK.KZ. Сайт жұмысы жаңармаған.

KAZADEBIET.KZ. Сайт көптен бері істемейді.

KAZAKZAMAN.KZ. Сайт бірнеше күн жұмыс істемейді.

Аталмыш газеттер бас редакторларының назарына! Қадірменді ағайындар! Қазақ тілінің кеңістігін кеңейту үшін, оқырмандарыңызға құрмет көрсету үшін, көп уақыт ұзамай сайттарды ретке келтіру жөн болады деп санамайсыздар ма?

Дайындаған Талғат ЕСМАҒАНБЕТОВ

***

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ

Новости партнеров

Загрузка...