«Тағдыр» қоры Венада «Рахатгейт» ісі ілгерілегенімен, жергілікті жердегі істер алға басар емес деп мәлімдейді». «Төтеншеліктердің төтенше жағдайлардан кейін ғана тыпырлағаны қалай?»

Қазақ газеттері ғаламтор жүйесінде. 16 қыркүйек 2009 ж.

AZATTYQ.KZ. \»Тағдыр\» қоры Венада “Рахатгейт” ісі ілгерілегенімен, жергілікті жердегі істер алға басар емес деп мәлімдейді”. “Армангүл ҚАПАШЕВА мен \»Тағдыр\» қорының басқа да мүшелері сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, “Рахатгейт” ісіне қатысты соңғы деректерді жеткізді. Сондай-ақ қорға әділдік іздеген азаматтардың көптеп жүгініп жатқанын мәлімдеді.…”. Авторы: Талғат ДҮЙСЕНБЕК

Евгений Жовтисті қолдау шарасының бірі — Варшавада өтті”. “Евгений ЖОВТИСті қорғап, қолдау көрсету науқаны жалғасуда. 15 қыркүйекте Варшавада Қазақстан елшілігі алдында Жовтисті қолдау пикеті өткізілді. Оны жергілікті азаматтық белсенділер ұйымдастырды. Польша астанасынан Азаттық радиосына келіп түскен фотосуреттерге қарағанда, пикетке қатысушылар қолдарына \»Жовтис босатылсын\», \»Қазақстандағы тұтқындаулар тоқтатылсын\» деген жазулары бар плакаттарды алып шыққан. Қазақстан оппозициясының белсендісі Балли МАЖЕЦтің хабарлауынша, пикетті ұйымдастырушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтың атына құқыққорғаушы Евгений Жовтистің бостандыққа шығарылуын талап еткен үндеулер жазылған парақшаларды таратқан. Варшавадағы наразылық акциясына қатысушылардың кейбірі \»Жовтиске бостандық\» деген жазуы бар футболкалар киіп алған….”,- деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Пэтрик МУУР “Қудаланған Қытай басшысы о дүниеден батыс демократиясының үлгісін қолдауға шақырды” деген мақаласында өзінің жеке көзқарасын білдіреді: “Өмірінің соңғы кезеңін қудалауда өткізген Қытай Компартиясы ОК-нің бұрынғы бас хатшысы ЧЖАО ЦЗЫЯН қайтыс боларынан бес жыл бұрын естеліктерін таспаға ауызша жазып, оны құпия түрде Батысқа өткізіп жіберген. Ол “Мемлекет тұтқыны: Чжао Цзыянның құпия журналы” деген атпен биыл жарық көрді…

Чжао Цзыян 1989 жылы партияның басты бағытына қарсы шығып, Бейжіңдегі студенттер шеруіне қатысушыларды құрбандыққа шалудан беруден бас тартты. Осыдан кейін іле-шала Чжао Цзыян қоғамнан аласталып, оның есімін атауға тыйым салынды…

Қалай болғанда да, әлемдегі аса үлкен Компартияның басшысы “елдің дамуы үшін парламенттік демократия – ең жақсы жүйе” деп күнде мойындай бермейді. Және де бұл мойындау ол қайтыс болған соң жарияланған. 1987-1989 жылдары Қытай Компартиясының бас хатшысы болған Чжао Цзыян 1989 жылдың мамыр айынан 2005 жылғы қаңтарға дейін, яғни қайтыс болғанша үйқамақта отырғанда демократияның пайдалылығы туралы байламға келеді…

Шерушілерді күшпен жазалау туралы шешім Компартияның ішкі ережелерін бұза отырып өткізілген құпия пленумда қабылданған. Өйткені, Чжао Цзыянның айтуынша, ол “студенттерді әскерилердің талауына берген соң бас хатшылықтан бас тартқан”….

Чжао Цзыян атақты партиялық отбасыдан да шықпаған, әлдебір құдіретті топқа да жатпайтын. Қазіргі қытай билігінде әдетте партиялық пирамиданың шыңына тек осындай жолдармен ғана көтеріліуге болады. Олардан айырмашылығы, Чжао Цзыян қызметте өзінің қабілеттілігі арқылы көтерілген. Осының арқасында жоғарғы билікте оған қамқорлық жасаушылар да болды.

