«Нұрсұлтан Назарбаев: Астана саммиті аса маңызды оқиға ретінде тарихта қалады». «Негізгі бағдарлама жобасы «Жол картасына» айналуы мүмкін»

Қазақ газеттері ғаламтор жүйесінде. 3 желтоқсан 2010 ж.

AZATTYQ.ORG. “Астана декларациясы әупіріммен қабылданды”. “Сағат тілі түнгі 1-ге қарай жылжығанда барып, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті аяқталды. Алдында ғана Астана декларациясының қабылданғаны мәлім болды. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің делегациялары саммиттің екінші күні түс әлетінен-ақ декларация мәтінін талқылап, талдауды жабық есік жағдайында жалғастырған еді…”.

Саммитте сауын айтқан іс-қимыл жоспарына қол қойылмады”. “Екі күнге созылған жиынның соңында болашақта аймақтық ұйымды күшейте түсуге арналған іс-қимыл жоспары туралы келісім жасалуы тиіс еді. Бірақ бейсенбі күнгі соңғы сессияда келісімге қол қойылған жоқ…

Дипломаттардың айтуынша, Молдовадағы Днестр маңы аймағы мен Ресей-Грузия арасындағы шиеленісті жағдай және Таулы Қарабахқа қатысты Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжал сияқты нақты даулы мәселелерге байланысты ЕҚЫҰ-ның іс-қимылдары туралы жаңа жоспар жасалмаған күйі қалды…. Астанадағы саммит Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіндегі соңғы шара деп есептеледі. Келесі жылы бұл ұйымға Литва төрағалық етеді. 1970 жылдары құрылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мақсаты – аймақтағы қақтығыстардың алдын алу және қырғиқабақ соғыс кезінде әлемдік державалар арасында диалог орнату еді. Ұйымға 56 ел мүше болып кірген”. Авторы: Саида БАБАМҚОЖА.

AIKYN.KZ. “Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Астана саммиті аса маңызды оқиға ретінде тарихта қалады”. “Желтоқсанның 1-2 жұлдызына жоспарланған Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетінші саммиті 3-желтоқсанда мәресіне жетті. Ыстамбұл саммитінен кейін араға он бір жыл салып барып бас қосқан ЕҚЫҰ мемлекеттерінің талқыға салар түйткілді мәселелері толас таппаса керек, Астана саммиті сағат тілі 24:50-ді соққанда ғана жабық деп жарияланды. Астана Декларациясы қабылданды! Саммиттің жабылуынан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді…

Баспасөз-мәслихаты барысында Қазақстанның келесі жылдың шілдесінен бастап, Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі де сөз болмай қалмады. “Наурыз айында ұйымға мүше мемлекеттердің саммиті жоспарланған. Мен оған қатысуды жоспарлап отырмын. Менің ойымша, әлемде орын алып отырған конфессияаралық, мәдениаралық келіспеушіліктер олардың екі түрлі талқылануынан орын алып жатыр. Біреулер өркениеттер қақтығысы туралы айтады. Мен оған келіспеймін….”.

Он жастан асқан Астана ЕҚЫҰ саммитін өткізіп, халықаралық ұйымның “Астана декларациясы” деген ұғыммен тарих беттеріне алтын қаріптермен жазылды”. Авторы: Халима БҰҚАРҚЫЗЫ.

EGEMEN.KZ. “Еуразия жүрегіндегі, қазақ жеріндегі үнқатысу”. “…Саммиттің қорытындысы бойынша қол қойылатын декларацияның келісім деп аталатындығы бізді қуантады, деді сөзінің соңында Бельгия Премьер-министрі. Өйткені, ол қауіпсіздіктің болашақ қатерлеріне қарсы тиімді әрекеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мен Астана Саммиті Ұйымның өзгеріс кезеңі болатынынан үміттімін. Ол Ұйым аумағына тұрақтылық пен тыныштық орнатуға тиімді үлес қосуға тиісті. Сөзімнің соңында қазақстандық төрағалықты жемісті еңбегі үшін тағы да құттықтағым келеді.

Келесі кезекте сөз алған Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий МЕДВЕДЕВ сөзін 11 жыл үзілістен кейін өткізіліп отырған осы халықаралық құрылтайды ұйымдастыруда айрықша қарымдылық танытқан Қазақстан мемлекетіне, сарабдал саясаткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын жеткізуден бастады…”.

