«Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге ешбір себеп жоқ, соның ішінде ЕҚЫҰ-ына төрағалық үшін де». «Қыз Жібек» жырына – 500 жыл. «Автокөлікті сақтандыру ерікті болуы тиіс пе?»

Қазақ газеттері ғаламтор жүйесінде. 13 тамыз 2009 ж.

ALASHAINASY.KZ. Автокөлікті сақтандыру ерікті болуы тиіс пе?. Қазіргі кезде еліміздегі көлік жүргізушілер көліктерін міндетті түрде сақтандыратын болды. Онсыз жүргізушілерге қатаң әкімшілік жаза қолданылады. Мұны базбір зиялылар қолдаса, енді бір қоғам қайраткерлері құп көре бермейді. Олар “сақтандыруды міндеттеудің керегі жоқ, ол әр адамның өз еркіне байланысты” дегенді алға тартады. Ал енді біреулер сақтандыруды міндеттемесек, ешкім көліктерін сақтандырмай қояды дейді. Жалпы, сақтандыру ерікті болуы тиіс пе?..

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

“- Иә. Сақтандыру компаниялары нарықтың заңдылығына байланысты шығып отыр. Дегенмен біздегі сақтандыру өркениетті елдермен салыстырғанда кешеуілдеп дамуда. АҚШ-та, Еуропа мемлекеттерінде сақтандырудың жүздеген түрі бар. Тіпті адамның денесін бөлшектеп сақтандырып қоятын компаниялар да кездеседі. Мәселен, біреу өзінің бет-әлпетін сақтандырады. Желаяқтар болса өздерінің аяқтарын сақтандырады дегендей. Өйткені онда жұрт қызығарлық механизмдер жасап қойған. Ал бізде қалай? Біздің елімізде сақтандыру енді-енді дамып жатыр. Сондықтан сақтандыру нарығын келешекте әлі де өркендетуіміз қажет. Халықтың өзі қызығатындай етіп, дұрыс жолмен дамытуымыз керек. Қазіргі кезде біз білетін сақтандырудың көпшілігі міндетті түрде жасалады. Дүниеңді сақтандырғың келе ме, келмей ме – оны сенен ешкім сұрап жатпайды”.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, заң ғылымының докторы:

“- Жоқ. Негізі, автокөлікті жүргізу кезінде адам өміріне қауіпті жағдайлар көп кездеседі. Егер біз сақтандыру әркімнің өз еркіне байланысты десек, онда ешкім сақтандыруға бармайды. Оның үстіне қазір не көп? Көлік көп. Қанша сен тиянақты, сақтықпен көлік айдаймын дегеннің өзінде кез келген жерде байқамай басқа көлікті сырып кетесің. Тіпті үлкен апаттар да орын алады. Себебі көлік деген – жүйрік нәрсе. Аяқастынан не болғанын өзің де түсінбей қаласың. Сондықтан сақтандыру әркімнің еркіндегі жағдай емес, міндетті болуы шарт. Бұл — бір. Екіншіден, сақтандыру мекемелеріне де байланысты. Қазір дағдарыспен байланысты кейбір сақтандыру мекемелері банкротқа ұшырап қалуы мүмкін. Оған енді ештеңе істей алмайсыз. Мәселен, “Алтын полис” сақтандыру қоры банкрот болды. Ал көпшілік жұртшылық көлігін сол компанияға сақтандырды. Енді не болады?”. (Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ).

ABAI.KZ. Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ. “Оқулық тағы қымбаттай ма?” деген мақаласында мектепке дайындық науқанына назар аударады:“…Қазiрдiң өзiнде базар-ошар айналасы оқушыға қажеттi құрал-жабдыққа толы. Әзiрге оқулық шығарумен айналысатын баспалар оқулық сатып, әуре-сарсаңға түсе қоймаса да, базарда дәл сол баспаның \»көшiрмелерi\» самсап тұр.

…Негiзi оқулық баспаның дүкендерiнде арзан бағамен сатылуы тиiс. …Әрине, бұл кезде қажет оқулықтың бәрi базарда тұрды. Бiрақ қымбат, есесiне қол жетiм жерде. Егер базардағы оқулықты баспаның оқулығымен салыстыра қарасаңыз, сапа жағынан айырмашылықты аңғарасыз. Бұл кез келген баспаның оқулығының көшiрмесiн жасап, әжептәуiр кәсiп көзiне айналдырып алған пысықайлардың iс-әрекетi. Оны бiз де, ата-ана да, бiлiм алатын оқушы да бiлмейдi. Бұл сатушы мен көшiрме жасайтындар арасындағы үлкен құпия.

Биыл оқулық барысы қандай болмақ? Былтырғы баспаның оқулығы жарай ма, әлде, тағы бiр жаңалық шыға ма? Не болса да, әдеттегiдей қысыл-таяң шақта жария етiледi ғой. Содан кейiн қанша ақшаға болсын, тапқанына қуанатын ата-ана кiтап дүкенiн аралап, сенделiп кетедi. Мұндай кезде \»бармақ басты, көз қыстыға\» үйренгендер оқулықтың бағасын ұшырып та жiбермей ме?