1966-1976 жылдары жүрген пролетарлық Ұлы мәдени төңкеріс кезінде партиялық номенклатураның көптеген әйгілі өкілдері айдалып кеткен еді. 1971 жылы алыста айдауда жүрген Чжао Цзыянды ел көсемі МАО ЦЗЕДУНнің өзі шығарып алды. Кейінірек ДЭН СЯОПИНнің тікелей қолдауының арқасында ол бас хатшылық қызметке сайланды. Ал, Дэн Сяопиннің қаһарына ілінген соң ол өмірінің соңына дейін үйқамақта отыруға мәжбүр болды…. Чжао Цзыян қытайдың саяси эволюциясы үшін мүмкін болар модельдер ретінде Тайвань мен Оңтүстік Кореяны мысалға келтіреді”.

EGEMEN.KZ. “Аймақаралық әріптестіктен өңіраралық ынтымақтастыққа”. “Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11 қыркүйекте Орынбор қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының VІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Ресей Президенті Дмитрий МЕДВЕДЕВтің қатысуымен өткен форумда негізінен екі ел арасындағы, оның ішінде Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында отын-энергетикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды…”. Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Спикер”. “Кейбір адамдарға жоғары лауазымды атақтың өзі жараспай тұрады. Мүмкін ол адамның қоғамда соншалықты біліктілігімен, білімділігімен танылмауынан шығар. Ал кейбір адамдарға кез келген қызметтің өзі дардай болып, жұрт жапырылып құрмет тұтады. Бәзбір кісілерге атақ та, абырой да үйлесімін тауып, көзге де, көңілге де ыстық болып, сол адамға тәнті болып жүресің. Сондай адамдардың бірі де, бірегейі де марқұм Марат Тұрдыбекұлы ОСПАНОВ деп ойлаймын. Спикер деген сөз де Марат Оспановқа лайық лауазым болатын.

Спикер ағылшын тілінен аударғанда “шешен, төменгі палатаның төрағасы” деген мағынаны білдіреді. Ал мүйізі қарағайдай депутаттарды басқару оңай емес. Әрі ол әр партиялы, әр қоғамдық ұйымның өкілдерінен құралса қиынның қиыны. Сондықтан да кәсіби Парламент қалыптастырудағы тұңғыш Парламент Мәжілісінің төрағасы Мәкеңнің еңбегі де, ұйымдастырушылық қабілеті де, түбегейлі мәселелердегі Үкіметпен табанды текетіресі де әлі ұмытыла қойған жоқ. Марат Оспанов дегенде спикер деген атаудың қосарлана айтылуы тегін болмаса керек…”. Авторы: Уалихан ҚАЛИЖАН.

ALASHAINASY.KZ. “Ұлттық қорға иек артпай, сырттан қаржы тарту тиімді ме?”. “Енді қаржы дағдарысына қарсы шараларды жүзеге асыруға Ұлттық қордың ақшасы жұмсалмайтын болды. Елбасының басқаруымен өткен алқалы жиынға қатысқан экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт СҰЛТАНОВ кеше осындай мәлімдеме жасады. Сонымен қатар кеше Қаржы министрлігі және Азия даму банкі осы банкке мүше елдерді қолдауда дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде елімізге 500 миллион доллар көлемінде займ беру туралы келісімді бекітті. Келісімдегі шарттарға жүгінсек, бұл ақшаны біз жеңілдік түрінде шамамен 5-6 пайыз көлемінде несиеге алып отыр екенбіз. Қалай дегенмен де қаржы дағдарысынан есеңгіреген ел экономикасын оңалтуда бізге Ұлттық қордан емес, шетелден қаржы алу тиімді ме?”. Дайындаған Кәмшат САТИЕВА

Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер:

Иә. Сақтықта қорлық жоқ” демекші, Ұлттық қордың ақшасына иек артпау қажеттігі осындай жағдайдан туындары сөзсіз. Қалай дегенмен де мемлекеттік деңгейде экономикалық сарапшылар, кеңесшілер әлемде болып жатқан қаржы құбылысын қадағалап, мониторинг жүргізіп түрлі ойды тұжырымдауда. “Қаржы дағдарысы зардаптарын қалыпқа келтіруде әр мемлекет қалай әрекет етіп жатыр, жаппай әлемнің экономикаға ақша тоғытуы гиперинфляцияға әкелуі әбден ықтимал” деген секілді тұжырымда олардың ойы бір жерден шығып жатқан болар. Сондықтан қаржы дағдарысының келесі дүмпуін күтуінде Ұлттық қордағы ақшаны бүгіннен де қиын-қыстау кезеңге сақтап, оны игеруді тоқтатсақ, ол бір жағынан дұрыс болар еді.