ANATILI.KZ. “Қазақ тілін белсенді түрде дамытатын кез келді”. “Байланыс және ақпарат министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВтің төрағалығымен Астанада “Ақпараттық коммуникациялық технологияларда мемлекеттік тілді қолдану” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған республикалық басылымдардың бас редакторлары мен ІT мамандары және мобильді құралдар шығаратын компания өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында www.baq.kz порталының тұсауы кесілді…

Дөңгелек үстел соңында “Қазконтент” АҚ-ның техникалық маманы Аршат ОРАЗОВ www.baq.kz порталымен таныстырды. Семинар барысында портал арқылы интернетте қазақтілді мемлекеттік БАҚ-тардың рейтингін көтеру жайы да кеңінен талқыланды. Baq.kz порталын әзірлеудегі басты мақсат – интернет желісінде қазақтілді БАҚ-тың сайттарын көбейту және барлық қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарын бір порталға топтастыру”. Авторы: Бейбітгүл ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ.

TURKYSTAN.KZ. “КЕДЕНДIК ОДАҚ: ҮМIТ АҚТАЛДЫ МА?”. “2010 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан, Беларусь және Ресей Кедендiк одақ аясында жұмыс iстеп келедi. 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап үш ел арасында бiртұтас Кедендiк кодекс жұмыс iстей бастады. Мiне, содан бергi бiр жылға таяу уақытта Кедендiк Одақтың жұмысы қалай сипат алуда? Кедендiк одақтың болашағы қалай болмақ? Ол Қазақстан экономикасына қалай ықпал етуде?

… Экономикалық даму министрлiгiнiң бағамдауынша, Ресей, Беларусь және Қазақстанның өзара Кеден одағын құруы таяу он жылдықта барлық қатысушы елдердiң IЖӨ-нiң жалпы өсiмi 16 пайызға жететiн болады….

Сонымен қатар, Ресей бұл құрылымға Украинаны да тартқысы келедi. Брюссельде Украина президентiмен кездескен Ресей президентi Д. МЕДВЕДЕВ ЯНУКОВИЧтен Кедендiк одаққа ену мүмкiндiктерi жайында сұраған. Янукович Украинаның Кедендiк одаққа ену мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Бiрақ, ол үшiн Конституцияға өзгерiстер енгiзiп, бүкiлхалықтық референдум өткiзу керек деген. Алайда, Украина президентiнiң бұл жауабы Украинаның өзiнде қатты сынға ұшырауда. «Украина Еуроодаққа енудiң алғышарттарын жасап жатқанда, Кедендiк одаққа мүше болам деуi ақылға сыйымсыз» дейдi украиналық саясаткерлер. Оның үстiне Украина Дүниежүзi сауда ұйымына (ДСҰ) мүше. Бұл да оның Кеден одағына мүше болуына кедергi келтiредi.

Елбасы Жолдауында Қазақстанныкң ДСҰ-ға енуiн жылдамдату мәселесi айтылады. «ТМД-дағы өңiрлiк экономикалық бiрлестiктерге қолдау бiлдiре отырып, Үкiмет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетiн жағдайларда Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру үдерiсiн жандандыруы тиiс» делiнедi онда. Дүниежүзi сауда ұйымына қандай да бiр одақ түрiнде ену мүмкiн еместiгiне қарамастан, соңғы жылдары осы бiр мәртебелi ұйымға мүшелiк жайында жиi айтылуда. Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрi СҮЛЕЙМЕНОВ мырза 2012 жылы ДСҰ-ға мүше болуымыз мүмкiн деген мәлiмдеме жасаған: – Бiз келiссөз процесстерiнiң өте жоғары сатысына жақындадық. Биылғы жылдың соңына дейiн негiзгi әрiптестерiмiзбен екi жақты келiссөздердi аяқтайтын боламыз. Көп жақты келiссөздер Женева хатшылығының деңгейiнде өткiзiледi. Демек, бiздiң елдi ДСҰ-ға мүше болуы 2012 жылы жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз, – дейдi ол”. Авторлары: Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, ?сет ТҰРДЫҒҰЛОВ, Қазақстан Гуманитарлық-саяси коньюктура орталығының бас сарапшысы.

ALASHAINASY.KZ. “Негізгі бағдарлама жобасы “Жол картасына” айналуы мүмкін”. “Осымен ЕҚЫҰ-ның 35 жылдық тарихындағы жетінші саммит саналып отырған Астана алқалы жиыны замана ағысын дөп басып, жіті іс-қимылға батыл көшу қажеттігін ұғындырғандай. Саммитте жиылған президенттер мен үкімет басшылары түбегейлі өзгеріске бас қойып кетпесе де, ұйымның ауқымы мен өкілеттігін арттырудың өзектілігін ашық мойындап жатты. Қазақстанның тың бастамаларын қолдап жүрген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де БРИШАМБОның өзге мүше елдер жетекшілерінің тамырын басып, қас-қабағына қарайтыны белгілі. Жер-жердегі жанжалдарды жеке-дара ел болып емес, көпшілік ұйым болып шешудегі Қазақстанның бастамалары ЕҚЫҰ-ның тасадағы әлеуетін барынша қолдануды көздейді…”. Автор: Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ.

***

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ

Новости партнеров

Загрузка...