…Елiмiздегi оқулық шығаруда ұзақ жылғы тәжiрибесi бар \»Мектеп\» баспасының оқулық тарату бөлiмi қызметкерлерiнiң айтуынша, биыл 8-10-11 сынып оқулығына еш өзгерiс енбеген. Яғни, оқулық та, баға да бұрынғысынша. Ал, 9-сыныпқа арналған оқулықтар 4 жылда бiр рет қайта басып шығуына орай толықтырулармен жарық көрген. Алайда, \»Оның бағасы қолданыста бар оқулыққа қымбаттады…”. (Мақала \»Түркістан\» газетінде , 06.08.2009 жарық көрді).

AZATTYQ.ORG. Қазатомөнеркәсіп” қызметкерлері қуғын-сүргіннен қорқады ал компанияның өзі позициясынан айрылып қалуы мүмкін. Таяуда ғана “Қазатомөнеркәсіп” — әлемдік ауқымдағы жобаларды көздеген топ жұмыс істейтін компания еді.

Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы үшін Мұхтар ЖӘКІШЕВтің қызметінен кетіріліп, артынан тұтқындалуы – халықаралық деңгейдегі беделі менен әлемдік жетекшіге айналуды көздеген орасан зор жобаларының желкесін үзген алғашқы естен танытарлық соққы болды. …. Ал, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жалғыз ұлттық компаниясына берілген екінші ауыр соққы – “Қазатомөнеркәсіпті” жәкішевтік кадрлардан тазалау науқаны болды.

“Самұрық-Қазына” қорының нұсқауымен “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының орталық аппаратында бүгіндікке кемінде 22 адам жұмыстан қысқартылған. Компанияның кадрлар бөлімінің директоры Болат АШЫҚБАЕВ растағандай “вакансия бойынша да, жекелеген адамдар бойынша да “науқан” жүрген.

… Өзінің тұтқындалатын күнінің алдында Азаттық радиосына берген эксклюзивті сұхбатында Мұхтар Жәкішев әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының халықаралық несиелік рейтингісі керісінше айтарлықтай өскенін егжей-тегжейлі әңгімелеп берген ед”і.

“… Время” газетіндегі сұхбатында Григорий САМАРОКОВ мәлімдегендей, Жәкішевтің “Қазатомөнеркәсіп” басшылығынан кетірілуі Ресейдің мүддесіндегі мәселе деген оймен Ғалым НАЗАРОВ келіспейді. Назаровтың ойынша, Кремль Жәкішевті кетіру мақсатындағы ондай бір арнаулы операция жүргізбеген”,. — деп тұжырымдайды Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ.

EGEMEN.KZ.КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ”. Премьер-Министр Кәрім МӘСІМОВтің төрағалығымен Қазақстан экономикасын жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңеске мемлекеттік мекемелердің, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, облыстар әкімдіктерінің басшылары мен серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы инвестициялық жобалардың бастамашылары қатысты.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылған кен-металлургиялық, химия, құрылыс өнеркәсіптері, медициналық жабдықтар, автомобиль жасау салалары, сонымен қатар инфрақұрылымдық және туристік салаларда іске асырылуға бағытталған 24 инвестициялық жобалардың ағымдағы жай-күйі туралы мағлұматтар тыңдады.

Премьер-Министр жауапты басшыларға аталмыш жобалардың іске асырылу барысын қадағалау және осы орайда туындаған мәселелерді шешуге қатысты іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Қазақстан экономикасын жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның даму банкі, инвестициялық және инновациялық қорлар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаржыландыруымен және бастамасымен іске асырылып жатқан жобалар қарастырылмақ”, — деп мәлімдеді Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

МАХАББАТ ГИМНІ”. “Қыз Жібек” жырына – 500 жыл. 2007 жылғы қарашада ЮНЕСКО өзінің кезекті сессиясында “Қыз Жібек” жырын 2008 жылдың мерекелік күнтізбесіне енгізіп, оның 500 жылдығын атау туралы шешім қабылдады.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик, “Қыз Жібек” жырына арналған мақаласында белгіледі: “ Ал, енді неге 500 жыл деген сұраққа келейік. Оның сыры мынада. Қазақ фольклорының құрамында басқа халықтарға да тән шығармалар бар. Мәселен, “Алпамыс батыр”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қорқыт ата” “Көрұғлы” деген сияқтылар. Олардың кейбірі – ауыс-түйістің нәтижесі, ал енді біреулері – түркі халықтарының туыстығынан көбісіне ортақ. Сондайлардың қатарына “Алпамыс батыр” мен “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырлары жатады. Бұл екеуінің түпкі, ең әуелгі сюжеті сонау VІ-VІІ ғасырларда, яғни Түркі қағанаты кезінде, көптеген түркілік ру-тайпалардың бір ел болып тұрған шағында пайда болған. Кейінгі замандарда Түркі қағанаты ыдырап, ағайын тайпа-руларға бөлініп, өзді-өзіне кеткенде алғашқы сюжетті әрқайсысы өзімен бірге ала кеткен де, өзінше жырлап баяндаған. Сөйтіп, бір кездегі ортақ сюжет әртүрлі версия туғызған, бірақ бастапқы оқиға-сарын сақталып қалған. Екінші сөзбен айтқанда, “Алмапыс” пен “Қозы Көрпештің” әдепкі сюжеті осыдан 1000-1500 жыл бұрын пайда болған. Бұл ғылымда дәлелденіп, мойындалған ақиқат.