Жалпы, 2008 жылдың аяғындағы қорытынды есеп бойынша, біздің сыртқы қарызымыз 105 миллиард долларды құрайды екен. Ол – ішкі жалпы өнімнің 93 пайызына пара-пар. Алайда соның ішіндегі мемлекеттік қарыз көлемі шамалы ғана…”.

Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:

“– Жоқ. Кезінде біздің банктер сыртта қай жерде арзан ақша болса, соның бәрін алды. Сөйтіп, оны жұртқа қымбатқа сатып пайда тапты. Солардың әрекетінен экономикада ауытқушылықтарға жол берілді. Яғни бұл тиімді дамуға әсер етпеді. Бүгіндері сол қарыздар Қазақстан экономикасына жұмыс істеп жатқан жоқ. Жақсы экономикалық конъюнктура болған кезде ашылған көптеген өнеркәсіп, зауыт ілгері жылжи алмай, тоқырап қалды. Сондықтан елімізге сырттан артық доллар әкеп тығындаудың қажеті жоқ. Ол жақсылыққа әкелмейді. Оның орнына ішкі резервтерді пайдалануымыз керек. Соның басты қайнар көзі ретінде Ұлттық қорды атауға болады. Ол – қиын-қыстау сәтте пайдаланамыз деп жинақтап қойған қазақ қоғамының қоры. Қазір сол қиын-қыстау заманға тап келдік. Яғни оны пайдаланатын уақыт келіп қалды. Оның механизмін ашық та анық етіп құру керек.

Яғни оны пайдаланатын уақыт келіп қалды. Оның механизмін ашық та анық етіп құру керек….”

Бейтарап пікір Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, банк секторының сарапшысы:

Біз Ұлттық қордың ақшасын шетелдің қандай құнды қағаздарында қандай жүктемемен, міндеттемемен сақтап отырмыз? Одан бізге түсетін пайда көлемі қаншалықты? Сол секілді сырттан қарыз алуда оны қанша есе қылып қайтарып береміз? Міне, осыларды сан жағынан салыстырсақ, оның тиімді-тиімді еместігін нақты цифрлармен айқындауға болар еді. Өкінішке қарай, ондай сандар қазір менің қолымда жоқ.

Әлбетте, шетелдің банктері, халықаралық қаржы институттары жеңілдікпен несие беріп жатса, мына қиын-қыстау кезеңде ол мүмкіндікті пайдаланғанымыз дұрыс. Бірақ бұл арада басты назарға ұстайтын нәрсе – алынып жатқан қарыздың тиімді жұмсалуында. Ел экономикасы шатқалақтап тұрған тұста мемлекеттік деңгейде сырттан қарыз алмаймыз дегеннің өзі дұрыс емес. Мемлекеттік сыртқы қарыздың көлемі көп емес. Менің пайымдауымша, ол мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер етпеуі керек”.

Бесбоғда АЛТАЙ “Төтеншеліктердің төтенше жағдайлардан кейін ғана тыпырлағаны қалай?” атты мақаласында денсаулық сақтау мекемелерінің өрт бола қалған жағдайда автоматты түрде белгі беретін жүйесіне, адамдар қауіпсіздігіне назар аударады: “Еліміздегі ауруханалардың 26 пайызында өрт бола қалған жағдайда автоматты түрде белгі беретін жүйе (сигнализация) атымен жоқ. Ал 31 пайызында осы жүйе бар болса да, жұмыс істемейді. Мұндай ғимаратқа от тисе, шырт ұйқыда жатқан адам қалай шыжғырылып кеткенін білмей қалады. Алдымен иіс тиеді. Сөйтіп, тәп-тәтті ұйқы әп-сәтте өмір мен өлім арасындағы естен танып, артынан жалынға көміліп жүре береді… Яғни еліміздегі денсаулық сақтау мекемелерінің тең жартысынан көбіне осындай қауіп төніп тұр. Талдықорған қаласында жексенбі күні таңалакеуімде облыстық наркологиялық диспансердегі 37 ғұмырды жалмаған өрт те осындай салақтықтың салдарын айқындап береді.