Ал, “Қыз Жібекке” келсек, жағдай басқаша. Ең алдымен айтатын нәрсе – бұл жыр басқа ешбір елде жоқ. Демек, бұл жыр – тек қазақ халқынікі. Олай болса, “Қыз Жібек” жыры қазақ жұртының жеке мемлекет болып, оңаша өмір сүрген шағында пайда болған деп айтуға негіз бар. Басқаша айтқанда, “Қыз Жібек” жыры Қазақ хандығы тұсында қалыптасқан деп айта аламыз …”.

KAZ.GAZETA.KZ. “2010 жылғы бюджет Ұлттық қордың, алтын-валюта резервтерінің сақталуы тұрғысынан егжей-тегжейлі қарастырылуы қажет. Бұл туралы кеше Бурабайда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ республикалық бюджет мәселелері бойынша кеңес өткізген кезде мәлімдеді”, — деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңесте 2010-2012 жылдарға арналған бюджеттің негізгі өлшемдері талқыланды.

Премьер-министр үкіметтің ағымдағы қызметі туралы есеп берді.

2010 жылдың бюджетін қалыптастыру оңай болған жоқ, әлемдік қаржы дағдарысы жалғасуда. Біз әлемдік қаржы дағдарысындағы жағдайдың түбегейлі жақсаруын көріп отырған жоқпыз. Негізгі тауарларға бағаның күрт өсуі және төмендеуі жалғасуда. Сондықтан қаржыны қатаң түрде үнемдеу өте маңызды болып қала бермек”,- деді Елбасы.

Біз бюджетті Ұлттық қордың, алтын-валюта резервтерінің сақталуы тұрғысынан егжей-тегжейлі қарастырамыз. Осыған байланысты мемлекеттің барлық шығындарына түзету енгізуге тиіспіз. Біз тиімділік беретін қажет нәрселерге ғана қаржы салуымыз қажет. Ал басқа қалған мәселелерді, турасын айтқанда, жақсы кездерге дейін кейінге қалдыруға тиіспіз”,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бірінші жартыжылдықта жағдай өзгеруі мүмкін және бірінші жартыжылдықтан кейін де бюджетті қайта қарап, қандай да бір бағдарламаларды қоса аламыз”, — деді ол.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов 2010 жылға арналған бюджеттің көрсеткіштерін ұсынды, жобада мемлекет басшысының азаматтарды әлеуметтік қорғау, \»Жол картасын\» жүзеге асыру, дағдарысқа қарсы шаралар және перспективалы инфрақұрылымдық жобалар бойынша тапсырмалары ескерілген.

Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан ҚАЛЕТАЕВтың пайымдауынша, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге себеп жоқ, бірақ \»Нұр Отан\» сайлауға дайын. Бұл туралы ол бүгін “Нұр Отан” ХДП -да өткен брифингте мәлімдеді” — , деп хабарлайды \»Kazakhstan Today\».

Меніңше, парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге ешбір себеп жоқ, соның ішінде ЕҚЫҰ-ына төрағалық үшін де\», — деді Д. Қалетаев. Осы орайда оның айтуынша, бүгінде “Нұр Отан” елдегі басты қоғамдық-саяси күш ретінде мейлінше кемеліне келіп қуаттанды және өз электоратының қолдауын сезініп отыр\».

“Біз кез-келген сайлауға дайынбыз”, — деді Д. Қалетаев. “Біз осы жылдың басында 2012 жылғы сайлауға алдын ала белсенді дайындала бастадық және біз кез-келген уақытта жеңіске жетеміз дегенге сенімдіміз”, — деді ол.

ZANMEDIA.KZ. Сайт іске қосылмаған.

ZHASALASH.KZ. Сайт көптен бері істемейді.

AYQAP.KZ. Сайт жұмысы көптен бері жаңармаған.

DMK.KZ. Сайт жұмысы жаңармаған.

KAZAKZAMAN.KZ. Сайт істемейді.

ADEBIETAIDYNY.TANYM.KZ. Сайт жұмысы көптен бері жаңармаған.

Аталмыш газеттер бас редакторларының назарына! Қадірменді ағайындар! Қазақ тілінің кеңістігін кеңейту үшін, оқырмандарыңызға құрмет көрсету үшін, көп уақыт ұзамай сайттарды ретке келтіру жөн болады деп санамайсыздар ма?

Дайындаған Талғат ЕСМАҒАНБЕТОВ

***

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.