Кеше Премьер-министр Кәрім МӘСІМОВтің төрағалығымен Астанада, Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста Төтенше жағдайлар жөніндегі министр осындай төтенше деректерді жария етті. Министр Владимир БОЖКО бұл сандарды “катастрофические цифры” деп бекер атаған жоқ. Алайда төтенше жағдайлар жөніндегі министр бұл деректерді бұған дейін неге осылай батырып айтпаған, неге жеріне жеткізе алмаған? Егер “катастрофические цифры” деп білсе, бұған дейін де шырылдап айта беруі керек еді ғой. Оның пікірінше, Талдықорғандағы трагедия құрбандарының осынша көп болуына адамдардың қатты ұйқыдағы тәтті сәттері себеп болуы мүмкін екен. Яғни айналадағылар өртті кеш білген, өртке қарсы күрес қызметіне де кеш хабарланған. Министр өрт сөндірушілердің хабар алған соң 9 минуттың ішінде оқиға орнына жеткенін айтады. Сол кездің өзінде наркологиялық диспансер ғимараты қызыл жалынға оранып үлгерген….”.

KAZ.GAZETA.KZ. Алматыда бүгін жұмыс тобының бірінші ұйымдастыру кеңесінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі орталығының тұжырымдамасы талқылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР ТЖМ аппаратының жетекшісі Сейітқажы ОҚАСОВтың хабарлауынша, Қазақстанның Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі орталық ашу жөніндегі ұсынысын ұйымға мүше елдер қолдады. \»Ақтауда өткен кеңесте Өзбекстаннан өзге бір де ел орталықтың Қазақстанда ашылуына қарсылық білдірген жоқ. Өзбекстан қалыс қалды\», — деді ол.

Біз үйлестіру, ақпараттық және әкімшілік деген төрт жұмыс бағыты бойынша 25 адамнан орталық құруды ұсынып отырмыз\», — деді С. Оқасов.

Орталықтың дәл қашан құрылатыны жайлы мен ештеңе айта алмаймын. Бұл — күрделі процесс, қазір белсенді дайындық жүргізіліп жатыр. Егер келесі жылы құрылып жатса, жақсы болар еді\», — деді ТЖМ өкілі.

Сондай-ақ, сарапшылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсетудегі ықпалдастық жөніндегі 2009 — 2010 жылдарға арналған келісімді жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын іске асыру жайын талқылады. Атап айтсақ, өзара ақпарат алмасу тетігін жасау, соның ішінде веб-сайт жасау, мамандар дайындау және технологиялар алмасу, өрт сөндіруші және апаттан құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларының тізімін жасау жұмыстарын қарқындандыру мәселелері талқыланды…

С. Оқасовтың айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі орталығын ашу жөніндегі идеяны сол кезде РФ президенті болған Владимир Путин Бішкекте 2007 жылы ұсынған….

Қазақстандық компаниялар үшін Вьетнам аумағындағы мұнайгаз жобаларына атсалысу — келешегі зор бағытқа саналады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Вьетнам үкіметінің басшысы НГУЕН ТАН ЗУНГ пен Қазақстан үкімет басшысы Кәрім МӘСІМОВтың арасында келіссөздер өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, \»екі жақты ықпалдастықтың бір келешегі бар бағыты — мұнайгаз саласындағы, соның ішінде мұнай және газ өндіру, тасымалдау және өңдеу салаларындағы ынтымақтастық болмақ\».

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, \»ресейлік мұнайгаз компанияларының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, Вьетнамда Қазақстанның компаниялары үшін мұнай және газ кеніштерінде барлау және өнім өндіру жұмыстарын жүргізу, одан әрі өнімді Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері мен Қытайға сату — оптималды үлгі болмақ\».

\»Сондай-ақ, Вьетнам аумағында мұнай өңдеу зауытың салу жобасы қызығушылық тудырады. Қазақстанның көмірсутегін өндіруші компанияларының үлкен тәжірибесін ескере келе, Қазақстан жағы мұнай және газ саласында вьетнамдық мамандарды оқытуға жәрдемдесе алады\», — делінген СІМ хабарламасында.

Дайындаған Талғат ЕСМАҒАНБЕТОВ

***

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.